kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Табиғат құбылыстары

Нажмите, чтобы узнать подробности

оқушылардың табиат құбылыстары туралы түсініктерін қалыптастыру

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Табиғат құбылыстары»

Тақырыбы: Табиғат құбылыстары

Мектеп: 14

Күні: 12.10

Мұғалімнің аты-жөні: Молдабаева А.С.

Сынып: 3 «А»

Қатысқандар саны:15

Қатыспағандар саны:-

Сабаққа негізделген оқу мақсаты

(мақсаттары)

Оқушылардың табиғат құбылыстары туралы түсініктерін қалыптастыру.

Сабақ мақсаттары


Бағалау критерийлері







Алдыңғы оқу

Барлық оқушылар:

Табиғат құбылыстарын ажырата алады.

Оқушылардың басым бөлігі:

Табиғатта болатын құбылыстар туралы әңгімелеп бере алады

Кейбір оқушылар:

Табиғатта болатын құбылыстарды зерттей алады


Табиғат құбылыстарын сипаттауды біледі.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар



Ұйымдастыру кезеңі:

1-3 минут

Табиғат — біздің анамыз,

Табиғатқа баламыз.

Табиғатты қорғайтын,

Біз әдепті баламыз.

Жер байлығы көп екен,

Меңгеруді қалайды.

Осының бәрін меңгертер,

Дүниетану сабағы.

Таратылған қағаздардың түсіне қарай оқушыларды 4 топқа бөлу.
1 - топ - жасыл түс –

«Көктем»
2 - топ - қызыл түс - «Жаз»
3 - топ - сары түс - «Күз»
4 - топ - көк түс - «Қыс»

Оқушылар шеңберге жиналып өлең жолдарын қайталайды







Өздері таңдаған түс сәйкес келетін топқа отырады



Үй тапсырмасын сұрау кезеңі

7-10 минут

- Ал балалар, қазір қай жыл мезгілі? (Күз)
- Күз айларын атап беріңдер.(қыркүйек, қазан, қараша)
- Бүгін қай күн? (Бейсенбі)
- Дұрыс жарайсыңдар! Балалар күз мезгілінде болып жатқан өзгерістерді байқап жүрген шығарсыңдар.

– Иә, дұрыс, күн суытып, жапырақтар сарғайды. Біздің сыныпқа хат келіпті, ал оның ішінде не бар екен? Бұл жапырақтар екен ғой! Қандай керемет! Балалар жапырақтарда тест сұрақтар жазылыпты. Осы тапсырманы ойланып, дұрыс жауап берулеріңді сұраймын - деп тапсырма орындауға екі минут уақыт беріледі, содан кейін оқып шығады да, оқушылардың жұмыстарын жиып алу.

1.Термометрдің ішінде қандай сұйықтық бар?

а\ қорғасын в\ су

б\ сынап г\ құм

2. Табиғатты құрайтын үш негізгіні ата.

а\ жер, су, ауа в\ су, тамақ, адам

б\ өсімдік, адам, жануар г\ жер, ауа, жарық

3. Табиғат неше бөлікке бөлінеді?

а\ 3 в\ 4

б\ 2 г\ 5

4.Өлі табиғатқа нелер жатады?

а\ жаңбыр, қар в\ торғай, қарға

б\ ай, жұлдыз г\ топырақ, құм

5. Тірі табиғатқа нелер жатады?

а\ адам, өсімдік, жануар в\ тас, тау

б\ бұлт, жаңбыр г\ күн, түн

5.Тірек, сүйек, қорғаныс – бұл...

а/ қаңқа ә/бұлшық ет б/ жүрек

6.Саңылаулар, тер мен май, сипап сезу – бұл...

а/ қаңқа ә/ сүйек б/ тері

7.Жүрек, күретамыр, артерия – бұл...

а/ тірек-қимыл жүйесі ә/ қанайналым жүйесі б/ жүйке жүйесі


Сұрақтарға оқушылар жауап береді.

Тест жауаптарын белгілейді.

Жаңа сабақ

20 минут

Табиғат құбылыстарын еске түсіру.
- Жаңбыр, бұршақ, қар, боран, күннің күркірі, найзағайдың ойнауы, шық, қырау, бұлт, тұман, жыл мезгілдерінің ауысуы, көктің шығуы, жапырақтың сарғаюы, мұздың қатуы, мұздың еруі, жаңбырдың жаууы, күннің жылуы, т. б.
- Балалар, осы табиғат құбылыстарын өз мезгілдерімен сәйкестендіріңдер.
- Бүгінгі сабақ не туралы деп ойлайсыңдар?
- Табиғат құбылыстары.
4. Жаңа материалды оқу.

1. Оқулықтағы мәтінмен жұмыс
2. Топтық жұмыс.
Әр топ мүшелері өз мезгілдеріне сәйкес табиғат құбылыстарының тізімін топтастырады. Топ мүшелері басқа топ мүшелерінің мәліметтерін тыңдайды және өз пікірлері мен қосар ойларын ортаға салады.
3. «Ойлан, тап!» ойыны.
Әр топ жеке - жеке өздері бақылаған табиғат құбылыстарының бірін суреттейді.
Келесі топтың міндеті - сол құбылысты табу.
4. Өзекті сұрақ: Табиғат құбылыстары адам өміріне қандай қауіп төндіреді?
/Талқылау/
5. Суреттермен жұмыс.
Жер сілкінісі, сел, дауыл, қар көшкіні берілген суреттерді 4 топқа таратып беру.
Әр топ берілген сурет бойынша өзара ойларын ортаға салады.
- Бұл табиғат құбылыстары қалай аталады? Олар неге қауіпті? Олардың зардабы мен нәтижесі қандай болады? Табиғат апаты кезінде өзіңді қалай ұстайсың?
«Көктем» тобы селдің жүруі туралы айтады.
«Жаз» тобы дауылдың соғуы туралы айтады.
«Күз» тобы жер сілкінісі туралы айтады.
«Қыс» тобы қар көшкіні туралы айтады.

Дауыл – ең көп тараған табиғат апаттарының бірі. Әсіресе, бұл жел, мұзда, теңізде, тауда өте қауіпті. Кез келген қатты жел қыста/боранмен/ дауылмен, жазда шаңды, құмды дауылымен байқалады.

Егер ашық жерде жел қатты тұрса, тез арада тығылу қажет.

Жер сілкінужер сілкінісі (араб тілден ескірген сөз зілзала араб.: زلزال‎, ағылш. earthquake) — жер асты дүмпуі күштерінің әсерінен Жердің беткі қыртысының тербелуі.

Жер сілкінісін сейсмология ғылымы зерттейді. Оның туындауына және дамуына байланысты құбылыстарды сейсмикалық құбылыстар деп атайды.

Сел – тау өзеннің өз арналарынан кенеттен көтеріліп, деңгейінің күрт өзгеруі және тау жыныстары бұзылуынан болатын қуатты ағын.
Сел ұзақ нөсердің салдарынан, мұз бен қардың жылдам еруінен, моренді, мұзды қзендердің бұзылуынан, жер сілкінісінен, адамның шаруашылық қызметі нәтижесінен пайда болады. Тасқындардың басқа түріне қарағанда сел әдеттегідей үздіксіз емес, жекелеген толқындар мен 10 м/с және одан көп жылдамдықпен қозғалады.

Қар көшкіні – тау бөліктерінен қалың қардың опырылып құлауы. Қазақстанда қар көшкіні – Шығыс Тянь-Шань, Алтай, Іле және Жоңғар Алатауы үстінде қардың көп жаууына және геоморфологиялық топырақ-ботаникалық жағдайымен байланысты. Қар көшкіні наурыз, сәуір айларында жиілейді және тауда қар көп жауғаннан пайда болады. 50% -дан жоғары қар көшкіні халыққа және шаруашылық объектілеріне қауіп-қатерін тигізеді. Қар көшкінінің қимылы 1 шаршы метр жерден бірнеше жүз тоннаға дейін жетеді.

Дәптермен жұмыс.

Сабақты бекіту

7 минут

1. Оқулықтағы сұрақтарға жауап беру.
2. Әр топ өз мезгілін бейнелеп сурет салу.


Үйге тапсырма

5 минут

Өзі қалаған мезгілді қатыстырып 1 шумақ өлең құрастыру.

Рефлексия


«Алма ағашы» әдісі қолданылады.

Оқушыларға екі түсті “алма” беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл – күйім көтеріңкі. Қызыл түсті алма – мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл – күйім жоқ.


Оқушылар өздері таңдаған алманы алма ағашына іледі




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Табиғат құбылыстары

Автор: Молдабаева Айнура Сапарбековна

Дата: 20.02.2018

Номер свидетельства: 458544

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) "Та?ырып: Таби?ат ??былыстары "
    ["seo_title"] => string(31) "tak-yryp-tabig-at-k-u-bylystary"
    ["file_id"] => string(6) "127593"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1415346218"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "Таби?ат ??былыстары "
    ["seo_title"] => string(22) "tabig-at-k-u-bylystary"
    ["file_id"] => string(6) "207028"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1430321735"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) "Ашық сабақ "Табиғат құбылыстары ""
    ["seo_title"] => string(34) "ashyk_sabak_tabig_at_k_u_bylystary"
    ["file_id"] => string(6) "460988"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1520402714"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(86) ""Табиғат құбылыстары" тақырыбындағы ашық сабақ"
    ["seo_title"] => string(50) "tabig_at_k_u_bylystary_tak_yrybyndag_y_ashyk_sabak"
    ["file_id"] => string(6) "401518"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1489925649"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) "Таби?ат ??былыстары. Фонетикалы? талдау"
    ["seo_title"] => string(42) "tabig-at-k-u-bylystary-fonietikalyk-taldau"
    ["file_id"] => string(6) "339291"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1471173403"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства