kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сөз таптары

Нажмите, чтобы узнать подробности

бұлт сабақ 4-сыныпқа арналған тақырып. Бұл тақырыпта сөз таптарын қайталайды

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сөз таптары»


ШҚО Семей қаласы, Семей білім бөлімі

«Бөкенші жалпы орта білім беретін мектебі» КММ





Қазақ тілі

Тақырыбы:


Сынып:4

Өткізген: Г.Е. Жумагелдинова

















2015ж.


Тақырыбы: Сөз тіркесі

Мақсаты: Сөз тіркесі туралы түсіндіру.

Міндеттері :1. Сөз тіркесінің бір- біріне байланысқан кемінде екі толық мағыналы сөздердің сөз тіркесі екенін, басқа сөз таптарымен байланыстырып, сұрақ қоя біледі.

2.Топпен жұмыс жасай біледі, іздененді, сауатты оқып, жазады, дұрыс сөйлей біледі.

3.Ұйымшыл, бір- біріне көмек көрсетіп, бір- бірін тыңдап, сыйлай біледі.

Көрнекіліктер: топтың аты жазылған сөздер, қима сөздер.

Әдісі: жұппен,топпен жұмыс, сұрақ жауап, қима сөздермен жұмыс, оқулықпен жұмыс.

Түрі: жаңа сабақты меңгеру

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру.

Шаттық шеңберге тұру. Бір біріне тілек айту. «Мен саған тілеймін...»

Оқушылар сөздер алып іштерінен оқиды, топқа бөлінеді.

І. Отан

ІІ. Табиғат

ІІІ. Жеміс - жидектер.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Сұрақ- жауап әдісі:

-Сендер қандай сөздер оқыдыңдар?

-Осыдан қандай ереже шығаруға болады?

-Осы сөз тіркестерінен сөйлем құрастырып жазыңдар. ( оқушылар жазған сөйлемдерін оқиды)

Оқулықпен жұмыс.

Ережені оқу.

3- жаттығу. Іштерінен оқу

Дауыстап оқу

Жаттығуды өз беттерімен орындау.

Бір бірін тексеру

Өз қалаулары бойынша үш сөйлем құрап жазу.

Сергіту сәті.

4-жаттығу. Мақалды дауыстап оқу, жатқа жазу

Сөз тіркесін табу, сызбамен сызып көрсету

5-жаттығу. Өлеңді оқу.

Сан есімдері бар сөз тіркестерін табу.

ІҮ. Бекіту

- Қандай тақырып өттік?

- Сөз тіркесі дегеніміз не?

- Олар қалай жасалады?

Үш топқа тапсырма беру.

І топ. Бірінші сыңары сын есім, екінші сыңары зат есім.

ІІ топ. Бірінші сыңары сан есім, екінші сыңары зат есім.

ІІІ топ. Бірінші сыңары зат есім, екінші сыңары етістік

Ү Қорытындылау.

- Бүгін біз сабақта не істедік?

- Сабақ ұнады ма?

ҮІ Үйге тапсырма беру.

6- жаттығу, 45-бет.

ҮІІ. Бағалау.





























Тақырыбы: «Бәрі де, ана, бір өзіңе арналады».

Мақсаты: Оқушыларға ең қасиетті адам ана екенін сездіру. Ана өмірдегі бар жақсылықтың жаршысы екенін ұғындыра отырып, ата анаға сүйіспеншілікпен қарау, ана мейірімінің қасиетін ұғындыру. Оқушылар бойында сыйластық, адамгершілік қабілеттерін қалыптастыру.

Көрнекіліктер: безендірілген сахна, шарлар, слайдтар.

Өтілетін орны: акт залы.

Өтілу барысы:

І жүргізуші:

Бүгін наурыздың сегізі

Сұлулықтың негізі

Әдемі сөз адамның

Анаға айтар лебізі.

ІІ жүргізуші:

Әкелетін отбасына береке ең,

Әз аналар арамызда көп екен.

Жыл құсындай көктем сайын оралар,

Құтты болсын нұрға толы мерекең дей келе ортаға сынып оқушыларын аналарымен бірге ортаға шақырайық. / өлең оқылып шақырылады/

1.Қос Әмина апаның немерелері

Тәтті дәмді беріп, еркелетеді

Аналары ән айтып, домбырада ойнайды,

Бекзат пен Бакнұрдай балалардың

Аналары ортаға шығады

2.Сыныбымыздың жиналысынан қалмайды

Белсенді апалар бар біздің де

Әрбір жеңісі үшін қуанады

Айнұр, Ислам және Айнараның апалары

3.Көпбалалы отбасынан олар шыққан

Аналары тәрбие беруден жалықпаған

Ілияс пенен Арайлым және Асланнан

Үлкен үміт күтеді олардан

Осындай батыр аналарды

Алып шықсын ортаға балалары

4.Әркез таза жүреді, жымиып ап күледі

Серік пенен Әділді

Аналары қадағалап жібереді

Оқытып, көмектесіп жүреді

Осындай аналардың барына

Бас иіп шақырамыз ортамызға

5.Біздің Дана әдепті

Мінезімен салмақты

Үйдің үлкені, тұңғышы

Анасының көмекшісі

Еркежанға қарайлайды

Үсті басын тазалайды

Анасы жұмысқа кеткенде

Бар шаруаны тындырады.

6.Тіл үйіртіп, тортты дәмді пісіреді

Аймөлдір мен Ильярдың аналары

Сыныбымыздың оқу озаты, мақтанышы

Басқан қадамдарына аналары қуанады

І жүргізуші:

Бүгінгі күн әлемнің жарығын сыйлаған, өмір сыйлаған, махаббаты мен бар жақсылықты сыйлаған ардақты аналарға арналады.

ІІ жүргізуші:

Құрметті ұстаз аналар, аналар және нәзікте, ару қыздарымыз 8 наурыз көктем мерекесімен құттықтай отырып, «Бәрі де, ана, бір өзіңе арналады» деп аталатын мерекелік концертімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

І жүргізуші:

Дүниедегі ең қадірі, ең сұлу жан Ана! Ана тіршілік атаулы бұлақтың көзін ашты. Әйел Ана сұлулықты, жарасымдылықты, көріктілікті, барша игілікті бойына сіңірген тұлға.

ІІ жүргізуші:

Баланың жанын ұғына білетін, баланың жан сарайына терең бойлай алатын сезімтал да сұңғыла жан- Ана.

Ән «Ананың тілегі»

Ана деген кім?

1.Оқушы Ана дегеніміз өмірдің бастауы мен таусылмайтын жалғасы. Ана тіршіліктің көзі, үлкен тағдыр, махаббат пен шабыттың нәрі.

2.Оқушы Ана махаббаты адамға қанат бітіреді, күш береді, ерлікке шақырады.

3.Оқушы Ана- әлемдегі ең сұлу, ең мейірімді, ең қамқор адам.

4.Оқушы Ана сұлулықты,жарасымдылықты,көріктілікті, барша игілікті сіңірген тұлға.

5.Оқушы. Ана десе әр баланың тілегі ақ, мейірімі ұшан- теңіз. Анамыздың көңілі шат, жүзі жарқын, дені сау болуын әрқашан тілейміз.

6.Оқушы . Қара жерді баспай жатып, есіңді білмей жатып, тырмысып, бауырына жабысып, шырылдап іздейтін жан бар. Ол- Ана.

7.Оқушы. Мен үшін бәрінен қымбат жан бар. Ол- Ана.

8.Оқушы. Мен үшін мынау жалпақ дүниеден де үлкен бір жан бар. Ол- Ана.

9.Оқушы. Мен үшін ең ардақты, ең қымбатты адам. Жел жағымызға пана, бәріміз үшін дара, дана тұлға. Ол- Ана.

10.Оқушы. Өзі салмақты, өзі байсалды, отбасын сақтаушы, қорғаушы. Ол - Ана.

11.Оқушы. Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, бауырына басып, мен үшін жанұшыра шырылдайтын,әрқашан дұрыс, таза жүр, адал бол деп тілейтін.

Ол -Ана

Би. «Гүлдер» қыздар тобы

12.Оқушы.

Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.

Өміріме нәрін берді ақ сүтің,

Кең құшағың аясында гүл бақтың.

13.Оқушы

Мен өзіңмен қайда болсам біргемін,

Махаббатың жүрегімде жүр менің,

Күн нұрындай жадырай бір күлгенің

Қандай жақсы ортамызда жүргенің.

14.Оқушы.

Ер жеткізіп, елге берген баласын,

Ақылдысың, ардақтысың, данасың,

Қарайтыным қас қабағың бір сенің,

Қайратыңнан қайта көрме анашым.

15.Оқушы

Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталды,

Сен деп жаздым алғаш өлең дастанды.

Қуандым ба?

Өзің бар деп қуандым,

Жыладым ба?

Өзің жоқ деп жас толды.

Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталады,

Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды.

Еркелесем бір өзіңе еркелеп,

Жасқандым ба?Тек өзіңнен жасқандым.

Ән «Айналайын»

16.Оқушы.

Әжімі оның ұлы өмірдің іздері

Өзін емес, мені ойлайды түздегі

О, ананың құшағының жылуы!

Сол жылудан тарайды адам ғұмыры.

17.Оқушы

Өзіңсің өмірдегі бар арманым,

Жыр жаздым, тұңғыш саған ән арнадым.

Анашым, айтарым көп тіл жетпейді

Бір сендей алтын адам таба алмадым.

Өзіңе тең келе ме, дала таңы

Сипаған маңдайымнан алақаны

18.оқушы

Аналарды сүйеміз,

Ақылын ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.

Ән «Асыл әже»

19. оқушы

Ана деген үш ақ әріп тіршілік,

Тіршіліктен үлбірейді гүл шығып.

Ана деген үш әріпті шырқап жүрем ән қылып,

Адамзаттың жүрегінде сақталатын мәңгілік!

20.оқушы

О, анашым, таянышым , тірегім,

Бар бақытты бір басыңа тіледім!

Мені жақсы болса екен деп қашанда,

Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің.

21.оқушы

Мәңгі жарық күн сыйлаған маған,

Бір адам бар ол өзіңсің, анам.

Мейірімге бір өзіңнен қанам,

Жылуды да жүрегіңнен алам.

22.оқушы

Өзіңсің сүйікті анам, құдіретім,

Жанымды жадыратып күлдіретін.

Сендегі маған деген мол мерейді,

Нұр толы қос жанарың білдіретін.

23.оқушы

Анадан жаралған ғой дана біткен,

Биіктен өз баласын ана күткен.

Біздерді кешір ана , түсінбесек

Еркелеп сәби жастық балалықпен.

24.оқушы

Кезің жоқ мейірленіп тіл қатпаған,

Сөзің жоқ өнегесін тыңдатпаған

Осынау дөңгеленген дүниеде

Жан Анам, кім бар сендей қымбат маған?

Би «Испан биі» ұлдар тобы

Балаларға сұрақ.

Балалар аналарын қаншалықты білетінін сұрақтар қою арқылы білеміз

Анаңның жақсы көретін түсі

Анаңның жасы нешеде?

Анаңның жақсы көретін тағамы

Анаңның туып өскен жері

Қандай әнді жақсы көреді?

Анаң үйде қанша сиыр сауады?

Анаң қандай кино көргенді ұнатады?

Анаң торт пісіре алады ма?

Анаң шашын бояйды ма?

Анаң таңертең нешеде тұрады?

Анаңның анасының аты кім?

Анаң қонаққа барғанды ұнатады ма?

Анаң қандай әншіні ұнатады?

«Флэшмоб» аналар мен балалар арасындағы би.

25оқушы

Ана ол біздің елде ардақты адам,

Кішісі де, үлкені де ардақтаған

Өзінің аяулысы, Отанын

«Ана» деп біздің халық текке айтпаған

26 оқушы

Ана- дейміз бәріміз де аңқылдап

Ана- дейді жас сәби де жарқылдап

Ана- деген бәйтерегі өмірдің.

Ана- деген алтын қазық, алтын бақ.

Ана- деген асыл жандар болаттай

Ана- деген мөлдір жандар болаттай

Ән «Ана туралы жыр»

Қорытынды.



  1. Тартқыншақтап кіріп ем,

Ұялып алғаш сыныпқа.

Қараңыздар мінекей,

Тұрысым бүгін бір басқа.

Осындай күнге жеткізген,

Баспалдақ өзің, бастауыш.

Жүректен шыққан алғысым,

Арнайды бүгін көп дауыс,

Алғысымыз көп айтатын,

Бастауышқа, сыныпқа,

Білім берген ұстазға,

Айтылар тілек бір басқа.


  1. Мектеп деген білім кені, жыр кені.

Мектеп деген ғылымның ең үлкені.

Мектеп деген тәрбиеші адамға.

Мектеп деген даналардың мекені.


  1. Мектебім-білім берер алтын ұям.

Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.

Баулыған 4 жыл бойы ата-анамдай

Әрқашан қасиетті атың маған.


  1. Арада өтсе дағы дүркіреп жыл,

Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.

Өзіңе борыштармын өмір бойы

Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.


  1. Абай атамыз «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» деген ғой.

Өмірге жол бір өзіңнен бастадым,

«А» әрпін алғаш сенен жаттадым.

Ұстазым естен кетпес мәңгілік,

Мейіріммен жауырымнан қаққаның.


  1. Өмірдегі небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер де, бәрі бір адамдарға қарыздар.Ол-ұстаз! Ұстазсыз өмірдің тұтқасын ұстау мүмкін емес.


Ұстаз болу-жүректің батылдығы,

Ұстаз болу- адамның ақылдығы.

Ұстаз болу- сезімнің күн шуағы

Ұстаз болу- адамның асылдығы.


  1. Мінезі гүл-гүл жайнаған,

Білімі бойда қайнаған.

Ұлағатты ұстазым,

Бала қамын ойлаған.


  1. Жанымды менің жайнатып,

Баураған өзің – мұғалім.

Өзіңмен бірге таң атып,

Өзіңмен бірге таң шығар.


  1. Әр шәкіртім ізім деп,

Береді терең білім көп.

Шуағын шашып жанының,

Қарайды жақсы күлімдеп!


  1. Көп оқып, көп білсем деп,

Кітап әлемін шарладым.

Ұстаздық ету -зор еңбек

Зор еңбек қашан еленбек?


  1. Аспаннан аппақ нұр себілді,

Сол нұр жанымды өбеді.

Жақсы адамды қалай айтпай қоясың,

Ұстаз мен сізге ұқсағым келеді.


  1. Келмейді тілек шектегім,

Мектепте өсіп көктедім.

Әліппенң жаттатқан,

Тілегім сізге көп менің.


  1. Терең ойлы сөздеріңді жаттаймын,

Үміт еткен сенімді ақтаймын.

Үзбей берген біліміңнен сусындап,

Жұмсақ жылы үніңді есте сақтаймын.






«ШҚО, Семей қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

«Бөкенші жалпы орта білім беретін мектебі» КММ













Сынып:4

Өткізген: Г.Е. Жумагелдинова







2016ж.
































Тақырыбы: «Тәуелсіз тұтқасы бізге аманат»

Мақсаты: Желтоқсан оқиғасында құрбан болған қаһармандар туралы айтады.Олардың ерліктерін есте сақтап, мақтан тұтады. Отанын, елін сүйе білетін патриот болып тәрбиелеу.

Өтілетін орны: акт залы.

Көрнекіліктер:безендірілген сахна, шарлар, слайдтар.

Барысы:

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Құрметті ұстаздар, ата-аналар және оқушылар. Сіздерді 16 желтоқсан Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймын. Заманымыз тыныш, ел іргесі аман болып, тәуелсіз еліміздің жас жеткіншектері өсе берсін деген тілек білдіре отырып, «Тәуелсіз тұтқасы бізге аманат» деген тақырыпта өтетін ашық тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер.

1.Тәуелсіз ел атандық,

Биік даңқың.

Бар әлемге әйгілі,

Мәлің атың,

Ата-баба қанымен

Келген бізге.

Тәуелсіздік құт болып,

Қонды еліме.

Қорғап сені өтетін

Өле -өлгенше мақтанамын

Мақтанамын әлемге

Мен азатпын.

2. Жаңа ғана қазағымның таңы атты,

Алу мақсат Ел алғыс деп, сауапты.

Әр отбасы, әрбір қазақ, әр адам

Тәуелсіздік сақтау үшін жауапты!

3. Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,

Туымызды ешкім бізге бермеді.

Ел тізгінін қолына алу жолында

Қыршын кетті талай қазақ ерлері.

4. Тәуелсіз боп атты халқым сенімі,

Мұз боп қатқан қайғы -мұңым еріді.

Ақ шыңдары тауларымның биіктеп,

Кең тыныстап ұлы далам кеңіді.

Ұл-қызымыз бар,даламыз бар ұлы кең.

Алдарыңда басымды иіп өр халқым.

Бірге: Құттықтаймыз мерекелі күніңмен!

5.Еркіндік ежелден ел тілегі еді,

Ертеңді ойлап көңілім серпіледі.

Еркіндіктің қадірін білетін ел,

Жалынды жастарымен желпінеді.

Елдікті ұран еткен ұлың мен ем,

Жеткізетін тарихты тілімменен,

Еркіндікке жетпеген оңайлықпен

Сан қырлы қазағымның сырын төгем.

6.Естіртем бар әлемге үніңді де,

Туған ел, арт, көтерем жүгіңді де

Отаным Қазақстан өрге басқан,

Тәуелсіз мен қазапын бүгін міне

7. Көз тойғысыз қазағымның жері бар,

Ну орманы, тау, өзені, көлі бар,

Қазағымның жерін, елін қорғайтын

Жас жеткіншек, ұланы бар, ері бар.

Міне, осындай егеменді еліміз,

Жазиралы, ұлан байтақ жеріміз.

Туған елін, туған жерін сүйетін,

Біз қазақтың ұланымыз, еріміз.

8 .Көк аспанда тулардың,

Желбіреген күні -бұл.

Елім деген ұлдардың,

Елжіреген күні бұл.

9.Атамекен ақ үйдің,

Азат болған күні бұл.

Құндақтағы сәбидің

Қазақ болған күні-бұл.


  1. Қазақстан егеменді ел, тәуелсіз ел,

Болашаққа нық басып, буынған бел.

Көкке өрлеген байрақты желбіретіп,

Қуаныш пен шаттыққа қадам басты ел!

11.Далада думан, қалада думан жыр бүгін,

Ғасыр бойы аңсай да күткен бүл күнім.

Жасай бер, жаса асқардан аса әрқашан,

Кеудеме әкеп қондырған бақыт бұлбұлым.

Тәуелсіз Қазақстан!

13.Ата- бабам аңсаған,

Күрес салып шаршаған.

Тәуелсіздік таңы атты,

Бақыттымын мен содан.

Ән: «Менің елім»

«Желтоқсан оқиғасы» туралы мағлұмат (слайдтар көрсету)

  1. 1986 жылы 16 желтоқсанда қазақтың санасын дүр сілкіндірген желтоқсан ызғары жылдар бойы арман мен тәуелсіздіктің қайнар көзі болды. Тәуелсіздік елімізге оңай келген жоқ, осы жолда талай боздақтар жанын қиды.



  1. Өз ана тілін, ұлтын, салт-дәстүрін, мәдениетін дамытам деген қазақтарға орыстың саясаты мүмкіндік бермеді. Сол үшін тәуелсіздіктің туын аңсаған қазақтың ұлтшыл ұлдары мен қыздары 1986 жылы 16 желтоқсанда Алматыдағы алаңға шеруге шықты.


  1. Ел үшін жанын қиып, жауды қуған,

Ерлерді ұмытса да ел ұмытпас.

Елі үшін төккен ерлер қанын жұтып,

Ерлерді ұмытса да ел жер ұмытпас.

17Желтоқсан заман толғағы байтақ даланың,

Шарпысқан сәтті үміт иен күдік наланың.

Желтоқсан- Қайрат, Ербол,Ләззат пенен Сәбира,

Құрбаны болған жаланың.

18.Ел басына күн туғанда,

Елпілдеген Ерболым

Қараша үйде түңліктей,

Желпілдеген Ерболым.

Қанішердің қолында,

Қаңсыраған Ерболым.

19.Бұлдыр, бұлдыр, бұлдыр күн ,

Қан жылатқан құрғыр күн.

Медет болған Алладан,

Тұнжыраған тұлдыр күн.

Алаштан озған жүйрігім,

Алтын діңгек, қазығым,

Аққудай аппақ нәзігім.

Мәбира апат болған күн.


  1. Сабира Мұхаметжанова 1965жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниге келген. Ол көк жасыл орман көмкерген, кербез Алтай тауының етегіндегі әсем қала Өскемендегі оқу орнының студенті еді.

21.Тапталмасын деп азақтың кек, ары,

Тәуелсіздіктің туын ұстап жоғары.

Топты бастап шықты Ләззат алаңға,

Толған еді он алтыға небары.

Қаһарман қыз-ғажап қыз,

Ұрандайды Ләззат қыз:

«Біз қазақпыз, қазақпыз!

Өмір керек азапсыз,

Ел боламыз егемен

Сонда ғана азатпыз!»




  1. Анасының жоқтауы:

Айдай аппақ Ләзкамды

Аямаған қан ішер

Туды екен білмеймін

Қай анадан қанішер (демалып)

Зарлағанда не табам,

Сабыр берсін жасаған.

Кімге ғана ұстатар

Қысқа ғұмыр қашаған?

Жауға қимас арыстай,

Тілегіңнен айналдым.

Қыз да болсаң намысты,

Жүрегіңнен айналдым.

Заманына қайқайып,

Қарсы тұрған боташым.

Алтын сақа асықтай

Алшы тұрған боташым.

Дәл өзіңдей қыз тапқан,

Мен де арман бар ма екен?

Қайтейін құдай, қайтейін?

23.Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков 1966жылы Жамбыл облысының Мойынқұм ауданындағы Құмөзек ауылында дүниеге келген. Ол Желтоқсан оқиғасы кезінде Алматы құрылыс -архитектура институтының студенті еді.

24.Әр дәуірдің еркіне сай нарқы өзгерген алтынның,

Айналайын, алтын әнім, жас өркені халқымның.

Желтоқсанда шырқаймын деп шындық жырын шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді елболам деп талпындың.


  1. Қорлай да беріп,

Титыққа орыс жетпесін.

Туған жердің намысы,

Бөтен қолда кетпесін.

Салт-санадан айырылып,

Арақтан ұрпақ азбасын.

Ел көркейтер азамат

Қызғаныштан тозбасын.

Қазақ деген атым бар,

Қайрат деген затым бар.

«Ереке тоқты құрбандық»

Атам десең атыңдар!

Хош аман бол артымда,

Ағайын, туған азамат.

Артымда қалған ата-анам

Ел -жұртым саған аманат!


Ән: «Желтоқсан желі»

26.Жас арудың жанарында -Желтоқсан,

Қанды ғасыр табанында – Желтоқсанда

Қаралы өмір қайыстырған халқымның

Қара тұман қабағында -Желтоқсан.


  1. Таңғажайып атың да дәл табылды,

Табылды да талай жұртқа танылды.

Туған елім көкке жеті көк туың,

Сен тәуелсіз мемлекетсің кәдімгі.


  1. Атыңнан айналайын егеменді ел!

Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.

Мерейің құтты болсын, Тәуелсіз ел!

Ғасырдың тойы болшы келе берер.


  1. Келешегін көретін өзі алыстан

Өзі қыран, өзі от, өзі арыстан.

Терезесі теңелген өзгелермен,

Өзімдікі Тәуелсіз Қазақстан!


    1. Қазақстан Тәуелсіздік бесігі

Бесігімде тербеледі дос үні,

Ұлттардың ұйып тұрған ұясы,

Ұмытпайық, ұлықтайық осыны.


  1. Қазақстан! Туды алтын дәуірің,

Алғандайсың жұлдыздардың жарығын,

Ұзақ болсын гүлденген бұл ғұмырың

Тәуелсіздік құтты болсын айбыным!


  1. Барлық ұлтты бауырына басатын,

Көкте туым желбіреген аса тым.

Тарихында өшпес -дағы ізі бар,

Егеменді елім менің жасасын!


  1. Армандарды жақындатып тым алыс,

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс

Егемендік- ел бақыты, ертеңі,

О, Халайық! Құтты болсын қуаныш

Ән: «Қазақстан»

Қорытынды.



«Бөкенші жалпы орта білім беретін мектебі» КММ









Тәрбие сағаты


Тақырыбы:


«Тәуелсіздік тұтқасы бізге аманат»






Сынып: 4

Өткізген: Жумагелдинова Г.Е.















2015ж.










































«Бөкенші жалпы орта білім мектебі»

КММ- нің 4- сынып оқушысы

Махмутова Аймөлдірге



Мінездеме

Махмутова Аймөлдір Нұрбекқызы 2006 жылы 20 ақпанда дүниеге келген.

Махмутова Аймөлдір 2012 жылдың 1қыркүйегінде мектеп табалдырығын аттады. Содан бері осы мектепте білім алып келеді.

Аймөлдір сыныптың оқу озаты, топ басшысы. Сабақты жақсы оқиды, қабілеті жоғары. Сабаққа белсене қатысады. Білімді, алғыр, ізденімпаз оқушы. Мектепте өтілетін интеллектуалды сайыстарға қатысып, жүлделі орындар алады. Қазақ тілі, әдебиеттік оқу, математика, музыка, дене шынықтыру пәндерін жақсы көреді.

Ұйымдастырушылық қабілеті жоғары. Мектепте өтетін іс- шараларға белсене қатысады.

Сонымен қатар ән айтып,би билегенді, спортпен шұғылданғанды жақсы көреді.

Сынып алдында беделді, достарымен қарым- қатынасы жақсы, тез тіл табы-сады.

Мінезі салмақты, еңбекқор, адамгершілігі мол, әр ісіне жауапкершілікпен қарайды.




Сынып жетекшісі: Г.Е.Жумагелдинова













«Бөкенші жалпы орта білім мектебі»

КММ- нің 4- сынып оқушысы

Алшерова Айнурға



Мінездеме

Алшерова Айнур Айдаркызы 2006 жылы 25 мамырда дүниеге келген.

Алшерова Айнур 2012 жылдың 1қыркүйегінде мектеп табалдырығын аттады. Содан бері осы мектепте білім алып келеді.

Айнур сыныптың оқу озаты, бірінші қатардың топ басшысы. Сабақты жақсы оқиды, қабілеті жоғары. Сабаққа белсене қатысады. Білімді, алғыр, ізденімпаз оқушы. Мектепте өтілетін интеллектуалды сайыстарға қатысып, жүлделі орындар алады. Қазақ тілі, әдебиеттік оқу, математика, музыка, дене шынықтыру пәндерін жақсы көреді. Өлеңдерді оқығанды ұнатады, нақышына келтіріп оқиды.

Ұйымдастырушылық қабілеті жоғары. Мектепте өтетін іс- шараларға белсене қатысады.

Сонымен қатар ән айтып,би билегенді, спортпен шұғылданғанды жақсы көреді.

Сынып алдында беделді, достарымен қарым- қатынасы жақсы, тез тіл табы-сады.

Мінезі салмақты, еңбекқор, адамгершілігі мол, әр ісіне жауапкершілікпен қарайды.





Сынып жетекшісі: Г.Е.Жумагелдинова












«Бөкенші жалпы орта білім мектебі»

КММ- нің 4- сынып оқушысы

Кабылтай Айнараға



Мінездеме

Кабылтай Айнара Нуртайкызы 2006 жылы 8 сәуірде дүниеге келген.

Кабылтай Айнара 2012 жылдың 1қыркүйегінде мектеп табалдырығын аттады. Содан бері осы мектепте білім алып келеді.

Айнара сыныптың оқу озаты, екінші қатардың топ басшысы. Сабақты жақсы оқиды, қабілеті жоғары. Сабаққа белсене қатысады. Білімді, алғыр, ізденімпаз оқушы. Мектепте өтілетін интеллектуалды сайыстарға қатысып, жүлделі орындар алады. Қазақ тілі, әдебиеттік оқу, математика, музыка, дене шынықтыру еңбекке баулу пәндерін жақсы көреді.

Ұйымдастырушылық қабілеті жоғары. Мектепте өтетін іс- шараларға белсене қатысады.

Сонымен қатар ән айтып,би билегенді, спортпен шұғылданғанды жақсы көреді.

Сынып алдында беделді, достарымен қарым- қатынасы жақсы, тез тіл табы-сады.

Мінезі салмақты, еңбекқор, адамгершілігі мол, әр ісіне жауапкершілікпен қарайды.






Сынып жетекшісі: Г. Е. Жумагелдинова












«Бөкенші жалпы орта білім мектебі»

КММ- нің 4- сынып оқушысы

Медхатов Ильярға



Мінездеме

Медхатов Ильяр Ильдарович 2006 жылы 11 ақпанда дүниеге келген.

Медхатов Ильяр 2012 жылдың 1қыркүйегінде мектеп табалдырығын аттады. Содан бері осы мектепте білім алып келеді.

Ильяр сыныптың оқу озаты, спорт секторы. Сабақты жақсы оқиды, қабілеті жоғары. Сабаққа белсене қатысады. Білімді, алғыр, ізденімпаз оқушы. Мектепте өтілетін интеллектуалды сайыстарға қатысып, жүлделі орындар алады. Әдебиеттік оқу, математика, музыка, дене шынықтыру еңбекке баулу пәндерін жақсы көреді.

Ұйымдастырушылық қабілеті жоғары. Мектепте өтетін іс- шараларға белсене қатысады.

Сонымен қатар ән айтып,би билегенді, спортпен шұғылданғанды жақсы көреді.

Сынып алдында беделді, достарымен қарым- қатынасы жақсы, досқа берік, тез тіл табысады.

Мінезі салмақты, еңбекқор, адамгершілігі мол, әр ісіне жауапкершілікпен қарайды. Алдына қойған мақсатына жету үшін алға қарай ұмтылады.





Сынып жетекшісі: Г. Е. Жумагелдинова












«Бөкенші жалпы орта білім мектебі»

КММ- нің 4- сынып оқушысы

Ахметбек Бакнұрға



Мінездеме

Ахметбек Бакнұр Бактыбекқызы 2006 жылы 10 қыркүйекте дүниеге келген.

Ахметбек Бакнұр 2012 жылдың 1қыркүйегінде мектеп табалдырығын аттады. Содан бері осы мектепте білім алып келеді.

Бакнұр сыныптың оқу екпіндісі, тазалық секторы. Сабақты жақсы оқиды, қабілеті жоғары. Сабаққа белсене қатысады. Білімді, алғыр, ізденімпаз оқушы. Мектепте өтілетін интеллектуалды сайыстарға қатысып, жүлделі орындар алады. Әдебиеттік оқу, математика, музыка, дене шынықтыру еңбекке баулу, бейнелеу өнері пәндерін жақсы көреді. Сурет салғанды және қол өнермен айналысқанды ұнатады.

Ұйымдастырушылық қабілеті жоғары. Мектепте өтетін іс- шараларға белсене қатысады.

Сонымен қатар ән айтып,би билегенді, спортпен шұғылданғанды жақсы көреді.

Сынып алдында беделді, достарымен қарым- қатынасы жақсы, тез тіл табы-сады.

Мінезі салмақты, еңбекқор, адамгершілігі мол, көмек көрсетуге дайын тұрады. Әр ісіне жауапкершілікпен қарайды.Алдына қойған мақсатына жетуге тырысады.






Сынып жетекшісі: Г. Е. Жумагелдинова












«Бөкенші жалпы орта білім мектебі»

КММ- нің 4- сынып оқушысы

Айтқалиева Арайлымға



Мінездеме

Айтқалиева Арайлым Айтқалиқызы 2006 жылы 3 қазанда дүниеге келген.

Айтқалиева Арайлым 2012 жылдың 1 қыркүйегінде мектеп табалдырығын аттады. Содан бері осы мектепте білім алып келеді.

Арайлымның ынтасы орташа. Сыныпта тазалық секторы қызметін атқарады. Сабақты жақсы оқуға талпынады. Сабаққа деген қызығушылығы бар, белсене қатысып отырады. Әдебиеттік оқу, дүниетану, музыка, дене шынықтыру еңбекке баулу, бейнелеу өнері пәндерін жақсы көреді. Сурет салғанды ұнатады. Мектепте өтетін іс- шараларға белсене қатысады.

Сонымен қатар ән айтып,би билегенді, спортпен шұғылданғанды жақсы көреді.

Сынып алдында беделді, достарымен қарым- қатынасы жақсы, тез тіл табы-сады.

Мінезі тұйық, еңбекқор, адамгершілігі мол, әр ісіне жауапкершілікпен қарай-ды.






Сынып жетекшісі: Г. Е. Жумагелдинова













«Бөкенші жалпы орта білім мектебі»

КММ- нің 4- сынып оқушысы

Искакова Данаға



Мінездеме

Искакова Дана Ержанқызы 2006 жылы 28 наурызда дүниеге келген.

Искакова Дана 2012 жылдың 1 қыркүйегінде мектеп табалдырығын аттады. Содан бері осы мектепте білім алып келеді.

Дананың ынтасы орташа. Сыныпта оқулық секторы қызметін атқарады. Сабақ кезінде білетін тапсырмалар болса қатысып отырады. Ұялады, сабақ оқуға тырысады, өзіне сенімсіз.Есте сақтау қабілеті жақсы. Мұғалімнің айтқанын ұғып алады. Математика пәнінен төмен, қиналады. Әдебиеттік оқу, музыка, дене шынықтыру еңбекке баулу, бейнелеу өнері пәндерін жақсы көреді. Сурет салғанды ұнатады. Мектепте өтетін іс- шараларға қатысады.

Сонымен қатар ән айтып,би билегенді, спортпен шұғылданғанды жақсы көреді.

Сынып алдында беделді, достарымен қарым- қатынасы жақсы, тез тіл табы-сады.

Мінезі тұйық, еңбекқор, адамгершілігі мол. Жақсылық жасауға әрқашан дайын тұрады.






Сынып жетекшісі: Г. Е. Жумагелдинова












«Бөкенші жалпы орта білім мектебі»

КММ- нің 4- сынып оқушысы

Жаксыбаев Серикке



Мінездеме

Жаксыбаев Серик Тургынович 2006 жылы 3ақпанда дүниеге келген.

Жаксыбаев Серик 2012 жылдың 1 қыркүйегінде мектеп табалдырығын аттады. Содан бері осы мектепте білім алып келеді.

Серик сыныптың екпінді оқушысы. Сабақ оқуға қабілеті бар, бірақ жал-қау.Сыныпта еңбек секторы қызметін атқарады. Сабақ кезінде қатысып отырады, қызығушылық танытады. Математика, дүниетану, музыка, дене шынықтыру бейнелеу өнері пәндерін жақсы көреді. Сурет салғанды ұнатады. Мектепте өтетін іс- шараларға қатысады.

Сонымен қатар ән айтып,би билегенді, спортпен шұғылданғанды жақсы көреді.

Сынып алдында беделді, достарымен қарым- қатынасы жақсы, тез тіл табы-сады.

Мінезі салмақты, еңбекқор, адамгершілігі мол. Жақсылық жасауға әрқашан дайын тұрады.Кішілерге қамқорлық көрсете біледі.






Сынып жетекшісі: Г. Е. Жумагелдинова












«Бөкенші жалпы орта білім мектебі»

КММ- нің 4- сынып оқушысы

Жаманов Исламға



Мінездеме

Жаманов Ислам Халелович 2005 жылы 7 қазанда дүниеге келген.

Жаманов Ислам 2012 жылдың 1 қыркүйегінде мектеп табалдырығын аттады. Содан бері осы мектепте білім алып келеді.

Ислам сыныптың екпінді оқушысы. Сабақ оқуға қабілеті бар, бірақ жал-қау.Сыныпта мәдени секторы қызметін атқарады. Сабақ кезінде қатысып отырады, қызығушылық танытады. Әдебиеттік оқу , дүниетану, музыка, бейне-леу өнері пәндерін жақсы көреді. Сурет салғанды ұнатады. Мектепте өтетін іс- шараларға қатысады.

Сонымен қатар ән айтып,би билегенді, спортпен шұғылданғанды жақсы көреді.

Сынып алдында беделді, достарымен қарым- қатынасы жақсы, тез тіл табы-сады.

Мінезі қалыпты, еңбекқор, адамгершілігі мол. Жақсылық жасауға әрқашан дайын тұрады.





Сынып жетекшісі: Г. Е. Жумагелдинова












«Бөкенші жалпы орта білім мектебі»

КММ- нің 4- сынып оқушысы

Асанов Ілиясқа



Мінездеме

Асанов Ілияс Мұратжанұлы 2005 жылы 7 желтоқсанда дүниеге келген.

Асанов Ілияс 2012 жылдың 1 қыркүйегінде мектеп табалдырығын аттады. Содан бері осы мектепте білім алып келеді.

Ілиястың ынтасы орташа. Сабақ оқуға қабілеті орташа.Сыныпта еңбек секторы қызметін атқарады. Сабақ кезінде қатысып отыруға тырысады, қызы-ғушылық танытады. Математика, дүниетану, музыка, бейнелеу өнері пәндерін жақсы көреді. Сурет салғанды ұнатады. Сурет салу қабілеті жоғары Бейнелеу өнері пәні бойынша қалалық олимпиадаға қатысты.Мектепте өтетін іс- шараларға қатысады.

Сонымен қатар ән айтып, спортпен шұғылданғанды жақсы көреді.

Сынып алдында беделді, достарымен қарым- қатынасы жақсы, тез тіл табы-сады.

Мінезі салмақты, еңбекқор, адамгершілігі мол.





Сынып жетекшісі: Г. Е. Жумагелдинова















«Бөкенші жалпы орта білім мектебі»

КММ- нің 4- сынып оқушысы

Нұрғазин Бекзатқа



Мінездеме

Нұрғазин Бекзат Болатұлы 2006 жылы 30 қазанда дүниеге келген.

Нұрғазин Бекзат 2012 жылдың 1 қыркүйегінде мектеп табалдырығын аттады. Содан бері осы мектепте білім алып келеді.

Бекзаттың ынтасы орташа. Сабақ оқуға қабілеті орташа. Сыныпта еңбек секторы қызметін атқарады. Сабақ кезінде қатысып отырады отырады. Әдебиеттік оқу, қазақ тілі, дүниетану, музыка, бейнелеу өнері пәндерін жақсы көреді. Сурет салғанды ұнатады. Мектепте өтетін іс- шараларға қатысады.

Сонымен қатар ән айтып, би билегенді жақсы көреді.

Сынып алдында беделді, достарымен қарым- қатынасы жақсы, тез тіл табы-сады.

Мінезі салмақты, еңбекқор, адамгершілігі мол.





Сынып жетекшісі: Г. Е. Жумагелдинова















«Бөкенші жалпы орта білім мектебі»

КММ- нің 4- сынып оқушысы

Рамазанов Әділге



Мінездеме

Рамазанов Әділ Серікжанұлы 2006 жылы 7 желтоқсанда дүниеге келген.

Рамазанов Әділ 2012 жылдың 1 қыркүйегінде мектеп табалдырығын аттады. Содан бері осы мектепте білім алып келеді.

Әділдің ынтасы орташа. Сабақ оқуға қабілеті орташа. Сыныпта еңбек секторы қызметін атқарады. Сабақ кезінде қатысып отырады отырады. Әдебиеттік оқу, қазақ тілі, дүниетану, музыка, еңбекк баулу пәндерін жақсы көреді. Мектепте өтетін іс- шараларға қатысады.

Сонымен қатар ән айтып, би билегенді, спортпен шұғылданды жақсы көреді.

Сынып алдында беделді, достарымен қарым- қатынасы жақсы, тез тіл табы-сады.

Мінезі салмақты, еңбекқор, адамгершілігі мол. Үлкендерге көмектесіп, кішіге қамқор бола алады.





Сынып жетекшісі: Г. Е. Жумагелдинова















«Бөкенші жалпы орта білім мектебі»

КММ- нің 4- сынып оқушысы

Рашитов Асланға



Мінездеме

Рашитов Аслан Мейрканович 2005 жылы 15 желтоқсанда дүниеге келген.

Рашитов Аслан 2012 жылдың 1 қыркүйегінде мектеп табалдырығын аттады. Содан бері осы мектепте білім алып келеді.

Аслан ынтасы орташа. Сабақ оқуға қабілеті орташа. Сыныпта мәдени секторы қызметін атқарады. Сабақ кезінде қатысып отырады. Әдебиеттік оқу, қазақ тілі, дүниетану, музыка, бейнелеу өнері, еңбекк баулу пәндерін жақсы көреді. Мектепте өтетін іс- шараларға қатысады. Ұйымдастырушылық қабілеті жоғары. Қимылы шапшаң.

Сонымен қатар ән айтып, би билегенді, спортпен шұғылданды жақсы көреді.

Сынып алдында беделді, достарымен қарым- қатынасы жақсы, досқа берік, тез тіл табысады.

Мінезі қалыпты, еңбекқор, адамгершілігі мол. Үлкендерге көмектесіп, кішіге қамқор бола алады. Жақсылық жасауға әрқашан дайын тұрады.





Сынып жетекшісі: Г. Е. Жумагелдинова















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Сөз таптары

Автор: Жумагелдинова Гульнур Еркинбековна

Дата: 07.12.2016

Номер свидетельства: 366710

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) "Конспект урока на тему "С?з таптары""
    ["seo_title"] => string(32) "konspiekturokanatiemusoztaptary1"
    ["file_id"] => string(6) "303080"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457423375"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) "С?з таптары ашы? саба? "
    ["seo_title"] => string(23) "soz-taptary-ashyk-sabak"
    ["file_id"] => string(6) "204635"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1429702054"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "С?з таптары ?аза? тілі (2 сынып) "
    ["seo_title"] => string(31) "soz-taptary-k-azak-tili-2-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "212944"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1431954537"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(109) "?аза? тілі п?нінен "С?з таптары" та?ырыбы бойынша саба? жоспар "
    ["seo_title"] => string(65) "k-azak-tili-p-ninien-soz-taptary-tak-yryby-boiynsha-sabak-zhospar"
    ["file_id"] => string(6) "245337"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1446118443"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(111) "?аза? тілі п?нінен "С?з таптары" та?ырыбы бойынша саба? жоспары "
    ["seo_title"] => string(66) "k-azak-tili-p-ninien-soz-taptary-tak-yryby-boiynsha-sabak-zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "245340"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1446119015"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства