2 сынып. Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары 312-316- жаттығу
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға сөз таптары туралы түсінік беру.
2.Ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Алғырлыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс- тәсілі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: Қима қағаздар, кестелер, оқу құралдары, слайд.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылармен сәлемдесу ә) дайындығын қадағалау
б) психологиялық дайындық
Сабаққа біз даярмыз,
Жалқаулықты қоямыз.
Үздік оқып әрқашан,
Кілең бестік аламыз.
II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
311 – жаттығуды тексеру. Ережені сұрау.
III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:
Мақсат қою
Бүгінгі сабақтың мақсаты- сөз таптары туралы түсінік алу.
IV. Жаңа сабақ:
СӨЗ ТАПТАРЫ
ЗАТ ЕСІМ ЕТІСТІК
СЫН ЕСІМ САН ЕСІМ
1. Дәптермен жұмыс.
Сөздік диктант: Адам, әдемі, кітап, ойнады, жүгірді, секірді, қарындаш, түйе, бүркіт, домбыра, сыбызғы, Жасыл, қызыл.
Әр сөздерге сұрақ қояды.
2. Оқулықпен жұмыс.
312-жаттығу.
Сөздерді оқиды, сұрақ қояды.Заттың атын, қимылын, сынын, санын білдіретін сөздерді сұрақтардың астына жазады.
Кім? Не? Не істеді? Қандай? Қанша?
Күн жазды ақ екі
ата шықты көк қырық
жазушы келді үлкен отыз
313-жаттығу.
Жұмбақты оқып, жатқа жазады, шешуін табады. Заттың атын, сынын, санын білдіретін сөздерді табады.
Торы тай,
Табанында төрт ай. Шешуі: таға
3.Сергіту сәті. Қане қанат жазайық,
Қарлығашқа ұқсайық.
Қарлығашқа ұқсайық.
Ұшып, ұшып алайық.
V. Сабақты бекіту:
“Ойлы болсаң, озып көр” ойыны
314-жаттығу.
Ребусты шешіп, шешуіне байланысты сөйлем құрастырады.
315-жаттығу.
Берілген тапсырма бойынша орындайды.
Көк бояу Сиыр келді Бес дәптер
Үлкен үй Қар жауды Жеті қалам
Таза ауа Құс ұшты Екі сызғыш
VI. Сабақты қорыту: Сұрақ-жауап алу.