Басы | Ұйымдастыру кезеңі Сәлемдесу. Психологиялық ахуал қалыптастыру. Ұшақ түстеріне байланысты топқа бөлінеді. 1-топ. «Қарлығаш» 2-топ. «Көкек» 3-топ. «Тоқылдақ» Алдыңғы білімді тексеру Тест 1.Септік жалғаулары... А) заттың көптігін білдіру үшін Ә)сөздерді бір-бірімен байланыстыру үшін керек Б) заттың біреуге тән екенін білдіреді 2. Мына сөз қай септікте тұр? Оқушыдан А) атау септік Ә) ілік септік Б) шығыс септік 3. Септік жалғауларын атаңдар: А) - лар, - лер, - дар, - дер, -тар, - тер Ә) -ым, - ім, -ың - ің, - ыңыз, - іңіз, ы, і. Б) -ның, - нің, - дың, - дің, -тың, - тің,- ға, - ге, - ды, - ді 4. Мына сөз қай септікте тұр: Гүлге А) ілік септік Ә) шығыс септік Б) барыс септік 5. Сөйлемді дұрыс толықтырыңдар: Сара ... жинады. А) оқушыға Ә) төсекті Б) құсты | Психологиялық ахуалға берілген тақпақтарды дауыстап айтып, тілді жаттықтыружәне жаңа сабаққа назар аудару. Берілген сұраққа жауап беріп, тапсырмаларды талапқа сай орындайды тапсырмаларын орындау | ҚБ: «3 Ж» әдісі арқылы бағалау (жарайсың,жақсы, жаман емес) | Психологиялық ахуал. Алдыңғы білімді еске түсірутапсырмалары Learning.apps.. |
Ортасы | Жаңа сабақ. Кесте арқылы тәуелдеулі зат есімнің септелуімен танысады Тәуелдеулі зат есімдердің септелуінде ерекшеліктер болады I. II жақ тәуелдеулі зат есімдерге барыс септікте – а, - е жалғаулары жалғанады. III жақ тәуелдеулі зат есімдер септелгенде төмендегі септіктерге мынадай жалғаулары жалғанады: Б.с. –на, -не, мыс: досына, дәптеріне, Т.с. –н досын, дәптерін, Ж.с. –нда, -нде мыс: досында, дәптерінде. Мыс: әжеме, әжеңе, әжесіне. 1 - тапсырма Топтық жұмыс І топ «Қарлығаш» | ІІ топ «Тоқылдақ» | ІІІ топ «Көкек» | «Ақындар» | «Талдаушылар» | « Жазушылар» | І топ: . Тәуелдеулі зат есімдерді тауып, қай жақта тұрғанын айт. Тәуелдік жалғауларын ата. Бесігім ,(1 ж, а.с. ) төсіңде, (2 жақ. Ж.с.) есімің (2 ж. а.с.), есімде, (1ж. а.с.), далаң (2 ж, а.с.), тауларың (2-ж. а.с.), ІІ топ: Қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талда. Олардың қай септікте тұрғанын айт. Не байқадың? Оқушылар мұражайға(б.с.) барды. Оқушылар Жамбыл мұражайына(б.с.3-ж.) барды. Жұмыртқаны (т.с.) тоңазытқышта сақтайды. Көкек жұмыртқасын (т.с. 3-ж.) кез келген торғайдың ұясына тастап кетеді. Көшеде (ж.с.) машина көп. Әсия Төле би көшесінде (3-ж. ж.с.) тұрады. ІІІ топ: Берілген сөздерді барыс септігіне қойып жаз. Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құра. Дәптеріме, ініме, әжеме, қызыма, атама, досыма. 2-тапсырма Жұптық жұмыс «Ойлан » -
Әріптерден «Б» әріпінен басталып, «н» әрпімен аяқталатын құстың атын тауып оқы.Тапқан құстың атын т.бір күйінде және тәуелдік жалғау жалғап, септе. -
Берілген сөздер мен қосымшаларды пайдаланып, зат есімді тіркес жасап, сөйлем құра -
Деңгейлік: Төмендегі сөздерді пайдаланып,өтірік өлеңді қалпына келтіріп жаз. Жарып өтіп түнекті, Жеттім Айдың қасына Түнгі аяздан күн өтті, Тымақ киген басыма. Керекті сөздер: аяз, түнек, Ай бас. Сергіту сәті: « НЕЙРОЖАТТЫҒУ » | Жаңа сабақты меңгеруге арналған ережелерге назар аударады Берілген тапсырмаларды орындайды Тапсырманы жұптасып орындайды | ФБ: І топ: Тәуелді зат есімдерді табады – 1 балл ІІ топ: Қарамен жазылған сөздердің қай септікте тұрғанын жазады – 1 балл ІІІ топ: Тәуелдеулі зат есімді сөздерді қатыстырып сөйлем құрау – 2 балл ҚБ: « Желпуіш » әдісі | Оқылым, жазылым тапсырмалары. |