.Қане сабақты бастамас бұрын топқа бөлініп алайық.Менің үстелімнің үстіндегі қалаған суреттеріңізді алыңыз.Сол сурет бойынша топтасайық .-Балалар бұлар ненің суреттері? -Қалай ойлайсыңдар неліктен біз төрт түлік бойынша топқа бөліндік? «Қошақан» «Ботақан» «Бұзауқан» «Құлыншақ» Әр топтан қай малдың төлі екенін сұрау. -Балалар сендер ертегі ұнатасыңдарма? -Балалар тақтаға қарайық бұл қай ертегі? -Бауырсақ кімнен қашып барады? -Балалар қоян сендерге тапсырма алып келген егерде тапсырманы орындай алмасаңдар қоян бауырсақты жеп қояды.» «Қошақан» Боз бие.Құлыншақ. «Ботақан» Жаңылтпаш,мақалдар. «Бұзауқан» Дауысты дыбыстар «Құлыншақ» Дауыссыз дыбыстар Әр топты бағалай отырып,әр топтың төлдерінен енелерін сұрай отырып бқзаудың енесін қалай атайды деп сұраймын.Олай болса мына интертақтаға қарайық.Сиыр қандай болады екен,ал бұзауы ше?Сиырдың қандай пайдасы бар екен.Сиыр сүтінен қандай тағамдар алынады екен? Жаңа сабақ Сиыр.Ақ бұзау. Жуан дауыстылар 28-29жаттығулар Балалар, дауысты жуан дыбыстарды кім маған атап береді?Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар?Оның нешеуі жуан, нешеуі жіңішке? Балалар бауырсақ қасқырға тап болды ,енді қасқырдың тапсырмасын орындап бауырсақты кұтқарайық.Кітапты ашайық 28-жаттығуды қатесіз жазып жуан дауыстыларды табатын болсақ қасқырдан да құтыламыз. Дәптермен жұмыс. 28-жаттығу 1. Өлеңді мәнерлеп оқып, көшіріп жазыңдар. 2. Сөздерден жуан дауысты дыбыстарды тап? Сиыр Мінезім жайлы –сиырмын, Байлығымын бір үйдің. Сырымды менің ұғып ал: Етім –дәмді, сүтім - бал. Оқулықпен жұмыс. Оқушыларға өлеңді тізбектей оқыту. Ж.Смақовтың «Ақ бұзау» өлеңі Ақ бұзауым ұнайды «Мө-мө» деп сүт сұрайды Ақ бұзауды бағамын Апамнан алғыс аламын. Келеді өсіп күн санап, Қоямын ба тұмшалап. Тұмсығын созып қарайды, Тілімен мұрнын жалайды. .Аюдың тапсырмасы. Аю ойынды жақсы көреді.Аюдың ойынын ойнасаңдар аю жөнімен кетеді. Ойын «Төлді қалай шақырады? Қырау-қырау Пұшайт-пұшайт Көс-көс Шөре-шөре Әукім-әукім Түлкінің тапсырмасы. Дыбыстық талдау .Әр топтан бір оқушы келіп өз тобына қатысты малдың атауына талдау жасайды. Түлкі бізді алдамақ болды,оныі және жұмбағы да бар екен,қане шешім көрейік. Жұмбақ Екі айнасы бар, Екі найзасы бар, Сыртылдаған тұяғы бар Бір желпуіш сияғы бар. Бұл не? (сиыр) VI. Жаңа материалды пысықтау. Бұзау сүтті қалай сұрайды?Тілімен нені жалайды.Бұзаудың енесі? VII. Бекіту. Біз бүгін қандай дыбыстарды өттік? -Сиырдың адамға қандай пайдасы бар-Кім жауап береді? | Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі. Балалар өтіп жатқан сабақтарымыз төрт түлікке байланысты екенін айтады. Әр топ өздері қай малдың төлі екенін айтады. . Топ болып жұмыс жасайды. Жаттығудың төрт жолын төрт топтан келіп тақтаға жазады. Балалар тақтада жазылған жуан дауыстыларды хормен оқиды. Қошақаны қойдың Қайда қалып өойдың Бұлтиып тұр бүйірің Қай өрістен тойдың |