kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Шамалар. Масса.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Шамалар туралы түсінік беру         

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Шамалар. Масса.»

Сабақ тақырыбы:

Шамалар. Масса

Мектеп: Бексейіт орта мектебі

Күні:

25.12.2018 ж.

Мұғалімнің есімі: Нұрғалиева Б.Қ.

Сынып

1-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

ұзындық/масса/көлем (сыйымдылық)/уақыт шамаларын ажыратады; оларды өлшеу үшін өлшемдер мен құралдарды таңдайды, өлшейді.

шамалар мәндерін, яғни ұзындық (см, дм)/масса (кг)/көлем (сыйымдылық (л)) өлшем бірліктерін салыстырады және амалдар орындайды.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

таразының бірнеше түрі; кіртастары;

тұз, қант салынған екі полиэтилен қалта;

бір рет қолданылатын 200 грамдық стақан; жіп.

Тірек сөздер

таразы.

Сабақтың мақсаты:

Таразымен заттың массасын өлшей білу. Әртүрлі кіртастарының көмегімен өлшеу жұмыстарын жүргізу. Масса, килограмм туралы түсініктерді өмірмен байланыстырып түсіндіру.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Масса – ол шама. Кез келген шаманы өлшеуге болады. Заттың массасын өлшеу үшін таразыны және негізгі өлшем бірлік ретінде килограмды пайдаланады.

Таразы – заттың массасын анықтайтын құрал.

Кіріспе тапсырма. Алдын ала дорбадағы дәнді-дақылдардың кем дегенде екі түрін, таразы түрлерін, кіртастарын, стақан, бос полиэтилен қалталар дайындап қою керек.

Оқушылардан заттардың ауыр не жеңіл болып келуі неге байланысты екенін сұраңыз. Олардың жауаптарын тыңдаңыз.

Массаны дәл анықтау үшін не істеу керек? (Өлшеу керек.)

Заттың массасын қандай құралдың көмегімен өлшейміз? (Таразы.)

Сендер таразыны қайдан кездестірдіңдер? (Оқушы жауаптарын тыңдаңыз.)

1 килограмды қалай өлшеп алуымызға болады? Оқушыларға “Тексеру таразысы” ойынын ойнайтындарын хабарлаңыз. Оқушыларды үш топқа бөліңіз. Әр топ мүшелеріне 1 кг дақыл түрін дүкеннен өлшеп алу керектігін тапсырыңыз. Ол үшін 1 кг-дық кіртасын көрсетіп, естеріне түсіріңіз. Оқушылар таразының және 1 кг-дық кіртастарының көмегімен 1 кг дақыл түрін өздері өлшеп алуын ұйымдастырыңыз. “Сатушы” өлшеу жұмысының дұрыс жүргізілгенін бақылап тұрады. Егер табақты таразы жоқ болса, электронды таразымен өлшетуге болады.

Таразының көмегімен 1 кг-нан артық заттардың массасын өлшеу үшін мынадай тәжірибе жұмысын орындатыңыз. Таразының бір жақ басына салмағы 2 кг болатын затты қойыңыз. Заттың массасы оқушыларға айтылмайды. Екінші жақ басына 1 кг-дық кіртасын қойыңыз. Оқушылардан өлшеніп тұрған заттың массасы туралы не ойлайтынын сұраңыз, oл 1 кг-нан артық. Таразы басын теңестіру үшін не істеуi керектігін сұраңыз. Оқушылар дұрыс шешім айтса, орындап көріңіз. Оқушылар айта алмаса, таразының кіртасы тұрған басына тағы да 1 кг-дық кіртасын қойыңыз. Таразы басы теңеседі. Заттың массасы – 2 кг. Екі 1 кг-дық кіртастың орнына 2 кг-дық кіртасын пай-далануға болатынын көрсетіңіз. Осындай жұмыс түрлерін орындау арқылы 3 кг, 5 кг-дық кіртастарымен таныстырыңыз.

Кіртастардың массасын өсу ретімен айт.

Оқушылар тапсырманы орындай отырып, әр кіртасындағы сан оның массасын білдіретінін түсінуі керек. Суретті қарап шығуды ұсыныңыз.

Сұраңыз:

  • Суретте массасы қандай кіртастары көрсетілген?

  • Оны қалай анықтадыңдар?

Кіртастарындағы сан оның массасын көрсетеді деген қорытындыға келтіріңіз. Кіртастарын өсу ретімен ататыңыз.

Жауабы: 1 кг, 2 кг, 3 кг, 5 кг, 10 кг.

Есептеп көр. Бұл тапсырмада заттардың массалары килограммен берілгендіктен атаулы сандарды қосу немесе атаулы сандарды азайту қажет болады. Тапсырманы жұппен орындауды ұсыныңыз. Тексеруді жалпы сыныппен орындатуыңызға болады.

Жауабы: 2 кг; 10 кг; 3 кг; 9 кг; 3 кг; 8 кг.

Орындап көр. Таразыдағы екі жағдайда да бір заттың өлшеніп тұрғанынa және оның массасы 3 кг-ды көрсетіп тұрғанына назар аудартыңыз. Оның себебін оқушылардың дәлелдеп беруіне тапсырманы жұппен орындату арқылы мүмкіндік туғызыңыз. Оқушыларға өзара дәлелдерін айтқызып, талдатыңыз.

Жауабы: 3 кг.

Шығарып көр. Тапсырмада қанша килограмм қант бар екенін сурет бойынша өз бетінше анықтатып тапқызыңыз. Оқушылар жауабын ламинатталған бетке жазады. Жазған нәтижеcін соңынан қорытындылап айтады.

Жауабы: 3 қорапта - 3 кг, 5 қорапта - 5 кг.

Ойлан. Оқушыларға тапсырманы жұппен орындауды ұсыныңыз. Олар талдай отырып, қандай кіртасын пайдаланып жануарлар массасын теңестіруге болатынын анықтайды. Оқушыларды шешім қабылдауға біртіндеп жетелеңіз.


Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар


Өткен тірек сөздерді есіне түсіріп, “Сөздер тақтасы” бойынша қайталау жұмысын жүргізу қажет. Ол сөздерді қайталатып айтқызуыңызға болады.

Бүгінгі сабақтағы тақырыпқа байланысты тірек сөз “масса”, оны оқушыларға айтқызып, қайталатыңыз.

Массаның өлшем бірлігі - “килограмм” және заттың массасын анықтайтын құрал - “таразы” сөздерін қайталап айтқызып, байқаңыз. Осы сөздер жазылған парақшаны пайдаланып, “Сыңарын тап”, “Тізбек құрастыр” т.с.с. ойын ұйымдастырыңыз.

Таразыдағы жемістердің массасын салыстыр.

Алма мен алмұрттың массасы әр таразыда қандай қатынаста болатынын сурет бойынша талдау қажет. Оқушылар өз жауаптарын жұмыс дәптеріндегі бос орындарға суретін салып дәлелдейді.

Жауабы: бір алма; бір алмұрт.

Әр қаптың массасын есепте. Оқушылар тап-сырмада суреттегі таразыдағы кіртастар бойынша бір қаптың массасын дұрыс тауып, астында берілген бос орындарға жазу керек.

Жауабы: а) 8 кг; ә) 9 кг.

Бағалау

Оқушылар сабақ соңында:

таразының көмегімен заттың массасын өлшеп, анықтауды меңгереді.

Оқушылардың тақырыпты қаншалықты түсінгенін

білу үшін сұрақтар қойып, жауаптарын тыңдаңыз:

  • Заттың массасын анықтайтын құралды ата.

  • Кіртастарындағы сандар нені білдіреді?

  • Массаның өлшем бірлігі не?

  • 4 кг заттың массасын қандай кіртастарының көмегімен өлшеуге болады?

Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалау жұмысын өткізіңіз.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Шамалар. Масса.

Автор: Нургалиева Бакыт Казыбаевна

Дата: 05.03.2018

Номер свидетельства: 460795

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(104) "конспект урока на тему "Шамалар оларды? ?лшем бірліктері" "
    ["seo_title"] => string(61) "konspiekt-uroka-na-tiemu-shamalar-olardyn-olshiem-birliktieri"
    ["file_id"] => string(6) "231154"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1442405808"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "Шамалар ж?не оларды? ?лшем бірліктері."
    ["seo_title"] => string(38) "shamalarzhnieolardynolshiembirliktieri"
    ["file_id"] => string(6) "310815"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459098423"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "Шамалар мен олардың өлшемдері"
    ["seo_title"] => string(34) "shamalar_mien_olardyn_olshiemdieri"
    ["file_id"] => string(6) "384825"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1485599859"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(217) "Сабақтың тақырыбы: Масса және заттың тығыздығы. №3 лабораториялық жұмыс. Қатты дененің массасы мен тығыздығын анықтау"
    ["seo_title"] => string(80) "sabak_tyn_tak_yryby_massa_zh_nie_zattyn_tyg_yzdyg_y_3_laboratoriialyk_zhu_mys_k_"
    ["file_id"] => string(6) "400879"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1489665846"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) "Шамалар ж?не ?лшем бірліктері"
    ["seo_title"] => string(35) "shamalar-zh-nie-olshiem-birliktieri"
    ["file_id"] => string(6) "292625"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455297896"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства