Оң жақ бағандағы тапсырмаларды құрастырушы мұғалімдердің есіне: | І кезең. Мұғалім алғашқы 5-7 минутта: а) ұйымдастыру сәтін өткізеді; б) өткен тақырып бойынша берілген деңгейлік тапсырмаларды үйде аяқтап орындап келу дәрежесі тексеріледі; в) төмендегі «Көпір» тапсырмаларын тексереді (алдымен жеке тексеріп шығады, сосын фрондалды тексереді). |
«КӨПІР» тапсырмалары (оқушылар үйде орындап, бүгінгі сабаққа дайындалып келеді) | 1. Жаттығудан жуан айтылатын сөзді бір бөлек, жіңішке айтылатын сөздерді бір бөлек, сөздерді буынға бөліп бір бөлек жаз. Бір буынды сөздер | Екі буынды сөздер | Сөздерді тасымалда | ақ,___________________ ________________________ ________________________ ________________________ | әже________________________ ________________________ ________________________ ________________________ | _а-та,ә-же,__ ______________ ________________________ ________________________ ________________________ | ата, атақты, әнші, күйші, серіктері, әже, танытады, үлкендерден, жігіттердің, өнерлі, жанарынан, жұрттың, дүниені. 2. Балалар, үшінші бағандағы сөздерді қалай атауға болады? Ендеше, бүгінгі сабағымыз буынға арналады. |
ІІ кезең (топтық жұмыс) жаңа сабақты топтық жұмыс барысында оқушылардың өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау: а) оқушылар төмендегі «Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тәсілдеріне сәйкес тапсырмаларын өздері толтырады (10 минут); ә) жауаптарын мұғаліммен бірге талдайды (10 минут). Нәтижесі ауызша марапатталады. |
1-қадам: теория бойынша «Білу» үшін тақырып мазмұнынан кім? Не? кімнің? кімге? кімді? кімде? кімнен?кіммен? Қандай? Қай? Қашан? Не істеді? сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктелінуі керек.. | 1. 1 буындық сөздерді айту Ж: ақ,от,жан,қан,сан,қол 2. 2 буындық сөздерді айту Ж: да-ла,қа-ла,қай-шы,са-на 3. Сөздерді тасымалдап бөліп жаз. Балапан,қанағат,шағала,санамақ Ж: ба-ла-пан, қа-на-ғат ша-ға-ла са-на-мақ. |
2-қадам: теорияны «Түсіну» үшін неге? неліктен? себебі? не үшін? Дәлелде, түсіндір сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына қойылады (оларды тереңдету үшін) | Берілген мақалдан жіңішке дауысты дыбысты тауып астын сыз. Сәлем - сөздің анасы Әдептілік белгісі иіліп сәлем бергені |
3-қадам: теорияны «Талдау» үшін 1.Салыстыр, 2. Айырмашылығы неде? 3. Ұқсастығы неде? 4.Тақырыптың басты идеясын жаз деген тапсырмалар болу керек. Немесе 1-3 тапсырмаларды Венн диаграммасы арқылы қамтуға болады. | 1-3). Венн диаграммасы арқылы зат есім мен сын есімді салыстыр. Жуан Ұқсастығы Жіңішке 4). Тақырыптың бастыі идеясы неде? а) Жуан айтылатын сөз өзіне тән ерекшеліг: сөздегі дауысты дыбыстар жуан болса,сөз------айтылады; ә) Жіңішке айтылатын сөз өзіне тән ерекшелігі: сөздегі дауысты дыбыстар жуан болса,сөз------айтылады; б)Жуан және жіңішке айтылатын сөздер Екеуі де __________ |
4-қадам: теорияны «Жинақтау» үшін Қорытынды шығар, анықтама бер, мазмұнды жүйеле, кестені, тірек сызбаны, сөзжұмбақты толтыр немесе өзің құрастыр тағы с.с. басқа түрдегі тапсырмалар оқушының жоғарыдағы «тақырыптың басты идеясына» жазған жауабына қойылады. | Тақырыптың басты идеясына негізделіп құрылған тірек-сызбаны толтыр. |
Оқулықпен жұмыс(5 минут): төмендегі «Қолдану» және оқушының тақырып мазмұнына «Баға беруі» тәсілдеріне сәйкес, яғни рефлексия жасауға, эссе жазуға арналған, практика жүзінде бекіту тапсырмалары орындалады . Нәтижесі ауызша марапатталады. |
5-қадам: практика жүзінде «Қолдану» (оқулықпен жұмыс жүргізу барысында тек қарапайым тапсырмалармен бекіту жүргізіледі. Дайын формулалар арқылы есептер шығару орындалады | Суретпен жұмыс жасаймыз: «Қыс» бейнесіне берілген суретке мәтін құр. Қыс түсті. Жалғастыр: ___________________________________________________________________________________________ |
6-қадам: : практика жүзінде «Баға беру» (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? деген тапсырмалар оқушыға жоғарыда алған білімін (теория бойынша) және біліктілігін (практикасы бойынша) өмірдегі жағдаяттарды шешуге бағытталып қойылады | Сен қалай ойлайсың? Оқ сөзі неліктен бір буын ? Ж: Оқ – _______ дауысты дыбыс болғандықтан. Тана сөзі неліктен екі буын? Ж: ____________ ,____________ Бүгінгі тақырыптың маңыздылығы неде? Ж: Сөзде қанша ____________ дыбыс болса сонша _________________болады. Мысал келтір:__________________________________________________________ |
ІІІ кезең: Деңгейлік тапсырмаларды орындап, балл жинау ІІІ кезең (кері байланыс – бағалау кезеңі): Жеке жұмыс. Жоғарыда меңгерген мазмұнды үш деңгейге іріктеп (әр деңгейдің білімділік, біліктілік, яғни құзыреттілік деңгейін анықтайтын тапсырмалар) оларды біртіндеп орындату арқылы балл жинату барысында оқушының құзіреттілік деңгейін анықтап, әділ бағалау жүзеге асырылады. Бұл тапсырмаларды оқушылар сабақтың соңына дейін қалған 15 минуттың 12 минутында орындайды + 3 минут қортынды жасалады. Қалған тапсырмаларлы үйде аяқтап келеді. Қорытынды балл саны дәстүрлі бағаға айналдырылып, келесі сабақтың басында сынып журналына қойылады, мониторингке тіркеледі. |
| І деңгей (5 балл) |
1-қадам: теория бойынша «Білу» үшін тақырып мазмұнынан кім? Не?кімнің? кімге? кімді? кімде? кімнен?кіммен? Қандай? Қай? Қашан? Не істеді? сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктелінуі керек. | 1-тапсырма. Мақалды оқы Сіз деген ата Біз деген көмек Әдепті бала Ата анасын мақтатар Әдепсіз бала Ата анасын қақсатар 2-тапсырма.Тасымалданбайтын сөзді ата 3-тапсырма.Тасымалданатын сөзді ата 4-тапсырма Жуан айтылатын сөздерден құралған сөздер жолын тап . |
2-қадам: практика жүзінде «Қолдану» (оқулықпен жұмыс. ІІ кезеңнің5-қадамындағы қарапайым тапсырмалар үлгісіндегі тапсырмалар орындалады) | 5-тапсырма. Оқулықтағы 67, 68 жаттығуларды орындап. 67-жаттығу.Сөздерді буынға бөліп оқыңдар.а-па ,ә-же, а- та,кө-ке,ше-ше на-ға-шы,жи-ен Әр сөздегі дауысты дыбысты атаңдар 68-жаттығу.Мақал-мәтелді оқыңдар Ананың сүті- бал, Баланың тілі-бал. Күннің шуағы жылы, Ананың құшағы жылы. Әр сөзде неше дауысты дыбыс ,неше буын барын айтыңдар |
1-аралық нәтиже: Бірінші деңгейде қалыптасқан құзіреттілік (білім, біліктілік) деңгейінің сапалық өлшемі (бірінші аралық өлшемі): – «дұрыс», «толық» деген білім сапасының түрлерімен сипатталады (Ю.К.Бабанский). Оқушының бұл алғашқы қадам нәтижесінің сандық өлшемі – бес балл = «сынақтан өтті» = «қанағаттандырарлық» білім деңгейінің өлшемі = «3» журналға қойылады, егер келесі деңгей тапсырмаларын меңгере алмаса. |
| ІІ деңгей: (5 балл + 4 балл = 9 балл) |
3а-қадам: теорияны «Түсіну» үшін неге? неліктен? себебі? не үшін? Дәлелде, түсіндір сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына қойылады (оларды тереңдету үшін) | 1-тапсырма. Жіңішке дауысты дыбысы бар сөздерді теріп жаз. Жіңішке дауысты деп аталады? Себебі..(..өйткені жіңішке айтылады) 2-тапсырма. а) Өлең жолдарындағы қою шрифпен жазылған сөздерқалай аталады? Апаң сенің базардан Алма сатып әкелді Ең үлкенін жақсысын Сағантаңдап әперді Не деп барып жеу керек? Ж: жуан айтылатын сөздер. б) Неліктен? Ж: себебі бұл сөздерде жуан дауысты дыбыс бар. |
3б-қадам: теорияны «Талдау» үшін 1.Салыстыр, 2. Айырмашылығы неде? 3. Ұқсастығы неде? 4.Тақырыптың басты идеясын жаз деген тапсырмалар болу керек. ІІ кезеңде Венн диаграммасы арқылы орындалған тапсырманы кесте түрінде беріп, баланың білімін тексеруге болады. | 3-тапсырма. 1-3) Кестедегі бос орындарға тиісті сөздерді жазып, жуан жіңішке айтылатын сөздерді салыстыр. | Жуан айтылатын сөздер | Жіңішке айтылатын сөздер | Ұқсастығы | ________________________________________ | ________________________________________ | Ерекшелігі | ________________________________________ | ________________________________________ | 4).Тақырыптың басты идеясы неде? А жуан және жіңішке айтылатын сөздер ұқсастығы: екеуі де буынға бөлінеді ә) Жуан айтылатын сөздер өзіне тән ерекшелігі: онда жуан дауысты дыбыс бар б) жіңішке айтылатын сөздер өзіне тән ерекшелігі: онда жіңішке дауысты дыбыс бар . |
4-қадам: практика жүзінде «Қолдану. ІІ-кезеңдегі қарапайым тапсырмаларының өзгертілген жағдайдағы нұсқалары орындалады. | 4-тапсырма. Дұрыс жауаптарды белгіле 1. тасымалданбайтын сөзді тап А) та-ға Ә) ақ Б) ша-ға-ла Жуан айтылатын сөзді тап? А) Сапалы, қатыстық Ә) әже, терезе Б) Негізгі, туынды 2Жіңішке айтылатын сөзді тап А) қарт ана Ә) Әдемі нәзік Б) ата,әже |
2- аралық нәтиже: Екінші деңгейде қалыптасқан құзіреттілік деңгейдің сапалық өлшемі (екінші аралық өлшемі): – оқушының бірінші деңгейдегі «дұрыстылық» пен «толықтылдық» деп аталатын білім сапасының түрлеріне «тереңділік» пен «әрекеттілік» сияқты түрлері қосылады. Білім, біліктілік сапасының сандық өлшемі – алғашқы жинаған бес баллға + 4 балл = 9 балл = «4» , яғни «жақсы» деген баға журналға қойылады, егер оқушы келесі деңгейді меңгере алмас |
| ІІІ деңгей: (5 балл + 4 балл + 3 балл = 12 балл) |
5-қадам: теорияны «Жинақтау» үшін Қорытынды шығар, анықтама бер, мазмұнды жүйеле, кестені, тірек сызбаны, сөзжұмбақты толтыр немесе өзің құрастыр тағы с.с. басқа түрдегі тапсырмалар оқушының жоғарыдағы «тақырыптың басты идеясына» жазған жауабына қойылады. ІІ-кезең, 4-қадамда «жинақтауға» берілген тапсырма басқа формада беріліп, баланың білім деңгейі бағаланады. | 1-тапсырма. Сөзжұмбақты шеш: Жақсы баға? Қыздардың ойыншығы? Кесіндіні өлшейтін құрал? Ананың туысы саған кім болады? |
6-қадам: : практика жүзінде «Баға беру» (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? деген тапсырмаларды орындату арқылы оқушының жоғарыда алған білімін (теория бойынша) және біліктілігін (практикасы бойынша) өмірдегі жағдаяттарды шешуге қолдана алу дәрежесі бағаланады. | 2-тапсырма. Сен қалай ойлайсың? Жуан және жіңішке айтылатын дауысты дыбысты қалай ажыратуға болады? Ж: Жуан ________, жіңішке ________ білдіреді. 3-тапсырма.Жұп дауыстыларды жаз. |
3-нәтиже: Үшінші деңгейдің нәтижесі (түбегейлі көзделген нәтиже): алғашқы екі деңгейде жинаған 9 баллға + 3 балл =12 балл = «5» журналға қойылады. Оқушының білім сапасы білім стандарты көлемінде «дұрыс», «толық», «әрекеттілік» пен «тереңділік»-ке «жүйелілік» пен «саналылық» қосылып, барлығының жиынтығы «берік» білім болып саналады (Ю.К. Бабанский). |