Как тратить минимум сил на подготовку и
проведение уроков?
Как быстро и объективно проверять
знания учащихся?
Как сделать изучение нового материала
максимально понятным?
Как избавить себя от подбора заданий и
их проверки после уроков?
Как наладить дисциплину на своих
уроках?
Как получить возможность работать
творчески?
Просмотр содержимого документа
«Суды ?ор?ау »
Ақтөбе облысы Шалқар қаласы
Ә. Жангелдин атындағы орта мектебі
бастауыш сынып мұғалімі
Қанғазы Мәншүк Қанғазықызы
Пәні: дүниетану Тақырыбы: Суды қорғау Мақсаты:
а)судың адам өміріндегі маңызын айту, оны қорғау туралы білімдерін қалыптастыру. ә)дүниетанымын, ой-өрісін, пәнге деген қызығушылығын дамыту.
б) табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: дамытушылық Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ – жауап, өзіндік жұмыс Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық
Армысың, шапағатты күніміз,
Армысың, мейірімді жеріміз.
Армысың, табиғат анамыз,
Келді сізге өзіңіздің балаңыз.
- Су дегеніміз не?
- Судың ерекшелігі неде?
- Судың қандай қасиеттері бар? ІІ.Үй тапсырмасын тексеру Жұмбақтар шешу. 1) Жылт-жылт еткен, 2) Шешесі - суда, Жылғадан өткен. (су) Әкесі - суық Көктемде өлер, Күз күні туып. (мұз) Жаңа сабақ Мұғалімнің түсіндірмесі: Жер бетінің 2/3 астамын су алып жатыр. Бірақ оның 98% пайдалануға жарамайтын теңіз бен мұхиттың тұзды суы. Тұщы судың үлесі 2% ғана. Оның өзінің басым көпшілігі жоғары ендіктер мен биік тау басындағы мұздықтарға шоғырланған. Сондықтан 0,01%-ын ғана пайдалана алады. Оқулықпен жұмыс Мәтінді тізбектеп оқу.
-Жер бетінде судың маңызы қандай?
- Қазақстан өзен, көлдерін ата.
- Өзіміз тұратын жерде қандай су қоймасы бар? - Астана қаласы қай өзеннің жағасында салынған? - Судың неше күйі бар?
- Қандай қасиеттері бар?
Дәптермен жұмыс 1- қатарға: «Суды қорғау» 2-қатарға: «Лас су қайдан пайда болады?» 3-қатарға: «Ластанған судың зияны» Бекіту: Мақал жалғастыру Мақсаты: түсіп қалған сөзді тауып айту. * Таулы жер бұлақсыз болмас, ... жер құрақсыз болмас. (сулы) * Сөздің басы – құлақ, ... басы – бұлақ. (судың) * Азған елде намыс жоқ, ... жерде қамыс жоқ.(сусыз)
Ой жалғау: «Жер бетінде су жойылып кетсе, онда ... » ойды аяқтау. Үйге тапсырма: мазмұндау 35-36 бет; су туралы мақал жинақтау.