Қолданылытын әдістер : сұрақ-жауап,түсіндіру,талдау,ажырату,салыстыру.
Көрнекілігі интерактивті тақта, раушан гүлі.
Сабақтың барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылардың назарын сабаққа аудару.Психологиялық дайындық. Отан үшін, халық үшін
Талмай еңбек етеміз
Оқып-біліп құлшынамыз
Жеңістерге жетеміз
Топқа бөлу
Ерте,ерте ертеде бір сөздер атты қарт өмір сүріпті.Оның тоғыз ұлы болыпты.Барлық ұлдары тату-тәтті бір отауда тұрыпты.Қарт балаларын еңбек етуге үйретеді. Кейбір балаларының еңбек етуге жалқау екенін қарт байқайды да, балаларын жинап алып.Балаларым мен қартайдым барлығыңды көзімнің тірісінде бөлек отау етіп шығарамын, әрқайсысың еңбек етіп өз күндеріңді өздерің көріңдер- депті. Сөйтіп әр баласына қарт отау тіккізеді.Осылайша қарттың жалқау балалары бөлек отау болғаннан кейін еңбек етіп бір-бірін демеп көмектесіп бір-біріне септігі тиіп бірін-бірі қадірлейтін болған екен.
Ал балалар біз қарттың қай баласымен таныспыз (зат есім, сан есім, сын есім, етістік )Ендеше біздің сабағымыздың бүгінгі тақырыбы. Сөз таптарын қайталау.