kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?аза? тілі п?нінен «С?з таптары.Зат есім» та?ырыбыны? жоспары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: «С?з таптары. Зат есім»

Саба?ты? ма?саты:

1.Білімділік:

- С?з таптары жайлы т?сінік беру, оны? ішінде зат есімдер ж?нінде ма?л?мат беру, зат есімдер жайында?ы ойларын дамыта отырып жал?ы, жалпы есім туралы ??ымдарын ?алыптастыру;

- О?ушыларды? грамматикалы? білімдерін тере?дету;

2. Дамытушылы?:

- Шы?армашылы? ?абілеттерін, ойларын дамыту, ізденімпазды? ?асиеттерін ?алыптастыру;

- Ойлау, есте са?тау ?абілеттерін, тілін, с?здік ?орын байыту, дамыту;

3. Т?рбиелік:

- О?ушыны білімділікке, ана тіліне деген с?йіспеншіліккек т?рбиелеу;

- С?йлеу м?дениетін арттыру, ?зін-?зі ба?алай  білуге, бас?аларды? к?з?арасын ты?дап, сыйлай білуге т?рбиелеу;

- О?ушыларды адамгершілікке, тап?ырлы??а, шапша? ойлау?а, ?з ойын ?орыта айта білуге т?рбиелеу;

Саба?ты? т?рі: жа?а саба?

Саба?ты? типі: аралас саба?

Саба?ты? ?діс- т?сілдері : с?ра? - жауап, о?улы?пен ж?мыс, топты? ж?мыс 

Саба?ты? к?рнекілігі: ?аза? тілі о?улы?ы, суреттер

Саба?ты? п?наралы? байланысы: Тарих

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?аза? тілі п?нінен «С?з таптары.Зат есім» та?ырыбыны? жоспары »

Күні: 23. 10.12 Пән: қазақ тілі Сынып: 6 «б»

Сабақтың тақырыбы: «Сөз таптары. Зат есім»

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік:

- Сөз таптары жайлы түсінік беру, оның ішінде зат есімдер жөнінде мағлұмат беру, зат есімдер жайындағы ойларын дамыта отырып жалқы, жалпы есім туралы ұғымдарын қалыптастыру;

- Оқушылардың грамматикалық білімдерін тереңдету;

2. Дамытушылық:

- Шығармашылық қабілеттерін, ойларын дамыту, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру;

- Ойлау, есте сақтау қабілеттерін, тілін, сөздік қорын байыту, дамыту;

3. Тәрбиелік:

- Оқушыны білімділікке, ана тіліне деген сүйіспеншіліккек тәрбиелеу;

- Сөйлеу мәдениетін арттыру, өзін-өзі бағалай білуге, басқалардың көзқарасын тыңдап, сыйлай білуге тәрбиелеу;

- Оқушыларды адамгершілікке, тапқырлыққа, шапшаң ойлауға, өз ойын қорыта айта білуге тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс- тәсілдері : сұрақ - жауап , оқулықпен жұмыс, топтық жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: қазақ тілі оқулығы, суреттер

Сабақтың пәнаралық байланысы: Тарих

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі. (3мин)

  • Сәлемдесу

  • Сынып оқушыларын түгендеу

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Кезекшімен сұхбат.

ІІ Үй жұмысын тексеру. (7 мин) (115-жаттығу, жазбаша)

Сөздердің түрлерін қаншалықты меңгергендігін тексеру үшін карточкалармен жұмыс атқару;

Тапсырма: (Сөйлемдердегі сөздерді 3 бағанға бөлу, атауыш, көмекші, одағай сөздер)

Атауыш

Көмекші

Одағай




  1. Мезгіл түн еді.

  2. Осының бәрі не үшін?

  3. Мәссаған, сіздің атыңызды сұрамаған екенмін-ау.

ІІІ Жаңа сабақты игеру. (20 мин)

1-әрекет: Анықтама беру

Сөздердің білдіретін мағынасына, түрлену тұлғасына, қойылатын сұрағына, сөйлемде атқаратын қызметіне қарай топталуын сөз таптары деп атайды.

Қазіргі қазақ тіліндегі сөздер мынадай 9 сөз табына бөлінеді:



2-әрекет: Қызығушылықты ояту, жұмбақ шешу

Сөз табының ең басында тұрамын

Білесіңдер Кім? Не? Деген сұрағым

Сөйлемде ой иесі боламын (зат есім)

Зат есім - заттың, құбылыстың атын білдіріп, кім? не? деген сұраққа жауап беретін сөз табы. Мысалы:құс, тас, су, шыны, адам, қол деген сөздермен қатар, жаңбыр, найзағай, сайлау, жүріс, капитализм, эволюция, ұғым, ақыл, сана деген сөздер де зат есімге жатады.



Жалпы есім-біркелкі заттардың Жалқы есім-заттардың ішіндегі бір түрінің

жалпы атауы. мысалы: кісі, адам өзіне ғана қойылған аты.Мысалы: Асан, Сара

3-әрекет: Оқулықпен жұмыс

118-жаттығу. (Өздерің білетін жалқы есімдерді естеріңе түсіріп, дәптерлеріңе жазыңдар.)

  1. Кісі аттары;

  2. Мемлекет, республика, облыс, аудан, қала, ауыл атаулары;

  3. Ұйым, мекеме, зауыт, фабрика, ұжым атаулары;

  4. Жер, су атаулары;

  5. Газет-журнал, кітап, ән, күй, шығарма аттары;

  6. Жылқыға, сиырға, түйеге, итке, т.б. хайуанаттарға қойылатын аттар.

4-әрекет: Топтық жұмыс

1-топ:

1-Тапсырма: (Сөздерді оқып, әрқайсысының мағыналарын анықтап, олардың қандай сұраққа жауап беретінін айтыңдар.)

Қала. Таңертең. Нашар. Мың. Сабын. Ақыл. Қайт. Ойнат. Қайшы. Құлагер. Сексен. бесеу. Ұзын. Былтыр. Атақ. Қайда? Ойпырмай! Біздер. Әдемі. Тарс-тұрс.

2-тапсырма: Сурет бойынша мәтін құрастыр.

2-топ:

1-тапсырма: (Төмендегі сөздерді оқып, мағынасы айқын сөздерді бір бөлек, мағынасы жоқ сөздерді бөліп жазыңдар.)

Үлгі:

  1. Мағыналы сөздер: тақтай, ...

  2. Мағынасыз сөздер: бен, ...

Мал, бен, отыр, да, де, жаз, бүгін, алпыс, және, қана, ғана, отыз, бөлім, анау, әрі, ол, ма, ме, қағаз, дүние, үшін, ақыл, орындық, туралы, сияқты, жылқы.

2-тапсырма: Сурет бойынша мәтін құрастыр.

3-топ:

1-тапсырма: (Кіші әріппен берілген жалқы есімдерді (жер, су аттарын) бас әріппен жазып, мәтінді көшіріңдер.)

Ертіс – солтүстік мұзды мұхитқа құятын үлкен өзен. Ол қытайдан басталып, Қазақстанға қара ертіс деген атпен еніп, зайсан көліне келіп құяды. Зайсан көлінен шыққанда, өзен ертіс деп аталады да, обь өзеніне барып құяды.

2-тапсырма: Сурет бойынша мәтін құрастыр.

ІҮ Бекіту: (7 мин)

Ү Қорытынды: (4 мин)

Сонымен оқушылар бүгінгі сабақта не білдік, не меңгердік? Оқушылар жауап береді.

ҮІ Оқушыларды бағалау: (2 мин)

ҮІІ Үй жұмысы: Ережелерді жаттау, 118-жаттығуды аяқтау. (2 мин)














Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
?аза? тілі п?нінен «С?з таптары.Зат есім» та?ырыбыны? жоспары

Автор: Ахметова Рабига Кушербаевна

Дата: 17.05.2015

Номер свидетельства: 212496


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства