Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей
Алматы облысы,Қарасай ауданы, «Жамбыл атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Есилбаева Жазира Кенжегалиевна-бастауыш сынып мұғалімі
Ашық сабақтың тақырыбы: Тасымал. Бөдененің құйрығы неге қысқа?
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Оқушылардың оқу-жазу дағдыларын жетілдіру.Тасымал туралы түсініктерін кеңейту мақсатында жаттығулар орындату.
Дамытушылық:Сөйлеу тілдерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.Сөздік қорларын молайту.
Тәрбиелік: Достыққа,адамгершілікке,ұқыптылыққа, тазалыққа, тәртіпті болуға тәрбиелеу.
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:интербелсенді тақта, топтамалар, сюжетті суреттер,қимақағаздар.
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу
Пәнаралық байланыс:дүниетану
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу,назарларын сабаққа аудару.
ІІ.Психологиялық дайындық
Біз қандаймыз,қандаймыз,
Шұғылалы таңдаймыз.
Күлімдеген күндейміз,
Еш уайымды білмейміз.
IIІ.Үй тапсырмасын сұрау:«Ағайынбыз бәріміз» өлеңін мәнерлеп оқыту
ІV. Мақсат қою кезеңі:Біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз- тасымал.Яғни өткен сабақта алған тасымал туралы білімдерімізді кеңейтеміз және «Бөдененің құйрығы неге қысқа?»мәтінімен таныстырамыз.
V.Өткен сабақты пысықтау:
Қызығушылығын ояту.
-Балалар,бүгін бізге Жұмбақ ата қонаққа келіпті. Ол бізге жаңадан жұмбақтар алып келіпті,сол жұмбақтың жауабын шешіп көрейікші:
Асты тас,
Үсті тас,
Ортасында шандыр бас. (Тасбақа)
-Ал осы тасбақа сөзін буынға бөліп қалай тасымалдауға болады?
(Тас-бақа,тасба-қа)
V. Жаңа сабақ:
Ой қозғау
Бөдененің суретін көрсетіп,ой тастаймыз.Бөдене туралы қысқаша айтып өту.
Бөдене-кішкентай ғана құс.Оның салмағы небәрі 80-150 грамды құрайды.Ол-жыл құсы. Яғни, қыс түсісімен жылы жаққа ұшып кетеді.Бөдене балапандағанда бірден 15-20 жұмыртқаны басып шығарады. Жұмыртқасының түсі шұбар болады.
Оқулықпен жұмыс
98-жаттығу
1.Мәтінді түсіндіре отырып,мәнерлеп оқу
2.Оқушыларға кезектесіп оқыту.
Миға шабуыл стратегиясы.
1.Әңгіме не жайында?
2.Биік таудан бөдене қалай асты?
3. Бөдене қандай құс?
4. Ең, ал, аса сөздері тасымалдауға бола ма?
Сергіту сәті
Қане,қанат жазайық,
Қарлығаш боп ұшайық.
Ұшып-ұшып алайық,
Қане, қайта қонайық
Сөздік жұмыс
Дәптермен жұмыс
Ызаланған-қатты ашуланған
Зымырап-зулап,өте шапшаң.
Ереже:
Бір буынды және алғашқы буыны бір дыбыстан тұратын екі буынды сөздерді тасымалдауға болмайды: ер,көл, шаш,ө-зен,е-мен.
99-жаттығу
Сәйкестендіру тесті
1.Тасымалданатын сөздер (қалам,дәптер,кітап, сөмке)
2.Тасымалданбайтын сөздер.(Әже ақын,жент,сүт,іні,ауа)
Оқулықтан тыс тапсырма:
Өлеңді оқып, тасымалданбайтын сөздердің астын сызу
Су ағады қар еріп,
Қуалап сай,жыраны.
Көгереді тал,өрік,
Жұпар шашып тұрады.
VII.Сабақты қорыту
-Бүгінгі сабақ ұнады ма?
-Бөдене қандай құ екен?
-Қандай сөздерді тасымалдауға болмайды?
-Қандай сөздерді тасымалдауға болады?
Рефлексия
«Ынтымақ ағашына» өздерінің сабақтан алған әсерлерін жазып жапсырады.
VIII.Үйге тапсырма, мадақтау,бағалау:
А) Мәтінді оқып,түсінік айту.
Ә) 100-жаттығуды жазу.
* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт