Просмотр содержимого документа
«Су. Суды? ?асиеті. »
Тақырыбы: Су. Судың қасиеті.
Мақсаты: Судың қасиетін білу.
Міндеттері: 1. Оқушылар судың қасиетін бөліп көрсетеді және
тізіп айтады.
2.Оқушылар судың жағдайын дәлелдейді (сұйық,қатты,газ тәріздес) және мысал келтіреді.
1. Оқушылар топқа бөлініп судың қасиеті туралы білімдерін
көрсетеді.
Сабақтың барысы
1.Психологиялық икем.
2.Бақылау күнделігіндегі жұмыс.
3.Үй тапсырмасын тексеру.
Тапсырма. Әр топ өз жұмыстарын талқылайды
және көрсетуге дайындалады.
Дөңгелекті тартқан кезде қолданылатын ауаның қасиеті
туралы айту және резеңкелі доп неге соншама көп секіреді?
Неге қыста терезелерді бекіту керек және орман жануар-
лары қыста неге тоңбайды?
Ауаның өртті қолдайтынына мысалдар келтіріңдер.
Ауасыз өмір сүру мүмкін бе? Дәлелде.
Адамдар ауаның қасиетін қалай пайдаланатынын атаңдар,
нақты бір кеңістікті және ауаның салмақсыздығын алу.
Адам денсаулығының ауаның жағдайыменбайланысы
Туралы айтып беріңдер.
Топтық жұмысты талқылау уақыты 2-3 мин.
4. Тірек білім, біліктілік және дағдының өзектілігі.
Мұғалім судың адам өміріндегі маңыздылығына оқушылардың
назарын аударады және «су» сөзіне бес шумақ өлең жолдарын
құрастыруды ұсынады. Егер оқушылар әлі де өз беттерімен құрастыра алмаса,онда мұғаліммен бірге құрастырады.
1.Егер оқушылар өз беттерімен жұмыс істесе,онда өлеңдерін дәптерге немесе парақтарға жазады. Жұмысқа берілген уақыт 2 мин. Уақыт аяқталған кезде 5-6 оқушы өздерінің өлеңдерін оқиды.
2. Егер мұғалім оқушылармен бірге жұмыс істесе, онда жұмыс
Бірден талқылау түрінде жүргізіледі. Мұғалім сұрақ қояды, ал оқушылар өз нұсқаларын ұсынады. Тақтада немесе қағазға
1-нұсқаны жазады. Мысалы, мұғалімнің сұрағы.
Су
1. Қандай? мөлдір, таза
2. Не істейді? Ағады, суарады, жуады
3. «Су» сөзіне сөйлем құрастырыңдар.
Су барлық тірі ағзаға қажет.
4.Сөз қауымдастығы сөзін атаңдар.
«Өмір»
5.Тақырыпты хабарлау және сабақтың мақсаты.
6.Жаңа материалмен жұмыс.
41-42-бб. оқулықпен жұмыс Асан туралы әңгімені оқу.
Мазмұнын жақсы және терең ұғыну үшін, мұғалімге, жақсы
дайындалған оқушыларға оқуды ұсынады.
Оқылымнан кейінгі сұрақтар.
1.Су шығып жатқан жерді қалай атайды?
2.Бұлақтың маңындағы табиғат неге ерекше әдемі болады?
3.Сендер қалай ойлайсыңдар,кез келген ағынды суды ішуге
болмайды,ал бұлақтан неге ішуге болады? Өз ойларыңды
дәлелдеңдер.
4.Асан судың қандай қасиетін тапты?
5.Осы әңгіме бойынша судың тағы қандай қасиеттерін
атауға болады?
42-43-бб. «Судың қасиеті» деген мәтінді оқу.
Мұғалім мәтінді 3-нұсқа бойынша оқуды ұсынады.
1-нұсқа «1-тәжірибені» оқиды.
2-нұсқа «2-тәжірибені» оқиды.
3-нұсқа «3-тәжірибені» оқиды.
Және тағы да 1,2,3 қайталама тапсырмалар беріледі.
(Мұғалім қалауынша.)
Оқу және талқылауға берілген уақыт 2-3 минут. Мұғалім оқушыларға олар не туралы оқығандарын және судың қандай
қасиеттерін білгендері туралы кезектесіп айтуды ұсынады.
Балалардың сөз сөйлеу барысы бойынша, мұғалім тақтаға жаза
бастайды.
иісі жоқ
сұйық жұғады
Судың қасиеті
түссіз мөлдір
пішіні
болмайды
Топтар сөз сөйлеп, жазбалар орындалған соң,мұғалім өзі
қорытынды жасайжы немесе судың қасиеті туралы оқушылар-
дың көмегімен тұжырымдама жасауды жөн көреді.
Суреттер мен сызбаларды қарастыру.
44-б. «Судың жай-күйі».
Сұрақтар:
1.Сендер қалай ойлайсыңдар, осы жұмбақпен өлең жолдарында
судың қандай жағдайлары айтылған?
2.Сызбада судың қандай 3 жағдайын көрсетеді?Оларды ата.
3.Судың бір жағдайдан екінші жағдайға көшуіне мысал келтір.
Мұғалім оқулыққа сүйеніп, (43-44-бб.) біздің болжамымыз
дұрыс па екенін тексеруді сұрайды.Мұғалім оқушылардың
болжамы мен оқулық мысалдарының нұсқаларын салыстырып
талдау жасайды.
7.Ой – қиял.
Жұмбақты оқыңдар, судың қандай қасиеті
немесе оның жағдайы туралы сөз болып жатқанын шешіңдер
және жауап беріңдер.
Ақ көрпесін тұйықтап,
Қыстай жатар ұйықтап. (Қар)
Тілі былдыр
Үні сылдыр. (Жаңбыр)
Дәмі де жоқ, түсі жоқ,
Пайдаланбас кісі жоқ. (Су)
Таусылмайтын ақ мақта,
Қысы, жазы тау жақта. (Қар)
Басы көкте,
Аяғы жерде....
Тұра алмайды көкте. (Жауған жаңбыр)
Жазда болмайды,
Қыста болады.
Терезеге қонады,
Әсем ою ояды. (Қырау)
8.Үй тапсырмасы. 41-44-бб. оқу және мазмұнын айту.