Басы 2 минут 3 минут | Психологиялық ахуал қалыптастыру. Осы біздер қандаймыз? Талабы биік таудаймыз Ақылдымыз, парасаттымыз, көңілдіміз Үлекенге ізеттіміз, Кішіге құрметтіміз, Көп оқимыз, өнерліміз Бүгінгі сабақ ережесі. Мәтіналды тапсырма. «Мен саған, сен маған» әдісі Оқушылар тақырып бойынша өзара сұрақ қойып, жауап береді. | Психологиялық ахуал, сабаққа назар аудару Өлеңді хормен айтады. Жұмыс ережесі: * сабақта бір – бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз! * уақытты үнемдейміз, бағалаймыз! * нақты дәл жауап береміз! * сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз! * сабаққа белсене қатысамыз, тырысамыз! Оқушы сұрақ қояды, келесі оқушы сұраққа жауап береді. Мысалы: -Сөйлемнің бірыңғай мүшесі дегеніміз не? - Сөйлемдегі бірыңғай мүшелер бір ғана сұраққа жауап береді. - Сөйлемде бірыңғай мүшелер қалай байланысады? - Бірыңғай мүшелер сөйлемдегі бір мүшемен ғана байланысады. - Абай Құнанбаев қай жылы дүниеге келген? - Абай қай жерде дүниеге келді? - Абайдың қандай өлеңдерін білесің? - Өлеңнен басқа Абай тағы не жазған? | ҚБ: «Шапалақ» арқылы бір – бірін бағалау. | |
Ортасы минут | 1- тапсырма Абайдың он тоғызыншы қара сөзінен үзінді оқы. Сөйлемнен бірыңғай мүшелерді тап, астын сыз. Адам ата – анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Бағалау критериі: - сөйлемнің бірыңғай мүшелерін ажырату; - тыныс белгілерін қою ережесін білу. Дескриптор: - қара сөзді оқиды; - сөйлемнің бірыңғай мүшелерін ажыратады; - сөйлемде бірыңғай мүшелердің тиісті тыныс белгілерін қою ережесін біледі, - бірыңғай мүшелердің астын сызады. | Оқушылар он тоғызыншы қара сөзді оқиды, сөйлемнің бірыңғай мүшелерін табады, астын сызады. | ҚБ «Басбармақ» бірін – бірі бағалау | https://www.youtube.com/watch?v=oXz7hC8QGU8 |
8 минут | 2 – тапсырма Көп нүктенің орнына тиісті бірыңғай мүшелерді қойып, сөйлемді көшіріп жаз. Абай жастарды ..., ...., ..., ..., ... болуға шақырады. Бағалау критериі: - көп нүктенің орнына тиісті бірыңғай мүшелерді табу; - көркем жазу. Дескриптор: - көп нүктенің орнына бірінші бірыңғай мүшені қояды. -көп нүктенің орнына екінші бірыңғай мүшені қояды. - көп нүктенің орнына үшінші бірыңғай мүшені қояды. - көп нүктенің орнына төртінші бірыңғай мүшені қояды. - көп нүктенің орнына бесінші бірыңғай мүшені қояды. - мәтінді көркем көшіріп жазады. Сергіту сәті: «Бас, иық, тізе, аяқ» биі 3 –тапсырма Семантикалық картаны толтыр. Сөйлемдер | Сөйлемде бастауыш қызметін атқарып тұрған бірыңғай мүшелері бар сөйлем | Сөйлемде баяндауыш қызметін атқарып тұрған бірыңғай мүшелері бар сөйлем | Тұрлаусыз мүшелері бар бірыңғай мүшелер | Арман, Даурен, Берік киноға барды. | | | | Дала қызыл, сары, жасыл түстермен құлпырып тұр. | | | | Далада жел ысқырады, гүрілдейді. | | | | Бағалау критериі: - берілген сөйлемдерде бірыңғай мүшелерді анықтау; - қай мүшенің қызметін атқаратынын табу. Дескриптор: кестедегі сөйлемдерді оқиды; бірыңғай мүшелер ненің қызметін атқаратынын табады; сәйкес «+» таңбасын қояды. | Көп нүктенің орнына тиісті бірыңғай мүшелерді қойып, сөйлемді көшіріп жазады. | Бірін- бірі бағалау ҚБ: «Бағдаршам» арқылы топтық бағалау | https://www.youtube.com/watch?v=by8NcRAsRAE |
Кері байланыс | Рефлексия «Білім себеті» Өте жақсы түсіндім, мен үшін қызықты болды Мен сабақты жақсы түсіндім Мен сабақты түсінбедім, қиналдым Үйге тапсырма | Өзін – өзі бағалау парақшаларындағы жинаған балдарын санайды | Рефлексия | |