kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Сөйлем туралы түсінікті пысықтау" ашық сабақ

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың тақырыбы: Сөйлем туралы түсінікті пысықтау

Мақсаты: Оқушыда сөйлем, сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөліну түрлері туралы топтастырылған ұғымды пысықтау, рефлексиялық жаттығуларды орындау арқылы оқушылардың байланыстырып сөйлеуін дамыту. Бірлесіп топпен жұмыс істеуге баулу, алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу.

Сабақтың міндеті: Балаларды топпен жұмыс істеуге, пікірлерін айта білуге баулу, сөйлем мен сөздерді талдату.

Сабақтың түрі: қайталау сабағы

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: флипчаттар, тест тапсырмалары, слайд

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру. Амандасу

Күн шуағын алақанға саламын,

Жүрегіме қысып ұстап аламын.

Ізгі, нәзік, мейірімді болып кетер

Сонда менің жан-жағым.

Кіріспе сөз. Сонымен, бүгін біз әлемдегі ең үлкен ел «Синтаксис еліне» саяхатқа шығамыз. Олай болса сендерге сәт-сапар тілеймін! Жолда кездескен тапсырмаларды мүдірмей орындап, жауаптарын дұрыс табуларыңа тілектеспін.

Балалар, өздерің білесіңдер, Астана қаласынан Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында «Денсаулық поезы» шықты. Ол біздің ауылымыз Матайға да келеді.

Біз де саяхатқа шығу үшін тіркескен вагондары бар поезға отырамыз. Әр вагонда жұмбақтар жасырылған.

  1. Жылт-жылт етеді, жылғадан өтеді (су)

  2. Тәтті, тәттінің іші қатты, қаттының іші тәтті (өрік)

  3. Сөз басында өте сирек кездесетін әріп, ол «И»-дің сыңары (й)

  4. Балықта бар, нанда жоқ, халықта бар, жанда жоқ (л)

  5. Ти десем тимейді, тиме десем тиеді (ерін)

  6. Отқа жанбас, суға батпас (мұз)

Әр жұмбақтың шешуін тауып, бірінші әріптерінен қай сөз шықты? «Сөйлем»

Поезд тоқтап қалды, көмекке келейік. Қане, бірлесіп берілген тапсырмаларды орындап жіберейік.

  1. Сөйлем деген не? Сөйлем неден тұрады?

  2. Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?

  3. Сөйлемнен соң қандай тыныс белгілері қойылады?

Кітаппен жұмыс. Оқулықтағы жаттығулар мен оқулықтан тыс жаттығулар орындатылады.

І топ. 200-жаттығу. Өлеңді дауыс ырғағымен оқып, сұраулық мағына беріп тұрған сөзді табу. Сұраулы сөйлемді, лепті сөйлемді, хабарлы сөйлемге айналдыру.

ІІ топ. 201-жаттығу. Тиісті тыныс белгісін қойып айту. Қандай сөйлем екенін анықтау.

ІІІ топ. 203-жаттығу. Тиісті тыныс белгісін қою.

ІҮ топ. 204-жаттығу. Сөйлемдерді мазмұнына қарай топтап айту.

Хабарлы сөйлем           Мал жайылады.

Сұраулы сөйлем           Мысық қалай дыбыстайды?

Лепті сөйлем                Міне, жігіт!

Сөйлемдегі сөздердің бір-бірінен өзгешелігін не арқылы байқадық? Сөйлемдегі дауыс кідірісін сақтап оқу арқылы бір-біріне ұқсамайтынын байқадық.

Бұл сөйлемдер айтылу мақсатына қарай біреуі хабарлап тұрса, екіншісі сұраулық мағына берді, үшіншісі таңдану, сүйсінуді білдіреді.

Сергіту сәті. Слайд арқылы «Көңілді күн» сергіту жаттығуын жасату.

         «Орныңды тап» дидактикалық ойыны. Қима қағаздарды топтарға үлестіру. Қандай әріптен басталып жазылғаны, не үшін тыныс белгісі қойылғанына назар аудару.

Сабақты бекіту. «Сөйлем жайлы не білеміз?» слайд арқылы сөйлем туралы білмдерін толықтыру.

Астана – Сөйлем неден құралады?

Алматы – Сөйлем қандай әріптен басталады?

Талдықорған – Сөйлемнен соң қандай тыныс белгілері қойылады?

Матай – Сөйлемде сөздер қалай жазылады?

Бағалау. Рефлексиялық бағалау арқылы оқушылар бүгінгі сабақ бойынша өз ойларын айтады, қорытындысын жасайды.

Кері байланыс.

  • Бүгінгі сабақта нені қайталадық?

  • Не түсіндіңдер?

  • Не ұнады?

  • Неге ұнады?

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Сөйлем туралы түсінікті пысықтау" ашық сабақ»

Сабақтың тақырыбы: Сөйлем туралы түсінікті пысықтау

Мақсаты: Оқушыда сөйлем, сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөліну түрлері туралы топтастырылған ұғымды пысықтау, рефлексиялық жаттығуларды орындау арқылы оқушылардың байланыстырып сөйлеуін дамыту. Бірлесіп топпен жұмыс істеуге баулу, алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу.

Сабақтың міндеті: Балаларды топпен жұмыс істеуге, пікірлерін айта білуге баулу, сөйлем мен сөздерді талдату.

Сабақтың түрі: қайталау сабағы

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: флипчаттар, тест тапсырмалары, слайд

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру. Амандасу

Күн шуағын алақанға саламын,

Жүрегіме қысып ұстап аламын.

Ізгі, нәзік, мейірімді болып кетер

Сонда менің жан-жағым.

Кіріспе сөз. Сонымен, бүгін біз әлемдегі ең үлкен ел «Синтаксис еліне» саяхатқа шығамыз. Олай болса сендерге сәт-сапар тілеймін! Жолда кездескен тапсырмаларды мүдірмей орындап, жауаптарын дұрыс табуларыңа тілектеспін.

Балалар, өздерің білесіңдер, Астана қаласынан Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында «Денсаулық поезы» шықты. Ол біздің ауылымыз Матайға да келеді.

Біз де саяхатқа шығу үшін тіркескен вагондары бар поезға отырамыз. Әр вагонда жұмбақтар жасырылған.

  1. Жылт-жылт етеді, жылғадан өтеді (су)

  2. Тәтті, тәттінің іші қатты, қаттының іші тәтті (өрік)

  3. Сөз басында өте сирек кездесетін әріп, ол «И»-дің сыңары (й)

  4. Балықта бар, нанда жоқ, халықта бар, жанда жоқ (л)

  5. Ти десем тимейді, тиме десем тиеді (ерін)

  6. Отқа жанбас, суға батпас (мұз)

Әр жұмбақтың шешуін тауып, бірінші әріптерінен қай сөз шықты? «Сөйлем»

Поезд тоқтап қалды, көмекке келейік. Қане, бірлесіп берілген тапсырмаларды орындап жіберейік.

  1. Сөйлем деген не? Сөйлем неден тұрады?

  2. Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?

  3. Сөйлемнен соң қандай тыныс белгілері қойылады?

Кітаппен жұмыс. Оқулықтағы жаттығулар мен оқулықтан тыс жаттығулар орындатылады.

І топ. 200-жаттығу. Өлеңді дауыс ырғағымен оқып, сұраулық мағына беріп тұрған сөзді табу. Сұраулы сөйлемді, лепті сөйлемді, хабарлы сөйлемге айналдыру.

ІІ топ. 201-жаттығу. Тиісті тыныс белгісін қойып айту. Қандай сөйлем екенін анықтау.

ІІІ топ. 203-жаттығу. Тиісті тыныс белгісін қою.

ІҮ топ. 204-жаттығу. Сөйлемдерді мазмұнына қарай топтап айту.

Хабарлы сөйлем Мал жайылады.

Сұраулы сөйлем Мысық қалай дыбыстайды?

Лепті сөйлем Міне, жігіт!

Сөйлемдегі сөздердің бір-бірінен өзгешелігін не арқылы байқадық? Сөйлемдегі дауыс кідірісін сақтап оқу арқылы бір-біріне ұқсамайтынын байқадық.

Бұл сөйлемдер айтылу мақсатына қарай біреуі хабарлап тұрса, екіншісі сұраулық мағына берді, үшіншісі таңдану, сүйсінуді білдіреді.

Сергіту сәті. Слайд арқылы «Көңілді күн» сергіту жаттығуын жасату.

«Орныңды тап» дидактикалық ойыны. Қима қағаздарды топтарға үлестіру. Қандай әріптен басталып жазылғаны, не үшін тыныс белгісі қойылғанына назар аудару.

Сабақты бекіту. «Сөйлем жайлы не білеміз?» слайд арқылы сөйлем туралы білмдерін толықтыру.

Астана – Сөйлем неден құралады?

Алматы – Сөйлем қандай әріптен басталады?

Талдықорған – Сөйлемнен соң қандай тыныс белгілері қойылады?

Матай – Сөйлемде сөздер қалай жазылады?

Бағалау. Рефлексиялық бағалау арқылы оқушылар бүгінгі сабақ бойынша өз ойларын айтады, қорытындысын жасайды.

Кері байланыс.

  • Бүгінгі сабақта нені қайталадық?

  • Не түсіндіңдер?

  • Не ұнады?

  • Неге ұнады?



Берликенова Нұрбала Кәрібайқызы

Бастауыш сынып мұғалімі

«Матай орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Матай станциясы

Ақсу ауданы

Алматы облысы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
"Сөйлем туралы түсінікті пысықтау" ашық сабақ

Автор: Берликенова Нурбала Карибаевна

Дата: 18.04.2017

Номер свидетельства: 409891

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(92) "C?з. С?з туралы білімдерін пысы?тау. "?скердегі а?ама""
    ["seo_title"] => string(47) "cozsozturalybilimdierinpysyktauskierdieghiagama"
    ["file_id"] => string(6) "330768"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1464367504"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "Ашы? саба?: "Етістік""
    ["seo_title"] => string(22) "ashyk-sabak-ietistik-3"
    ["file_id"] => string(6) "311384"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459187138"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) "Ашы?  саба?  "Етістіктен ?ткенді  ?айталау" "
    ["seo_title"] => string(43) "ashyk-sabak-ietistiktien-otkiendi-k-aitalau"
    ["file_id"] => string(6) "162310"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422345903"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(95) ""Етістіктен ?ткенді ?айталау" ?аза? тілінен ашы? саба? "
    ["seo_title"] => string(59) "ietistiktien-otkiendi-k-aitalau-k-azak-tilinien-ashyk-sabak"
    ["file_id"] => string(6) "208485"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1430824931"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(71) "Саба?ты? та?ырыбы:"Баяндауышты пысы?тау""
    ["seo_title"] => string(43) "sabak-tyn-tak-yryby-baiandauyshty-pysyk-tau"
    ["file_id"] => string(6) "265462"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1449940800"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства