Просмотр содержимого документа
«"Сөз таптары" 3 сынып»
Сабақтың тақырыбы[/color]: Сөз таптарын пысықтау.
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: сөз таптары бойынша алған білімдерін тиянақтау,сөз таптарын сөйлем ішінен тауып, оған сұрақ қоя білуге үйрету.
Дамытушылығы: оқушының сауатты жазуын, сөйлеу мәдениетін, тілін дамыту.Өздігінен қорытынды шығара білуге үйрету.
Тәрбиелігі: Отанына деген сүйіспеншілік, мақтаныш, ұлтжандық сезімін тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Іскерлік-ойын сабағы. Сабақтың әдісі:Топтау, ой қозғау, сын тұрғысынан ойлау, семан- тикалық карта, « Бес жолды өлең» стратегиясы.
Сабақтың көрнекілігі: Жалаушалар, слайдтар,сандықша,үлестірме кестелер, бағалау парақтары. Техникалық жабдықтар: Компьютер, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі;. Психологиялық икем: Армысың, алтын Күн! Армысың, туған Жер! Армысың, мектебім! Армысың, достарым! Армысыз, қонақтар! 2. Кіріспе әңгіме.
( Интерактивті тақтада слайд №1.) - Балалар, осы желтоқсан айында қандай үлкен мереке болғалы отыр? - Еліміздің тәуелсіздігіне 20-жыл! (Слайд №2) (Слайд №3.) - Дұрыс айтасыздар.1991 жылы 16 желтоқсан Қазақстан Республикасы өзінің Тәуелсіздігін жариялады. Биыл тәуелсіз елімізге 20 жыл толып отыр. Слайд №4-5 Ғасырлар тарихы бар,әсем табиғатымен әйгілі қазақтың жері (слайд №6-7-8) Жастығына қарамастан еліміз талай жетістіктерге жетіп, жылдан–жылға көркеюде, оның айғағы Астанамыз. Астана дүние жүзіндегі әсем қалалардың бірі. (Слайд №.9) Кең байтақ елімізде, достық қарым-қатынаста 130–дан астам ұлт өкілдері өмір сүруде. (Слайд №10-11) Биік тауларында қыраны самғаған, жазық даласында тұлпары желіген, байтақ туған жеріміз-Қазақстан! (Слайд №12-13) 20 жыл өз бастамасымен халқын талай жетістікке жеткізген Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Осының бәрі Тәуелсіздік қалаған елдің, оның болашақ жастарының, сіздер үшін үлкен жетістік екенін естен шығармаңыздар.
(Слайд №14-18) - Бірінші қыркүйектен осы тақырып бойынша мектепте әр түрлі іс-шаралар өтілуде, соларға сіздер де ат салысып қатысып, тіпті жүлделі орындарға ие болып келесіздер. «20 жақсы іс» айдарымен өтіп жатқан іс-шараларға белсене қатысып жүрсіздер. Бүгінгі сабағымыз да сіздер үшін 20 істің бірі болып, өздеріңіздің білімдеріңізді көрсете білесіздер деп ойлаймын. ( Слайд №19) 3.Негізгі бөлім. - Бүгінгі бекіту сабағымыздың тақырыбы: Сөз таптары. Бүгін біз топтарға бөлініп жұмыс жүргіземіз. Әр топ өзінің топ жетекшісін таңдап алсын. Топ жетекшілері ортаға шықсын. - Топ жетекшілері жалаушаның астындағы сұрақтарға жауап беріп, өз тобының атауын алады.
1-топ сұрағы: Біздің еліміз қалай аталады? 2-топ: Қазақстанның астанасы қай қала? 3-топ: Астанада әлемге әйгілі, өзге елдерден ерекшеленетін не бар? 4-топ: Біздің туған қаламыз қалай аталады? (Слайд № 20) 1-топ: Қазақстан 2-топ: Астана 3-топ: Бәйтерек 4-топ: Степногорск - Мына сандықшаның ішінде әр топтың қандай сөз табымен жұмыс істейтіні жазылған. ( топ жетекшілері сөз таптары жазылған қағазды алады.) Қазақстан Астана Бәйтерек Степногорск Зат есім Етістік Сын есім Сан есім ( Слайд №21) Топ жетекшілері интерактивті тақтаға өз сөз табын жазады. Топ жетекшілеріне бағалау парағы таратылады.
4. Үй тапсырмасын пысықтау. (Слайд №22) Тапсырма: әр топқа кесте таратылады, оны толтыру керек
Сөз табы Зат есім Етістік Сын есім Сан есім Нені білдіреді
Сұрағы
Түрлері Әр топтан бір оқушы шығып кестені оқиды.
4. Дәптермен жұмыс. - Балалар, біздің дәптермен жұмыс кезіндегі ұранымыз қандай? Қолға қалам алайық, Салақтықтан қашайық, Дәптерімізді ашайық. Әдемі етіп жазайық..
Сөз таптары Зат есім Етістік Сын есім Сан есім Қазақстан Жиырма Толды Егеменді
8. « Бес жолды өлең» стратегиясы / слайд №27-28/ Әр топқа бес жолды өлең жазуға сөздер беріледі. 1-топ. Зат есім: Қазақстан. Сын есім: тәуелсіз, егеменді. Етістік: гүлденді, өркендеу. Сезім білдіретін сөз: Жайнай бер Қазақстан! 2 – топ. Зат есім: Отан, арман. Сын есім: тәуелсіз. Етістік: толады, орындалады Сезім білдіретін сөз: Жасай бер Қазақстан! 3 – топ. Зат есім: Ел, тілек. Сын есім: бақытты, баянды. Етістік: орындалады, армандады. Сезім білдіретін сөз: Жиырма жыл толғаны! Синоним: Туған жер.
4 – топ. Зат есім: Ата-баба, Қазақстан. Сан есім: Ғасыр. Сын есім: тәуелсіз, егеменді. Етістік: тіледі. Сезім білдіретін сөз: Гүлдене бер мәңгілік
Әр топтан бір оқушыдан шығып, шығарған өлеңдерін оқиды.