Просмотр содержимого документа
«Су және оның қасиеті»
Тексерілді: Күні: _________ Пәні: Дүниетану
ШҚО Абай ауданы Кеңгірбай би ауылы
«Шәкерім атындағы орта мектебі» КММ
Тәлімгер: ІІ деңгей сертификатталушы мұғалім: Абылхаева М.А.
Тәлім алушы: Кемерханова Р
Сабақтың тақырыбы: Су және судың қасиеті.
Мақсаты: Оқушыларға су туралы оқыту
Міндеттері:
Балаларға су туралы түсінік беру және судың қажеттілігін, оның адамның, құстың, жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігіндегі маңызы туралы түсіндіру.
Судың табиғатта баға жетпес сый екенін айту, түсініктерін қалыптастырып дамыту.
Суды үнемдеп пайдалануға және судың барлық ерекшеліктері туралы сипаттау.
Қазіргі кезде адамзат ауасын жұтып, суын ішіп отырған табиғат-ананы қорғап,аялауға үйрету. Суды ластамауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ
Сабақтың әдісі: Блум таксономиясы кезеңдері
Қолданылатын жаңа әдіс-тәсілдер: Блум таксономиясы, Блум таксономиясы бойынша танымдық деңгейлерін бағалау, миға шабуыл, АКТ, топтық, жұптық жұмыс, жекелеме жұмыстар.
Қолданылатын көрнекіліктер мен ресурстар: Бейнематериал, плакат беті, пламастер, бағалау парақтары, суреттер, зертханалық ыдыстар, сүт, су, құм, тұз, қасық, музыка
Бағалау: Блум таксономиясы бойынша танымдық деңгейлерін бағалау, топтық бағалау, өзін-өзі бағалау, бағдаршам арқылы бағалау
Күтілетін нәтиже: Оқушылар су, судың қасиеті, судың маңызы, оны қорғау туралы біледі.
Р/с
Кезеңі
Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті
Уақыты
Бағалау
Сергіту сәті
Ұйымдастыру
Сыныпты түгендеу
Топқа бөлу
«Құм» мен «тұз» суреті бағалауға
2мин
1
Білу
Миға шабуыл
Сұрақтар:
Бұл кімнің өлеңі?
Өлеңнің аты қандай?
Өлеңде не туралы айтылды?
Ненің дыбысын естідіңдер?
Су туралы не білесіңдер?
Қайталаймыз
Су –вода- water
Ы.Алтынсарин
«Өзен»
Таулардан өзен ағар сарқыраған, Айнадай сәуле беріп жарқыраған. Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта, Аралап тау мен тасты арқыраған. Көңілің суын ішсең ашылады, Денеңде бар дертіңді қашырады.
3 мин
Блум таксономиясы бойынша критериалды бағалау
2 ұпай
Өзін-өзі баалау
2
Түсіну
Спикер- ұйымдастырушы
Таймер- уақытты белгілеуші
Мәтінмен жұптық жұмыс
41-42бет- 1 жұп
43-44 бет 2-жұп
Бейнекөрсетілім «Ол кім? Бұл не?» жартысына дейін.
Сұрақтар:
Су туралы қандай ой жинақтадыңыздар?
Ендеше, оқушылар, мен әр топқа мәтіннен және бейнекөрсетілімнен алған білімдеріне тапсырмалар дайындалды. Әр топ постермен жұмыс жасаңыздар.
Таймер, спикер, уақыт, бағалау
«Күн мен жаңбыр» сергіту сәті
Мәтінмен жұмыс жасайды.
Бейнекөрсетілім көреді.
Постер құру,
қорғау, бағалау
3 мин
2 мин
5 мин
5 мин
5 мин
Блум таксономиясы бойынша критериалды бағалау
4 ұпай
Топтық бағалау
3
Қолдану
Зертханалық жұмыс
І топ:
1-2- тәжірибе 41 бет Судың мөлдірлігін, түсін дәлелде
Жарайсыңдар балалар, ал енді «Күн мен жаңбыр» деген ойынды ойнайық. Ойын шарты: Мен сендерге күн дегенде сендер жүгіресіңдер, серуендейсіңдер, ал жаңбыр дегенде қолшатырдың астына тығыласыңдар жақсы ма?
Балалар «Күн мен жаңбыр» ойынды ойнайды.
Сергіту сәті:
Сылдырлайды мөлдір су,
Мөлдір суға қолыңды жу.
Жуынсаң сен әрдайым,
Таза бетің, маңдайың.
Тазалықтың досы,
Су дегенің осы.
1. Психологиялық дайындық
Күндей күлімдеп,
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай мөлдір, таза көңілмен
Біз сабақты бастаймыз!
. Сабақты қорыту.
Судың адам өмірі үшін бағасы өлшеусіз
Сусыз тамақ піспейді, тазалық та болмайды
Су жолымен адамдар қатынайды, қайық, кеме жүзеді, жүк тасиды
Судың күшінен электр қуатын да алады
Су арқылы үйді жылытады
Өндіріс орындары сусыз жұмыс істей алмайды
Судың өсімдік және жан-жануарларға да пайдасы мол
Судың адам денсаулығына пайдасы
Қорыта келгенде, табиғат-ана бізді аялап, қастерлеп, еш планетада жоқ суды бізге сыйлаған. Ата-бабамыздан қалған табиғи мұралардың ең бастысы су көзі болып табылатынын біле білген жөн. Қазақ халқы «судың да сұрауы бар деген». Сусыз тіршілік көзінің жойылатыны айдан анық. Құрметті оқушылар, суды аялап, оны қастерлеп күту керек екенін естен шығармаңыздар!