kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Таулы жер өсімдіктері мен жануарлары.

Нажмите, чтобы узнать подробности

1. Таулы жердің ауа-райы, ондағы өсетін өсімдіктер мен жануарлар туралы мағлұмат беру.

2.Оқушыларды мәтінде берілген мәліметтерді постерге салуға үйрету, танымдылық қабілетін дамыту.

3. Таулы жер өсімдіктері мен жануарларын қорғауға тәрбиелеу.

Spacing>3. Таулы жер өсімдіктері мен жануарларын қорғауға тәрбиелеу. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Таулы жер өсімдіктері мен жануарлары.»

4 сынып

Сабақтың тақырыбы: Таулы жер өсімдіктері мен жануарлары.

Сабақтың мақсаты: 1. Таулы жердің ауа-райы, ондағы өсетін өсімдіктер мен жануарлар туралы мағлұмат беру.

2.Оқушыларды мәтінде берілген мәліметтерді постерге салуға үйрету, танымдылық қабілетін дамыту.

3. Таулы жер өсімдіктері мен жануарларын қорғауға тәрбиелеу.

Әдіс – тәсілдер: ЖИГСО, диалог, синквейн, «Әуедегі шар», «Тұжырымдамалық карта».

Дерек көз: Дүниетану оқулығы, бейнефильм.

Көрнекілігі: Суреттер, карта, жазбабет, т.б.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

1.Ұйымдастыру кезеңі.

а)Оқушыларды түгендеу

ә)Сабаққа назарларын аудару

1. Психологиялық ахуал

Қайырлы күн достарым!

Қайырлы күн құрбым!

Сәрсенбі күнің бүгін

Сәттілікке толсын!

Бүгін алған бағаң

Кілең бестік болсын!

ІІ. Өткен материалдарға шолу жасау.

-Балалар мен сабақты өлеңмен бастағым келіп тұр.

2. Кең дала, көремісің сонау жатқан,

Жібектей жасыл шөппен бетін жапқан.

Асқар тау, айдын шалқар көл мен өзен

Әне, сол анам еді мені тапқан,-деп Сәкен Сейфуллин атамыз айтқандай, Қазақстан-кең,байтақ өлке.  Ол-Еуразияның ең ірі мемлекеттерінің бірі. Жер көлемі жағынан 4-ші орында. Солтүстіктен Оңтүстікке, Батыстан –Шығысқа қарай созылып жатуына байланысты табиғаты да алуан түрлі.

3. (Тақтаға Қазақстан Республикамыздың  табиғат белдеулері бейнеленген карта ілінеді.)

Картадан өтілген (су, шөл дала, шөлейт жерлер, шалғындар, орман-тоғай) жерлерді көрсету

-Енді балалар, картадағы әр алуан түстерге назар аударайықшы. Қазақстан шалғынды жер, шөл және шөлейт жерлер, су қоймалары, орман-тоғай т.б жерлерге бай.

Олай болса, 4. сынау арқылы тексеріп көрейік.

1.Пішен дайындайтын шалғынды не дейміз?

1.Шабындық   2.Жоңышқа    3.Сабан

2.Дала өсімдігін ата.

1.Селеу   2.Жусан.   3.Қарағай.

3.Шөлді жерді мекендейтін жануарларды ата.

1.Қасқыр   2.Арқар   3.Кесіртке.

4.Қандай дақылдан крахмал алынады?

1.Күріш   2.Мақта   3.Сұлы.

5.Қазақстанда қандай су қоймалары бар?

1.Қапшағай   2.Леңгір   3.Бұқтарма.

Ендеше әрбір топ бір-біріне сұрақ қойып, көпір құрастырады.

5. «Көпір» әдісі (үй тапсырмасын тексеру)

Су  қоймаларының  қандай  түрлері  бар (өзен, көл, бөгеттер, қарасулар)

Су  жағалауында  су  ішінде  өсетін  өсімдіктер (қоға, құрақ, қамыс, су аққугүлі, балықот, суқұмық, бақа сукөрігі)

 Тіршілігі  сумен  байланысты  жануарлар  және  жәндіктер (инеліктер, суаршындар, сүңгуір қоңыз,ұлу, шабақ, итшабақ, алабұға, мөңке балықтары, үйрек, қаз, сазқұндыз, кәмшат, құндыз)

Өз өлкеңде қандай су қоймасы бар? (Жайық өзені)




Білім 4 мин Жаңа сабақ

АКТ

6. -Балалар бейнефильмге назар аударайық,

- Бейнефильм не туралы?

Оқушылар бейнефильмді тамашалайды. Мына бейнефильмде тау жерлері, өсімдіктер, жануарлар көрсетілді.

Бүгінгі сабақтың тақырыбы: 7. Таулы жер өсімдіктері мен жануарлары.

-Бүгінгі сабаққа қандай мақсат қоясыңдар?

-Жаңа тақырыпты меңгеру;

- Таулы жер өсімдіктері мен жануарлары туралы көп білім жинақтау;

-Сабаққа белсенді қатысу.

-Дұрыс, олай болса біз таулы жер өсімдіктері мен жануарлары туралы мағлұмат аламыз. Әр оқушының алдында карта тұрады, олар аталған тауларды түсіріп отырады.

Мұғалім түсіндірмесі

-Балалар, картаға назар аударсақ, қызыл түспен боялған қандай жерлер?

-Қою қоңыр түспен боялған таулы жерлер.

8. - Тау дегеніміз не?

- Жер бетінің ерекше биік жерлерін – тау дейді. Олардың биіктігі бірнеше мыңдаған метрге жетеді.
- Қандай тауларды білетін едік?

Биік таулар (2000 метрден биік), орташа таулар (1000-2000 метрге дейін), аласа таулар (1000 метрге дейін) болып бөлінеді.


9. Тау 3 бөліктен тұрады.

Таудың биік шыңы



Тау бөктері (аңғары)





Тау етегі


Биік таулардың басынан қысы-жазы қармен мұз кетпейді. Олар физикалық картада қою қоңыр бояудың түсін береді. Аласа тауларда қар мен мұз жатпайды.

Мәтінді оқушылар оқиды.

Таулы жер табиғаты (климаты) туралы оқиды.

1 топ: Таулы жердің табиғаты.

2 топ: Таулы жер өсімдіктері.

3 топ: Таулы жер жануарлары.

4 топ: Таулы жер өсімдіктері мен жануарларын қорғау.

10. Таулардың суреттері кетеді. Картадан үлкен-үлкен тауларды көрсету.


Тау биіктеген сайын атмосферадағы ауа салқындайды. Тау басында жазда да қар жатады. Жата-жата тығыздалып, мұз боп қатады. Осы мұздан бұлақтар басталып, бір-біріне қосылып,өзенге айналады. Таудың күнгей беттері жылы, құрғақ келеді. Теріскей беттері салқын,дымқыл келеді. Осыған байланысты таулы жер өсімдіктері мен жануарлары алуан түрлі болады.


1. Алтай тауы.-Солтүстік батыста орналасқан. Алтай - Қазақстанның ну орманды жері.

2. Сауыр-Тарбағатай тауы. Сауыр тау жотасы — бұл тау жүйесінің ең биік бөлігі. Оның ең биік нүктесі — Мұзтау шыңы (3816 м).


3.Жоңғар Алатауы- Оңтүстік шығыста Қытаймен Қазақстан шекарасында орналасқан. Ең биік шыңы -Бесбақан шыңы. Пайдалы қазбаларға өте бай. (жанғыш, тақтатас,қоңыр көмір т.б) Мұнда «Достық» темір жолы салынған.


4. Тянь-Шань. Қазақстанның оңтүстігімен солтүстігін алып жатыр. Ең биік нүктесі Хантәңірі (6995 м). Бұл Азия материгіндегі ең ірі таудың бірі. Бұл тау орыс географы П.П.Семенов -Тянь-Шаньскийдің атымен аталған. Ол қар, мұз белдеулерінің айқын көрінуінен “Алатау” деп аталған.

5. Ұлытау - Қарағанды облысының аумағында орналасқан аласа тау. Ең биік жері - Әулие Ақмешіт. Етегінде көктерек, аққайың өсетін орман кездеседі.
Қаратаудың тарихта алатын орны ерекше. XVIII ғасырдың бірінші жартысында жоңғарларға қарсы бірігіп соғысу үшін қазақтың үш жүзінің билері Қаратаудың Ордабасы төбесінде кездесіп, келіссөз жүргізген. Сол жерде билерге арналып ескерткіш қойылды.

12. Таулы жер өсімдіктері туралы оқушылар оқиды.

Тау етегіндегі жазықта жапырақты ормандар бар. Көктерек,қайың,тал, терек сияқты ағаштар, ұшқат, тобылғы, итмұрын сияқты бұталар, арасында шалғындар бар. Жоғары тау беткейлерінде қылқанжапырақты орман өседі. Шырша, қарағай, арасында аздап көктерек те кездеседі. Бұталардан ұшқат пен ырғайды кездестіруге болады.Тау етегінде елді мекендер орналасқан. Бір кездерде жапырақты ағаштар мен бұталар аралас өскен. Қазір егістік, бау-бақша,жүзім шаруашылығы дамыған. Күреңот –балды өсімдік. Алтай өлкесінде омарта шаруашылығы жақсы дамыған. Шалғынды алқаптан не алынатынын біз білеміз.

Таулы жер өсімдіктері: (Тақтада таулы жер өсімдіктерінің суреті тұрады.) Көктерек, қайың, тал, терек, қарағай, ұшқат, ырғай, күреңот, тобылғы, итмұрын, долана, қарақат, жабайы алма, т.б. өседі.

13. Таулы жер жануарлары туралы оқушылар оқиды. (тақтаға ілінеді)

Биік тауда барыс, сілеусін, арқар бар.

-Осындай барыс қандай аң және қандай аймақта өмір сүреді деп ойлайсыңдар?

-Барыс өте епті, жылдам, жыртқыш аң. Ол биік тау құздарын мекендейтін аң. Барыстың саны бүгінде күрт азайып кеткендіктен, қазір қорғауға алынды. Барыстың шапшаңдығы мен ептілігі туралы аңыз, әңгімелер өте көп.

Барыс ұлттық таңба. Алматы қаласының қала таңбасында - барыс, Татарстан республикасының елтаңбасында - қанатты барыс.

-Балалар, Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында Қазақстанды барысты символы ретінде алды?

Арқар-өте ірі аң. Ол ешкіге ұқсас, қуысмүйізділер тұқымдасына жататын ірі аң. Қазақстанның таулы жерлерін мекендейді. Түнде мұзды алқапқа дейін өрмелеп түнейді де, ертеңгісін жайылымға қайта түседі. Сондай-ақ таутеке, марал, ақбөкендер т.б мекендейді. (әр жануарға жеке-жеке сипаттама беру). Республикада арқардың 6 түрі бар:
Алтай арқары,
Қызылқұм арқары,
Қазақстан арқары,
Тянь-Шань арқары,
Қаратау арқары,
Үстірт арқары

Қазақстанда Тянь-Шань, Жетісу (Жоңғар) Алатауы мен Оңтүстік Алтайда құз жартастар арасында мекендейді.

Сілеусін-былайша ұқсастығы онша болмағанымен кәдімгі үй мысығының бір туысы. Сонымен қатар Сілеусіннің мысыққа қарағанда бітімі шомбал сирақты келетіні тағы да бар. Сілеусіннің құлағында қылшықты шашағы, ал екі ұртында сәнді сақалы болады. Сілеусін – сүтқоректілер класы жыртқыштар отрядының мысықтар тұқымдасына жататын жыртқыш аң.

- Таулы жер құстары өте көп. Ұлар, қозықұмай, бүркіт, үкі, жапалақ, құр, шіл, тоқылдақ сияқты құстар тіршілік етеді. Биік тасты құздарда ұлар тіршілік етеді.

Ұлар-ірі, түсі тас реңдес сұрғұлт құс. Ол 5-10-нан топтасып жүреді. Олар қыста тау қуысына топтасып қонақтайды. Олар бірін-бірі жылытып, суықтан қорғайды.

Қозықұмай-ол тік құздарды мекендейтін құс. Қозықұмай еліктің лағы,суыр,арқардың қозықасы т.б. мен қоректенеді. Ол ірі тұяқты жануарларға да шабуыл жасайды. Екпіндеп ұшып, оларды қанатымен қағып, құздан құлатады.

Шаруашылықтары. Бұғы шаруашылығы. Омарта шаруашылығы дамыған.


Сонымен, таулы жердің жануарлар әлемі де – ел дәулеті,табиғат көркі.


Оқушылар берілген тапсырма бойынша постер жасап қорғайды.


Түсіну 8мин

14. Оқулықтың 105-109 бетіндегі мәтінді түсініп оқы. Постер жасап, оны қорғайды.

1 топ: Таулы жердің табиғаты.

2 топ: Таулы жер өсімдіктері.

3 топ: Таулы жер жануарлары.

4 топ: Таулы жер өсімдіктері мен жануарларын қорғау.


Қолдану 7мин

15. «Синквейн» әдісі


- Таулы жер өсімдіктері мен жануарлары тақырыбына бес жолды өлең құрастырып, қорғау.

1 топ: Тау

2 топ: Шырша

3 топ: Барыс

4 топ: Арқар

-Оқушылар топ ішінде Таулы жер өсімдіктері мен жануарлары тақырыбына бес жолды өлеңді құрастырып постерге жазады және қорғайды.


1 топ

2 топ

3 топ

4 топ

Тау

Шырша

Барыс

Арқар

Биік, аласа

Биік, аласа

Сымбатты, күшті, епті

Өте ірі

Ұлғаяды, кішірейді, өзгереді.

Баяу өседі, жаңарады

шапшаң және епті

жайылады

Тау-табиғаттың әдемі, көрікті көрінісі.

Шыршаның ауа тазартатын ерекше қасиеті бар

Барыс-биік тау алқаптарын мекендейді.

Арқар-биік тау жайылымдарын мекендейді.

Тас

Ағаш

Аң

Жануар



16. Сергіту сәті 2 мин

«Артық сөз» ойыны
1. Қарағай, көктерек, қамыс, қайың
2. Арқар, сілеусін, барыс, піл.
3. Тянь-шань, есіл, алтай, көкшетау
4. Биік, таудай бол, өжеттілік

1.Өзің  тұратын  өлкенің  климаты  қандай? (жазы ыстық, қысы салқын, жел )

 2.Өзің  тұратын  өлкеде  қандай  өсімдіктер  тіршілік  етеді? (жусан, адыраспан, жантақ)

 3.Өзің  тұратын  өлкеде  қандай  жануарлар  мекендейді? (тышқан, түлкі, қоян, қарсақ)


Талдау 7 мин

17. «Тұжырымдамалық карта» әдісі

«Таулы жердің болашағы» тұжырымдамалық карта жасау. Болашақта таулы жердің өркендеуін неден көресіңдер?

-Саяхат маршрутын

-демалыс орнын



Жинақтау 10 мин

18. «Әуедегі шар» әдісі Қорытындылау

Таулы жер өсімдіктері мен жануарлары тақырып бойынша шарларға сұрақтар жапсырылған, сұрақтарды кесіп алып жауап беру.

Таулы жердің табиғаты қандай?

Қызыл кітапқа қандай жануарлар енген?

Мүйізінен дәрі жасалатын жануар.

Жер бетінің ерекше биік тұстары қалай аталады?

Қыста азығын табиғаттан іздейтін аң.

Жабайы алма қайда өседі?

Ұзын аяқты жабайы қой. (арқар)


Тест тапсырмалары

19. 1.Тау дегеніміз не?

А)жер бетінің биік бөлігі

Ә)жер бетінің жазық бөлігі

Б)жер бетінің аласа бөлігі

2.Картада таулар қандай түспен белгіленген?

А)сары

Ә)жасыл

Б)қою қоңыр

3.Алатау, Көкшетау, Алтай таулары қайда орналасқан?

А)Ресейде

Ә)Қазақстанда

Б)екеуінде

4.Таудың күн түсетін бөлігі қандай?

А)жылы, құрғақ

Ә)салқын, дымқыл

Б)жауап жоқ

5.Таулы жердің жануары.

А)саршұнақ

Ә)сілеусін

Б)сұр келес

6. Таулы жердің өсімдігі

А)қарағай

Ә)жусан

Б)сарғалдақ

7. Таулы жердің ормандары.

А)тоғайлар, ормандар

Ә)жапырақта орман, қылқан жапырақта орман

Б)ағаштар, бұталар

8.Балды көп беретін өсімдік.

А)күреңот

Ә)алма

Б)таңқурай


20. Бағалау 5 мин








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Таулы жер өсімдіктері мен жануарлары.

Автор: Абдикадирова Айман

Дата: 17.03.2017

Номер свидетельства: 401196

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "Таулы жер ?сімдіктері мен жануарлары "
    ["seo_title"] => string(41) "tauly-zhier-osimdiktieri-mien-zhanuarlary"
    ["file_id"] => string(6) "181734"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1425390618"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "Таулы жер өсімдіктері мен жануарлары"
    ["seo_title"] => string(43) "tauly_zhier_osimdiktieri_mien_zhanuarlary_1"
    ["file_id"] => string(6) "471926"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1527879787"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) "Су ?ойма ?сімдіктері мен жануары "
    ["seo_title"] => string(36) "su-k-oima-osimdiktieri-mien-zhanuary"
    ["file_id"] => string(6) "216516"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1433017179"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "Су?ойма ?сімдіктері"
    ["seo_title"] => string(19) "sukoimaosimdiktieri"
    ["file_id"] => string(6) "265394"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1449933098"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(95) ""Шал?ын ?сімдіктері мен жануарлары" 4 сынып Д?ниетану "
    ["seo_title"] => string(57) "shalg-yn-osimdiktieri-mien-zhanuarlary-4-synyp-duniietanu"
    ["file_id"] => string(6) "166635"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422978513"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства