Күні: Сынып: 1 | |
Сабақтың тақырыбы | Ч дыбысы мен әрпі. |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.2.9.2дыбыстардың сөздегі қызметін түсіну(ь,ъ таңбалары,ф,в,ц,ч дыбыстары,е,ю,я қосарлы дыбыстары)және дұрыс оқу. 1.2.1.2Оқудың түрлерін(буындап оқу,жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу,түсініп оқу)қолдану 1.2.5.1Мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе қойылған сұраққа жауап беру(мұғалімнің көмегімен). 1.3.11.1Сөйлемді бас әріптен бастап жазып,сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою. |
Сабақтың мақсаттары | Барлығы:Жаңа білімді меңгереді. Көбі:Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды. Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады. |
Жетістік критерийлері | Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады. |
Құндылықтарды дарыту | Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
Пәнаралық байланыс | Өнер, ана тілі сабағы |
АКТ қолдану дағдылары | Аудиожазба , таныстырылым. |
Тілдік құзыреттілік | чемпион |
Сабақ барысы |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
Сабақтың басы Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 5 минут | Біз балдырған баламыз, Құстай қанат қағамыз. Дүниені аралап, Оқып білім аламыз. Көзді салып қараңыз, Былай қанат қағамыз. /Б.Бөрiбаев/ – Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! | Шаттық шебері |
Топқа бөлу | - Енді, біз балалар бірінші топ біздің балуандарымыз, екінші топ біздің боксшыларымыз, үшінші қатар біздің таэквондошыларымыз болады. Біз үш топ болып оқудан, тәртіп жағынан, тез жауап беру жағынан жарысамыз. 1-топ: «Балуандар» 2-топ; «Боксшылар» 3-топ: «Таэквондошылар» | |
Үй тапсырмасын сұрау | Тапсырма: 1-топ: 2-топ: 3-топ: | |
Жаңа сабақ 8 минут | Видио ролик тамашалау:Қазақстан чемпиондарымен танысады.Не көріп,кімдермен танығанын сұрау(оқушылар өз ойын айтады). Балалар, мына суретке көңіл аударайық! • Суреттен кімдерді көріп тұрмыз? • Олар не істеп жүр? • Шаңғы қандай спорт түрі? • Оларды кімдер тамашалап тұр? • Спортшылар жарысып жететін жердің қалай аталатынын білесіңдер ме? • Олар жарысты бастайтын сызық қалай аталады? • Осындай дүбірлі додолар қалай аталатынын білесіңдер ме? • Сондай дүбірлі доданың жеңімпаздарын кім дейді? • Ал, енді мынау не? • Енді осы чемпионат, чемпион, чек сөздері қандай дыбыстан басталып тұр? - Міне, балалар бүгін біз осы ч дыбысының әріп таңбасымен танысамыз, ч дыбысынан бар сөздермен танысамыз,. №1 Оқылым. Чек – проверка-check(шеек) Чемпион-чемпион-chamhion(чэмпиен) Чемодан-чемодан-suitcase(суйкейз) | Таныстырылым, оқулықпен жұмыс |
Сергіту сәті 1 минут | «Қол күрес» ойыны Чемпионды анықтау | Сергіту сәтіне арналған жинақ |
Дәптермен жұмыс | -Балалар «Ч» дыбысын ауауда жазып көрсетейікші. Алдымен мен жазайын, сендер ауада жазып қайталаңдар. Өте жақсы, қазір дәптерлеріңді ашып, үлгіге қарап, үзік сызықтарды қосып, Ч әрпінің баспа түрін жазайық. | Оқулық, дәптерлер. |
Оқулықне жұмыс | №2 Ертегіні рөлге бөліп оқыңдар. | |
Қызықты тапсырма 8 минут | Кестені толтырыңдар. | |
Сабақтың соңы 2 минут | Рефлексия | Кеменің суреттері |
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы АКТ Құндылықтармен байланыс (тәрбие) |
Қолдау көрсету. Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. | Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы) | Өнер, ана тілі сабағы Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |