Пәні | Әдебиеттік оқу | 4-сынып | Мұғалім: Нұрғалиева Б.Қ. |
Тақырыбы | Сөз мәйегі. Б.Дүйсенбаев |
Мақсаты | Оқушылар тақырыпты түсініп оқу арқылы біліктілігін, сөздік қорын жетілдіреді, жан-жақты ойлауға үйренеді |
Жалпы мақсат | Тақырыпты түсініп оқи білуге баулу. Тілін, сөздік қорларын дамыту арқылы сабаққа деген қызығушылығын арттыру |
Күтілетін нәтиже | Қажеттілікті жүзеге асырады, алған білімдерін қолдануды үйренеді, сауаттылықтары қалыптасады, көшбасшылықты көрсетеді |
7 модульдің қолданылуы | АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”. |
Қолданылатын әдіс-тәсілдер | Кім шапшаң, Сөзімді аяқта, Автор орындығы |
Қолданылатын ресурстар | Флипчарт, маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер, ноутбук |
Ұйымдастыру кезеңі Тренинг | Оқушыларды суреттер арқылы топқа бөлу Алтын ереже құру қажеттігі туралы айту. Әр топқа бағалау парағын таратып беру. Фигуралармен бағалау әдісімен бағалау үшін фигуралар таратып беру «Сандарды бейнеле» ойыны арқылы психологиялық ахуалды жақсарту | Оқушылар топқа бөлініп, өз топ басшыларын сайлайды. Топ ішінде тәртіп ережелері талданып, сол арқылы сыныптың алтын ережесін құрады. Бағалау парағы арқылы топбасшылар өз топ мүшелерін бағалап отырады. қимылымен бейнелеу. |
Сабақ кезеңдері | Тапсырма | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушылардың іс-әрекеті |
Білім Қызығушылықтарын ояту | «Кім шапшаң» ойынын пайдалану арқылы сұрақ жауап сәтін өткізу | Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы әр топты диалогқа түсіру. Өткен тақырып арналған үй тасырмасын қайталауға сұрақтар жасалып, интерактивті тақтада көрсетіледі. кроссворд, карточкалар | Мұғалім берген тапсырманы орындау Слайдта жазылған барлық қайталау сұрақтары мен тапсырмалар интерактиті тақтамен беріліп, әр топ өз білгендерін, білетіндерін сыни тұрғыдан ойлау арқылы нақты дәлелдермен жауап береді, карточкамен жауап беру |
Түсіну | «Сөзімді аяқта» ойыны арқылы өткен тақырыпты қайталау жаңа тақырыпты өздері ашады | Жаңа сабақты бастамас бұрын ой қозғау мақсатында оқушыларға сұрақ арқылы өткен тақырыпты еске түсіруге байланысты бірненше тапсырмалар беру слайд арқылы, ол тапсырма аяқталмаған | Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген тапсырмаларды қатесіз топпен орындау, білімдерін тексеру. Топпен жұмыс жасау |
Қолдану | Адамдық борышың Постермен жаңа тақырыпты қорғау | жаңа тақырыпты оқушыларға қысқаша түсіндіру мақсатында жаңа материалдарға байланысты ресурстар беру, өз беттерінше дайындық жасату. Кітаппен жұмыс жасату. Постер арқылы тақырыптарын қорғату | Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту Постер арқылы бар білімдерін топпен талқылап ортаға топтан оқушы шығып, тапсырманы постер арқылы қорғайды және өз пікірлерін ортаға салады., бір-біріне түсіндіреді |
Сергіту сәті | «Балапандар биі» | Оқушылармен бірге сергіту сәтін жасау | Бейнероликтегідей жаттығулар жасайды. |
Талдау | «Автор » орындығы Тақырып туралы ойларын жеткізу | Топтарға жаңа тақырып бойынша және өткен сабақты толық меңгерту мақсатында тапсырмалар беріледі. Сұрақтар мен қосымша тапсырмалар жаңа тақырып бойынша, сабақты қалай түсінгендігін тексеру және сұрақтар беру арқылы жұмыс істеу. Топпен талқылату. | Берілген жаңа тақырыпты топтан талқылайды, өз ойларын ортаға салады, тексереді, нәтижесін жазған оқушы ортаға шығып орындыққа отырып оқиды. Қосымша сұрақтарға жауап береді. Берілген сұрақтар арқылы топтар бір-біріне сұрақ қою арқылы диалогке түседі. |
Жинақтау | Шығармашылық тапсырма (тақырыпты жинақтау, бағалау) | Жаңа тақырыпқа байланысты топпен оқушылар мақал-мәтелдер жазады | Оқушылар берілген сұраққа өз ойларын мақал-мәтел арқылы жеткізеді |
Бағалау | Оқушылар бүгінгі сабаққа деген ойын стикерге жазып, тақтаға іледі | Мұғалім әр топқа бағалау критерийлерін таратады, бағалау парақшаларын береді | Оқушылар бағалау критерийлерін пайдаланып бағалайды |
Рефлексия | Стикерлерді толтыру | Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну | Ұсынылған стикерді толтыру |