kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сауат ашу және жазу. Тақырыбы: «Жж дыбысы мен әрпі»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жарайсыңдар, балалар, орындарыңа жайғасыңдар.

Балалар, өзіміздің тәртіпті,  білімді балалар екенімізді көрсетіп, сабаққа қатысып отырамыз.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сауат ашу және жазу. Тақырыбы: «Жж дыбысы мен әрпі»»


Мектепалды дайындық тобы

Күні: 24.01.2017ж

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Сауат ашу және жазу

Сабақтың тақырыбы: «Жж дыбысы мен әрпі»

Сабақтың мақсаты: Ж дыбысының айтылу, дыбысталу артикуляциясымен таныстыру, ж дыбысын басқа дыбыстардың ішінен айыра білуге, сөзге дыбыстық талдау жасауға, сөзді буынға дұрыс бөлуге үйрету. Сурет арқылы заттың атын атауын білу. Оқушының логикалық ой-өрісін, өз ойларын еркін жеткізе білу дағдыларын дамыту.

Ынтымақтаса жұмыс жасай білуге, жақсыны үйреніп, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, нұсқау беру, ойын, сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі: ашық сабақ

Сабақтың көрнекіліктері: Суреттер, слайд, ресурстар.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызып, сынып ішінде жақсы көңіл күй қалыптастыру.

  1. Психологиялық дайындық

Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой.
Ал, қанекей, бәріміз,
Сәлем дейік үлкенге. (Балалар қонақтармен амандасады.)
Біздің ұранымыз.
Біз көңілді балалармыз!

Ештеңеден қорықпаймыз
Келген қонақтарға,
Ортаға білімімізді саламыз!

Жарайсыңдар, балалар, орындарыңа жайғасыңдар.

Балалар, өзіміздің тәртіпті, білімді балалар екенімізді көрсетіп, сабаққа қатысып отырамыз.

Өткен сабақты пысықтау

Ашық оқу іс-әрекетін «сұрақты қағып ал» әдісі арқылы бастағым кеп отыр. Яғни, сендерге допты лақтырып сұрақ қоямын, сендер сұраққа жауап беріп, допты кері қайтарасыңдар.

-Дыбысты не істейміз? (айтамыз, естиміз)

-Дыбысты немен таңбалаймыз? (әріппен)

-Әріпті не істейміз? (жазамыз, көреміз, оқимыз)

-Дыбыстар нешеге бөлінеді? (екіге)

-Қандай? (дауысты, дауыссыз)

-Дауысты дыбыс қалай айтылады? (созылып, еркін)

-Қандай текшемен белгілейміз? (қызыл)

-Дауыссыз дыбыс қалай айтылады? (қысқа)

-Оны қандай текшемен белгілейміз? (көк)

3. Жаңа тақырып.

Жұмбақтар жасыру.
1. Күндіз бәрі қашады,
Түнде аспанды басады. (Жұлдыз)
2. Төбеден төнеді,
Тамшысын төгеді. (Жаңбыр)
3. Ағайынды бәрі.
Шықса жасыл,
Түссе сары. (Жапырақ)
Суреттердің атауын атап, буындарға бөліп, қандай дыбыстан басталып тұрғанын айтады.
- Осы барлық сөздер қандай дыбыстан басталып тұр?
- Ж - дыбысынан.
- Дұрыс - ақ. Олай болса бүгінгі танысатын жаңа дыбыс - Ж дыбысы мен әрпі.

Қане, бәріміз айтып көрейікші? Енді қолымызды иегіміздің астына қойып айтып көрейік.

Қолымыз иегімізге тиіп тұр ма? (жоқ)

Қалай айтылып тұр? (қысқа айтылып тұр)

-Демек, қандай дыбыс? (дауыссыз дыбыс)

-Қандай текшемен белгілейміз. (көк)
Әліппе - дәптермен жұмыс.

а) Әже, жолбарыс, морж сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, ондағы ж дыбысының орнын ажыратқызу.

ә) жазу жұмысы.

-Ал , енді ж дыбысының әріп таңбасымен танысамыз.

-Баспа және жазба түрімен таныстыру.

Балалар, қараңдаршы, ж дыбысының таңбасы неге ұқсайды?(көбелек)

Көбелекке кәдімгі,

Қарасаңыз анықтап.

Жаны бар ж ұшып жүр,

Жапырақша қалықтап. Көбелектің суретін көрсету, буынға бөлгізу.
-Ж әрпінің элементтерін жазып көрсету.

Бір, екі, үш,

Жинап алып күш.

Қолға қалам аламыз,

Ж әрпін жазамыз.

-Қаламы бар тақтайшаға жазып кореді.

-Санағышпен жазып көреді.
-Ж әрпін ауада жазу.

-Енді, дәл ауада жазғандай етіп, дәптеріміздегі нүктеленген кіші және бас әріпті бастырып шығамыз. (тақтаға өзім бастырып көрсетемін)

Сергіту жаттығуы

ә) « Тез, әрі сауатты оқиық!» тапсырмасы бойынша дәптердегі буындарды, сөздерді оқыту. Барлығы хормен қайталап оқиды.

«Буыным қайда?» ойынын ойнау. Жа-ға, жа-са, Жа-рас

Жұмбақ жасыру
Гүлдерге қонады,
Шырынын сорады.
Түр – түсі сары ала
Бұл не? (Ара)
Дұрыс, ара. Ара қандай дыбыс шығарады?- ж - ж - ж - ж - ж - ж
Ара, ара, аралар,
Орманның бәрін аралар.
Гүлдерден сорып бал алар.
Магниттік тақтада гүлдердің суреттері.
Ара қай гүлге қонады, сол гүлде араның тапсырмасы болады.
Араның тапсырмалары:
1. Әріптер арасына жасырынған Ж - әрпін табу, сол әріпке сөз ойла.
2. "Не артық?" ойыны. Суреттегі артық затты тауып, корша. Неге артық екенін түсіндір.
(сурет)

  1. Кір жаятын жіп» әдісі арқылы көп суреттің арасынан Ж дыбысы бар суреттерді тауып жіпке тізу.

  2. «Сөйлем құра» тапсырмасы бойынша жіпке тізілген суреттегі атауларға қарап сөйлем құрастыру. Үш топ сөйлем құрастырады.

Мысалы: Жолбарыс жабайы жануар. Жүзім тәтті жеміс. Тиіннің сүйікті асы-жаңғақ.

- Балалар, біз араның барлық тапсырмаларын орындадық

Қорытындылау.

Сонымен, балалар, бүгін қандай дыбыспен таныстық?

Ж дыбысынан басталатын сөздер айтайықшы?

Бүгінгі сабақ ұнады ма?

Бағалау.

















































































































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Сауат ашу және жазу. Тақырыбы: «Жж дыбысы мен әрпі»

Автор: Айтжанова Ақмарал Жеткергенқызы

Дата: 31.01.2017

Номер свидетельства: 385798

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(93) "Сауат ашу ж?не жазу, Та?ырыбы: [к] дыбысы мен К к ?ріпі"
    ["seo_title"] => string(56) "sauat-ashu-zh-nie-zhazu-tak-yryby-k-dybysy-mien-k-k-ripi"
    ["file_id"] => string(6) "317866"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460457407"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "Ашы? саба?  Саба? та?ырыбы:  ? дыбысы мен ?рпі"
    ["seo_title"] => string(36) "ashyksabaksabaktakyrybydybysymienrpi"
    ["file_id"] => string(6) "330213"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1464155512"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "Саба?ты? та?ырыбы: ? дыбысы мен ?рпі "
    ["seo_title"] => string(37) "sabak-tyn-tak-yryby-k-dybysy-mien-rpi"
    ["file_id"] => string(6) "182394"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1425516306"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(142) "1 «В» сыныбы. Сауат ашу п?нінен ашы? саба? жоспары. Та?ырыбы: "Ё ё дыбысы мен ?рпі" "
    ["seo_title"] => string(83) "1-v-synyby-sauat-ashu-p-ninien-ashyk-sabak-zhospary-tak-yryby-io-io-dybysy-mien-rpi"
    ["file_id"] => string(6) "138967"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1417625264"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(86) "1-сынып. Сауат ашу. Та?ырыбы: "Ё ё дыбысы мен ?рпі" "
    ["seo_title"] => string(50) "1-synyp-sauat-ashu-tak-yryby-io-io-dybysy-mien-rpi"
    ["file_id"] => string(6) "159826"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1421948703"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства