- Судың еріткіш қасиетін тәжірибелер арқылы түсіндіру;
- Табиғаттағы су айналымы, судың қандай күйде болатынын тәжірибелік жұмыс барысында бақылау,талдау, салыстыру және оларға қорытынды шығара білуге үйрету.
Сабақтың түрі: Сарамандық сабақ.
Сабақтың әдісі: Ой қозғау, сарамандық жұмыс, салыстыру, талдау, миға
шабуыл.
Сабақтың көрнекілігі: кестелер, тәжірибе жасау үшін (стақан, құм, саз, т.б.)
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, бейнелеу өнері.
Күтілетін нәтиже:
* Судың қасиеті, оның пайдасы.
* Өзен, көл суларын қажеттілікке жарату, оларды қорғау.
* Бақылайды, тәжірибе жасайды, ойлауға белсенділіктері артады.
Оқушыларды 3 топқа бөлу, әр топ өзін таныстырады. Сабақ жарыс түрінде өтіледі. Оқушылар әр дұрыс жауабы үшін фигуралар жинайды. Сол арқылы жеңімпаз анықталады.
І. Қызығушылыққты ояту.
А) “Ширату кезеңі”.“Сен білесің бе?”
1. Жер шарында ең көп тараған сұйық зат.
2. “Су-тіршілік көзі” дегенді қалай түсінесің?
3. Судың қандай пайдасы бар?
4. Табиғатта су қандай күйде кездеседі?
5. Судың қандай қасиеттерін білесің?
Тәжірибе арқылы оқушылар бақылау, талдау жасайды.Талдау арқылы қорытынды шығарып береді.
Ә) Тәжірибе арқылы оқушылар бақылап, талдау арқылы қорытынды шығарып береді.
1-тәжірибе: Судың пішіні болмайды.
2-тәжірибе: Судың түсі болмайды.
3-тәжірибе: Су – мөлдір.
4-тәжірибе: Судың дәмі болмайды.
5-тәжірибе: Судың иісі болмайды.
6- тәжірибе: Су ағады.
Осы қорытындыны сызбаға түсіріп, дәптерлеріне жазу.
мөлдір
ағады
Су иісі жоқ
дәмі жоқ
түсі жоқ
Сергіту жаттығуы:
Қане, орнымыздан тұрамыз,
Алақанды соғамыз.
Ашамыз да жұмамыз,
Жұмамыз да ашамыз,
Күн көзіне тосамыз.
ІІ. Мағынаны тану.
Табиғатта ешбір қосылысы жоқ таза су кездеспейді. Өмірде сонымен жиі кездесеміз. Шай ішсек қант саламыз, тамаққа салынған тұз су көмегімен ериді.
1. Оқушылар алдымен оқулықтағы мәтінді оқып шығады.
2. Оқулықтағы берілген тәжірибелерді жасау.
1 топ: қант, сода, құм.
2 топ: тұз, кофе, саз.
3 топ: шай, бұрыш, тас.
3. Тәжірибенің қорытындысын шығару.
1 тәжірибе: Судың еріткіш екендігін көрсетеді.
Қант пен тұз - ерігіш заттар.
2 тәжірибе: Құм, саз ерімеді.
Табиғатта суда еритін және ерімейтін заттар бар екенін байқадық.
Логикалық тапсырма.
Жүк артқан екі түйе жолға шықты. Біреуіне тұз, екіншісіне мақта артылған болатын.
Алдарында өзен ағып жатты. Тұз артқан түйе өзеннен жеңіл өттіде, судан әрең өтіп келе
жатқан екінші түйеге қулана қарады. Неге? Қандай жағдай болды?
Жақсы ериді
Нашар ериді
Ерімейді
ІІІ. Толғаныс бөлімі. Кесте толтырып, пысықтау
Сабақты қорытындылау, бағалау.
1 топ: Судың адам өміріндегі маңызы?
2 топ: Судың жануарға пайдасы?
3 топ: судың өсімдіктерге пайдасы?
Әр топ өз ойн ортаға салып, қағазға сурет салу арқылы түсіреді. Және оны бір оқушы шығып дәлелдейді, қалған оқушылар қостайды.
Қазақ халқы суды қорғап, қадір тұтумен қатар, оны жалпы халыққа, жануарлар дүниесіне, өсімдік әлеміне тіршілік беруші күш деп атаған.
*Судай таза бол.
*Мінезің судай жұмсақ болсын.
*Дауысың судың сылдырындай әдемі болсын.
Оқушылар өздері дайындап келген мақалдарын ортаға салып талданады.