1-жатты?у. С?здерді о?ып,т?сында?ы с?ра??а жауап бер.?р с?з табына ?ойылатын с?ра?тарды? ?р бас?а болуын д?лелдеп к?р.?р с?з табынан бір с?зге сатылай кешенді талдау жасау.
1-жаттығу. Сөздерді оқып,тұсындағы сұраққа жауап бер.Әр сөз табына қойылатын сұрақтардың әр басқа болуын дәлелдеп көр.Әр сөз табынан бір сөзге сатылай кешенді талдау жасау.
2-жаттығу (слайд)
Жаңылтпашты оқып,жатқа жаз.
Үш ішік тыстадым,
Үш үскі ұштадым.(үскі-былғарыны,ағашты,т.б.тесетін іші қуыс біз)
Сөздердің қай сөз табына жататынан анықта.
3-жаттығу
Мәтінді оқу.
-Мәтінде не туралы айтылған? (слайд)
Борсық-сусар тұқымдасына жататын жыртқыш айуан.Көбінесе шөпті оның тамыры мен тұқымын ,майда жәндіктерді жеп қоректенеді.Көктемде құстарды,олардың балапандарын жейді.
-Мәтіннің бастапқы бөлігін көшіріп жазып,сөз таптарына талда.
-Бұл мәтіннің қай түрі?
V Сергіту сәті(слайд)
Өлеңнен түсіп қалған сөздерді төменнен тауып,өз орнына қою
(Тәртіпті )бала-сүйеніш,
Төбең бір көкке жетеді.
Тәртіпсіз ( бала)-күйініш,
Төмендеп басың кетеді.
(Ұрыншақ) бала жаныңда
Ұрыс пен(керіс)айқай-шу.
(Ұстамды)бала маңынан
(Ұнамды)қылық байқайсың.Түсіп қалған сөздер қай сөз табы.
4-жаттығу
Берілген зат есімдерді сын есім,сан есім,етістіктермен тіркестіріп жаз.
Сөздерге сұрақ қойып олардың қай сөз табы екенін анықта.Жұмбақтың шешуіндегі сөзбен әңгіме құра.
Шілдер-тауық тәрізділер отряды,қырғауылдар тұқымдасына жататын құстар.2 түрі бар сұр шіл,сақалды шіл.дене тұрқы 35смсалмағы 500г.Қауырсыны сұрғылт,онда көлденең жолақты қара дақтары ,бүйірінде қоңырау жолақтары бар.