Саба?ты? ма?саты:1.Білімділігі: С?йлемні? с?здерден ??ралатыны ж?не онда?ы ?рбір с?зді? белгілі бір ма?ынасы, ?ызметі болатынын, ал с?йлем ??рамында?ы с?здерді? сол ма?ыналарына сай т?зілетіні туралы т?сінік беру.
-Балалар, б?гінгі бізді? саба?ымыз ерекше саба?. ?йткені бізді? саба?ымыз?а ?она?тар келіп отыр.Б?гінгі саба?та талаптанып, ?аза? тілінен ал?ан білімдері?ді к?рсете білі?дер.Олай болса, балалар, саба?ымызды бастамас б?рын топтарымызды? аттарын біліп алайы?. Ол ?шін сендер ?лы дана Абай атамызды? бес асыл іс деп нелерді ата?анын айтып бері?дер.
4-жатты?у интерактивті та?тада жазыл?ан. Ауызша орындалады. Жа??ала?ты? д?рыс пайдаланба?ан с?здерін тауып орнына д?рысын ?ой?ызу.
-Осы мысалдан неше адамны? с?йлескенін к?руге болады? Оны ?алай атаймыз ?(Екі адамны? с?йлесуі. Оны диалог деп атаймыз)
-Осы мысалдан ?ткен та?ырып?а байланысты та?ы не таба аламыз? (?аратпа с?здерді)
Ой тол?аныс.
-Балалар, келесі аптада елімізді? басты мерекесі тойлан?алы отыр. Ол ?андай мереке?Б?л мереке ?ай кезден бастап тойланады?Биыл т?уелсіздігімізге неше жыл толады?
Олай болса, саба?ымызды ?орытындылау ?шін «Венн» диаграммасы ар?ылы мына екі с?зді салыстырайы?.
Т?уелсіздік Желто?сан
ешкімге т?уелсіз екеуі де с?з ?ыс мезгіліні?
болмау, екеуіні? де ал?аш?ы айы
мереке ма?ынасы бар суы?,аязды,боранды
Кері байланыс. Балалар ?а?аздар?а ?з ойларын жазып, смайликтерге жапсырады.
Ба?алау. Топ басшылары ба?алайды.
?йге тапсырма:5-жатты?у, 103-бет.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«?аза? тілі С?з ж?не оны? ма?ынасы 3 сынып»
Сабақтың тақырыбы:Сөз және оның мағынасы
Сабақтың мақсаты:1.Білімділігі: Сөйлемнің сөздерден құралатыны және ондағы әрбір сөздің белгілі бір мағынасы, қызметі болатынын, ал сөйлем құрамындағы сөздердің сол мағыналарына сай түзілетіні туралы түсінік беру.
2.Дамытушылығы: Сөздерді дұрыс қолдана білуге жаттықтыру.Оқушылардың білім, білік, іскерлік қабілеттерін қалыптастыру, сөздік қорын молайту, ой қорыту машығын дамыту.
-Балалар, бүгінгі біздің сабағымыз ерекше сабақ. Өйткені біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр.Бүгінгі сабақта талаптанып, қазақ тілінен алған білімдеріңді көрсете біліңдер.Олай болса, балалар, сабағымызды бастамас бұрын топтарымыздың аттарын біліп алайық. Ол үшін сендер ұлы дана Абай атамыздың бес асыл іс деп нелерді атағанын айтып беріңдер.
Балалардың жауаптары: (талап, еңбек, терең ой,қанағат, рақым)
1-топ:Талаптылар (Әр топтың басшыларын сайлау.)
2-топ:Еңбекқорлар
3-топ:Ойшылдар
Өткен тақырыптар бойынша білімдерін пысықтау.
Ол үшін интерактивті тақтада жазылған сөйлемді оқып, оның қандай сөйлем түріне жататынын, ережесін айтқызу. Жалаң сөйлем дегеніміз не? (балалардың жауабы)
-Осы сөйлемді қандай сөйлемге айналдыра аламыз? Сонымен жайылма сөйлем дегеніміз не? (балалардың жауабы)
Бұл күшік қой, әке, жолдан тауып алдым. Осы сөйлемде не бар, қандай өзгешелік байқадыңдар? (қаратпа сөз бар.Ол сөйлемнің ортасында тұр).
-Демек, қаратпа сөз дегеніміз не? Ол сөйлемнің қай жерлерінде кездеседі?Оның тыныс белгілері туралы не білеміз?
Қызығушылықты ояту.
Ой қозғау.
Үш топқа үш сурет беру.Әр топ суретте бейнеленген затты үлгі бойынша әңгімелеп береді. (Суреттерді интерактивті тақтада шығарып қою)
1-топ: Доп-
Пішіні қандай? (домалақ)
Неден жасалған? (резеңкеден)
Бұл зат не үшін керек? (балалардың жауабы)
2-топ: Теледидар-
Пішіні қандай? (тіктөртбұрышты)
Неден жасалған? (пластиктен, шыныдан)
Бұл зат не үшін керек? (балалардың жауабы)
3-топ:Өшіргіш-
Пішіні қандай? (үшбұрышты)
Неден жасалған? (резеңкеден)
Бұл зат не үшін керек? (балалардың жауабы)
-Сонымен ,балалар, осы заттар туралы әңгімелей отырып, қандай қорытындыға келдік?
Оқушының жауабы: Кез келген сөздің мағынасы болады.Біз осы заттар туралы әңгімелей отырып, сол сөздің толық мағынасын аша түстік.
-Олай болса,балалар, бүгін біз екінші сыныпта сөз және оның мағынасы туралы алған білімімізді еске түсіріп, толықтырамыз.
Мағынаны тану.
1-топ: батыр,әдемі сөздерінің бірнеше мағынасын тауып жазады.
Оқушылардың жауабы тыңдалады.
2-топ: «Қарама-қарсы элементтер» стратегиясын қолдану арқылы қарама-қарсы мағыналы сөздерді табады.
қыс суық
күн аласа
жіңішке ескі
биік түн
ыстық жаз
жаңа жуан
Оқушылардың жауабы тыңдалады.
3-топ: Сөйлемдерден дыбысталуы бірдей сөздерді тауып, мағынасын түсіндіреді.
Мен әжеме ине сабақтадым.
Кірпіні инесі жауларынан қорғайды.
Ағаштың түбіне топырақты жақсылап үй.
Құрылысшылар әсем үй салды.
Әр топтан бір баладан шығып, жұмыстарын қорғайды.
-Сонымен, балалар, сендер осы тапсырмаларды орындай отырып, қандай қорытынды шығардыңдар?Сөздер неше топқа бөлінеді екен? (балалардың жауабы)
Оқулықпен жұмыс.
-Енді, балалар, дәптерлерімізді ашып, күннің уақытын жазайық.
Екі жол көркем жазуды әдемілеп жазайық.
Көркем жазу минуты.
2-жаттығу орындалады. Оқушылар мағынасы бойынша сөз таңдап жазады.
Үш топқа бір сөйлемнен бөліп беру. Топтар жұмыс істеп жатқанда тақтаға үш бала шығару.
Тақтамен жұмыс.
Әр топтан бір баладан тақтаға шығару. Олар момын, мереке, жарық,қисық, ара сөздерімен тақтада жұмыс істейді.
1.Мереке сөзіне мәндес сөздер жаз,сөйлем құра, сөйлем мүшесіне талда.
2.Қисық сөзіне қарама-қарсы мағыналы сөз жаз, қаратпа сөзі бар сөйлем құра.
3.Ара сөзіне екі мағынада сөйлемдер құрап жазу.
4-жаттығу интерактивті тақтада жазылған. Ауызша орындалады. Жаңғалақтың дұрыс пайдаланбаған сөздерін тауып орнына дұрысын қойғызу.
-Осы мысалдан неше адамның сөйлескенін көруге болады? Оны қалай атаймыз?(Екі адамның сөйлесуі. Оны диалог деп атаймыз)
-Осы мысалдан өткен тақырыпқа байланысты тағы не таба аламыз? (қаратпа сөздерді)
Ой толғаныс.
-Балалар, келесі аптада еліміздің басты мерекесі тойланғалы отыр. Ол қандай мереке?Бұл мереке қай кезден бастап тойланады?Биыл тәуелсіздігімізге неше жыл толады?
Олай болса, сабағымызды қорытындылау үшін «Венн» диаграммасы арқылы мына екі сөзді салыстырайық.
Тәуелсіздік Желтоқсан
ешкімге тәуелсіз екеуі де сөз қыс мезгілінің
болмау, екеуінің де алғашқы айы
мереке мағынасы бар суық,аязды,боранды
Кері байланыс. Балалар қағаздарға өз ойларын жазып, смайликтерге жапсырады.