Қызығушылықты ояту Мағынаны тану Қызығушылықты ояту Жұмбақ Суға батпайды, Отқа жанбайды. (Мұз) Сөзжұмбақ шешу. Ал мұз сөзіне сұрақ қояйық МҰЗ не? Зат есім. Ендеше балалар зат есім дегеніміз не? Ережесі: Зат есім дегеніміз -заттың атын білдіреді. Кім? Не? Кімдер? Нелер? деген сұрақтарға жауап береді. Зат есімдердің мағыналары кең, өте бай болып келетін аңғарту үшін мынандай тапсырмалар беремін. Тақтаға әртүрлі ұғымды білдіретін зат есімдер жазылады. Мысалы: Құрылысшы, сәби, кітап, үй, жаңбыр, найзағай, қой, парта, торғай, қияр, жолжелкен т.б. Зат есім бас әріппен басталып жазылады. Оған адам аттары, жер-су аттары, таудың аттары, жануарлардың ерекшелеп қойылған аттары жатады. Қыс. Ақ киімді денелі, ақ сақалды, Соқыр мылқау танымас тірі жанды. Үсті басы ақ қырау, түсі суық, Басқан жері сықырлап келіп қалды. (А.Құнанбаев) - Балалар егер байқап отырсаңдар жұмбақ, өлең қай жыл мезгіліне сәйкес келеді? - Қыс • Енді осы сөздерді дәптерлеріңе көркемдеп жазып алыңдар. • Келесі тапсырма: осы сөздерге сөйлем құрастыру керек. Қыс келді. Далада қар жауып тұр. Балалар қардан аққала жасады. Елдос пен Айдос мұз үстінде хоккей ойнады. Асқар шанамен су тасыды. Қыс мезгілі өте тамаша! Оқулықтағы тапсырмаларды орындау |