Сабақтың тақырыбы: Сөз және оның мағынасы | Мектеп: Қарашілік орта мектебі |
Күні: 29.11.2017 | Мұғалім: Исабекова А.К. |
Сынып: 4 | Қатысқан: 14 | Қатыспағандар:1 |
Сілтеме: | 1. Қазақ тілі пәнінен оқыту әдістемесі 4-сынып. 2. 4-сыныпқа арналған қазақ тілі оқулығы. Г.И.Уайсова, Ә.Е.Жұмабаева. 3.Мұғалімге арналған нұсқаулық (Үшінші деңгей) 4. «СТО білім үдерісінде» әдістемелік құралы. 5. «Сөздік» |
Сабақта меңгерілетін дағдылық мақсаттар | 1. Сөздердің әртүрлі мағынасымен таныстыру; сөздерді мағынасына қарай сөйлем ішінде орынды қолдана білуге үйрету.; 2. Сөздік қорын молайту; |
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар білуге тиісті: Тақырып туралы қосымша мәліметтер біледі. |
Оқушылардың көпшілігі білуге тиіс: Тақырып мазмұнын түсінуі тиіс. |
Кейбір оқушылар білуге тиіс: Ережемен жұмыс істей алады |
Күтілетін нәтиже: | 1.Өз пікірін айта білуге дағдыланады. 2. Топта көшбасшылық жасауға үйренеді. 3. Өзін және өзгелерді бағалауға дағдыланады. |
Оқыту әдістері: | 1.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер (жеке, жұптық, топтық жұмыс) 2.АКТ (слайд, ) 3.Сын тұрғысынан ойлауды үйрету «Топтастыру») 4.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту. 5. Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау. |
Бұрыннан бар білімдері | Тапсырмаларды сатылай кешенді талдауды біледі. |
Жоспар |
Жоспарланған уақыттар | Тапсырма | Мұғалімнің әрекеті | Оқушының әрекеті | Ресурстар |
Басталуы 15.15-15.18 | Психологиялық дайындық. Біз қандаймыз, қандаймыз, Шұғылалы таңдаймыз. Күлімдеген күндейміз, Еш уайымды білмейміз. «Пазл» арқылы топқа бөліну. | Оқушылардың сабақ басындағы көңіл-күйін сұрайды. Топқа бөліну үшін суреттер ұсынады. | Оқушылар сабақ басындағы көңіл күйлерін смайликтермен көрсетеді. Суреттер арқылы топтарға топтасады. | Көңіл-күй смайликтері Суреттер |
Ортасы 15.18-15.20 | «Болжау стратегиясы» бойынша сабақтың тақырыбын хабарлау және сабақтың мақсатын айқындау. | Сөз және оның мағынасы | 1.Сөз дегеніміздің не екенін білетін боламыз. 2.Сөздің мағынасына қарай түрлерімен танысамыз. 3.Сөздерді түрлеріне қарай топтастыра алатын боламыз. | |
15.20-15.23 | «Құпия хат» әдісі Мақсаты: Оқушылардың қызығушылығын арттыру. ( бір тілек, бір сұрақ) 1-тапсырма Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып сөз құрау. Ж ... з, қ ... с, т ... с | Құпия хатпен таныстыра отырып, оқушыларға сәттілік тілейді және хаттың ішіндегі тапсырманы оқиды. | Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып сөздер құрайды. 1-топ Жаз, жүз, 2-топ қыс, қас 3-топ түс, тас Қорытынды жасау: сөздегі дыбыс өзгерсе, сөздің мағынасы да өзгереді. | Үлестірмелі парақшалар |
Бағалау | Бағдаршам әдісі | Бағдаршам әдісі арқылы бағалайтындықтары түсіндіріледі. | Оқушылар жауапты тыңдаған соң бағдаршам әдісі арқылы бағалайды. | Бағдаршам |
15.23-15.28 | 2-тапсырма Сөздерді топтау: | Берілген сөздерді топтастыруды ұсынады. | Электронды оқулықтан тапсырмаларды орындау. Қорытынды: Сөз заттың атауын, қимылың, сапасын, санын білдіреді. | Электронды оқулық |
Бағалау | Басбармақ әдісі | Басбармақ әдісі арқылы бағалайтындықтары түсіндіріледі. | Оқушылар жауапты тыңдаған соң басбармақ әдісі арқылы бағалайды. | Бағдаршам |
15.28-15.30 | Білгішбектің хаты: Балалар, сендер кез келген сөз не заттың, не қимылдың, не сапаның, не санның атауы екенін жақсы білесіңдер. Дүние, әлем туралы білімдеріңнің мол болуы сөз мағынасымен тікелей байланысты. Сөздің мағынасын дұрыс түсініп, білетін болсаңдар, қоршаған ортаны да жақсы біліп танисыңдар. | Хаттың мазмұнымен таныстыру | Электронды оқулық 1сабақ ! | Хат |
15.30-15.35 | Топтық тапсырмалар: суретпен жұмыс 1-топ (синоним): Суреттегі қызды сипаттау. 2-топ(антоним): Есікті ашып, жабу. 3-топ (омоним): Араның суреттері(қол арасы, жәндіктің) | Қорытынды жасау: мағыналары жуық сөздер, мағынасы қарама-қарсы сөздер, дыбысталуы бірдей, мағыналары әр басқа сөздер | Әр топ өз атына сәйкес мысалдар келтіреді. Суретпен жұмыс жасап, өз ойларын дәлелдейді. | |
| Электронды оқулық 5 сабақ | Оқушыларға тапсырманың орындалуын түсіндіреді. | Сызба бойынша әр топ сөздің мағынасына қарай неше түрге бөлінетіндігіне сипаттама береді. | Электронды оқулық |
Бағалау | Отшашу арқылы бағалау | | Дұрыс жауап -3 Жақсы жауап -2 Орташа жауап -1 шапалақ | |
15.35-15.40 | 3 таяқша әдісі 1-топ 1 сұрақ 2-топ 1 жауап 3-топ 1 идея Топпен жұмыс 3-жаттығу. Қарамен жазылған сөздерге түсініктеме беру. | Таяқшаларды топтарға беріп, не істейтіндерін түсіндіреді. | 1-топ Сөйлемді оқып, қарамен жазылған сөздерді анықтайды. 2-топ Қарамен жазылған сөздерге талдау жасайды. 3-топ Осы сөздерге қатысты ережені айтуы керек. Бөлменің терезесі ашық. Айшаның мінезі ашық. | Берілген тапсырманы орындайды. 3 таяқша |
15.40-15.45 | «Өрмекші» әдісі 4-жаттығу. Сөздерді топтап жазу. 1-2-топ | Сөздерді топтастырып кластер құрастыруды ұсынады. | Синоним Антоним Қашық, шалғай, алыс, түзу - қисық, Әдемі, сұлу, көркем. жуан - жіңішке, Биік, асқар, зәулім. кеш-ерте, ірі-ұсақ. | |
5-жаттығу. Ребусты шешу, 3-топ | Мақалдың мағынасын ашу. | Кітап - білім бұлағы. Бұлақтың суы мол, мөлдір екен. Қарамен жазылған сөздердің мағынасын ашады. | Ребусты беріледі. |
Сергіту сәті | Тарсылдатпай едендi Орнымыздан тұрып ап Жүгiрейiк бiр уақ. Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш. Аяқты алға созайық Тiк көтерiп, қозғайық. Тым сылбыр да болмайық Алға қарай озбайық. Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш. | | | Сергіту жаттығуы жазылған парақша |
| | | | |
Аяқталуы 15.45-15.50 | 9 ромб әдісі бойынша сұрақтарға жауап бере отырып, бүгінгі тақырыбымызды ашып көрейік. | Сұрақтардың маңыздылығын анықтайды. | 1.Сөз дегеніміз не? 2. Сөз неден құралады? 3. Сөздің мағынасына қарай неше түрін білесіңдер? 4.Синоним дегеніміз не? 5.Омоним дегеніміз не? 6. Антоним дегеніміз не? 7. Мағынасы жуық сөздерге мысал келтір. 8. Мағынасы қарама-қарсы сөздерге мысал келтір. 9. Дыбысталуы бірдей, мағыналары әртүрлі сөздерге мысал келтір. | Сұрақтар тізбесі топқа таратылады. |
Үйге тапсырма: 6-жаттығу,ереже жаттау. 85-бетте | | |
Дифференциациялау оқушыларға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалайша түрлендіресіз? | 15.50-15.55 Бағалау Жиынтық бағалауды фишкалар арқылы жүргіземіз. Ал сабақтың өн бойында басбармақ, отшашу, бағдаршам арқылы бағалау болады. | Пәнаралық байланыс – Денсаулық пен қауіпсіздікті тексеру, АКТ |
Рефлексия Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері анық па? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? | Бүгінгі сабақ кызықты болды ма? «Плюс, минус, қызықты» кері байланыс. Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы оқушы ойын білу үшін кері байланыс сұрақтарын береді. |