Психологиялық дайындық
Күлім қағып қолымызды қошеметпен соғайық,
Қатар тұрған көршімізге қолымызды бұлғайық.
Жылы шырай жүзбенен, мейірімді көзбенен,
Бүгінгі күнге баршамызға сәттілікті тілейік.
Ерте, ерте, ертеде біз білмейтін «Сөз таптары» патшалығы болыпты. «Сөз таптары» патшалығының Зат есім, Етістік, Сан есім, Сын есім атты төрт ханзадасы болыпты. Патшалық сан қилы құпиялар мен жұмбақтарға, қызықты сырлар мен тапсырмаларға толы екен. Сол «Сөз таптары» патшалығын саяхаттай отырып, кездескен тапсырмаларды мүдірмей орындап, әр тапсырманың дұрыс шешімін таба білулеріңе тілектеспін.
Балаларды сөз жазылған стикер арқылы 4 топқа бөлу.
І топ Зат есім ІІ топ Етістік ІІІ топ Сын есім ІҮ топ Сан есім
Топтарын қорғау
