Су және судың қасиеті, судың адам үшін маңызы, табиғаттағы маңызы, суды қорғау жолдары.
Дамытушылық мақсаты:
Топпен жұмыс істеу, дағдысын қалыптастыру, сөздік қорын дамыта отырып, айналаны ластаудан қорғау, қызушылығын арттыру, шығармашылыққа баулу.
Тәрбиелік мақсаты:
Табиғатты аялап, табиғи ортаның біртұтастығын түсіндіре отырып, табиғатты сүюге, суды қорғауға баулу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі : репродуктивтік, иллюстративтік, түсіндірмелі.
Сабақтың түрі: интерактивті, ақпаратты, коммуникативті технология
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы, Арал, Балқаш туралы фильм, Қарғалы өзені, Қарғалы табиғаты, слайд, тірек сызбалар
Пәнаралық байланысы: ана тілі, математика,
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық.
Сендер, балалар біздің еліміздің болашағысыңдар.
«Қазақстанның болашағы – білімді ұрпақта» деген Елбасымыз.
Тәуелсіздік алғанымызға қанша жыл?
1 желтоқсан қандай күн?
2012 жылғы жетістіктеріміз?
Сондықтан сапалы білім алуға сендерге көп жағдай жасалған. Бүгінгі сабағымыз осыған дәлел, өйткені сендерге интерактивті тақтамен жұмыс істейсіңдер. Бұдан 10 жыл бұрын мұндай тақталар аз болған. Ендігі 10 жылдықта бұдан да жақсы болатынына сенеміз. Елбасы сендерге сенім артады.
Күннен жылу алайық,
Бір – бірімізге жылулықты сыйлайық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Күн жылуы өзен, көлге қалай әсер етеді?
Өзен дегеніміз не?
Көл дегеніміз не? (слайд)
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау
Қазақстанның физикалық картасынан ірі-ірі өзендерін, көлдерін тап. (слайд)
Жайық, Ертіс, Есіл, Тобыл, Сырдария, Іле, Нұра, Сарысу, Торғай.
ІV. Мақсат қою кезеңі.
Су туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер? (слайд)
V. Жаңа білімді меңгерту.
Суды қорғау (слайд)
Су –тіршілік көзі.
Кітаппен жұмыс
Оқушылардың түсініктерін сұрау
Сұрақтар (слайд)
Табиғаттағы судың ластануы
Суға қандай зиянды қалдықтар түседі?
«Арал қасіреті» дегенді қалай түсінесің?
Фильм көрсету
Арал, Балқаш экологиясы
(Флипчард пайдалану)
Арал, Балқаш көлдерінің тартылу себебі
Жаңбырдың сирек жаууы
Ірі құрлыстар салынды
Бөгеттер жасалды
Шамадан тыс қолданды
Көрші мемлекеттен судың аз келуі
VІ. Сергіту
Жер де судан тұрады.
Көк те судан тұрады.
Дене де судан тұрады.
Теңіз де судан тұрады.
Су тіршіліктің бұлағы
Дәптермен жұмыс (слайд)
І -топ ІІ-топ ІІІ-топ
Судың маңызы Су туралы тыйым сөздер жазу Мен Отанымның көркеюіне қосар
үлесім
VІІ. Таулы жер бұлақсыз болмас, сулы жер құрақсыз болмас. (слайд)