Пәні: | Қазақ тілі |
Сыныбы: | 1-сынып |
Уақыты: | |
Сабақтың тақырыбы: | Кк дыбысы мен әріпі.(2 сағат) |
Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері: а) ақпараттық құзіреттілік: | Ақпарат көздері арқылы К дыбысы мен әрпін таныстыру. К дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасауды меңгерту. |
ә) коммуникативтік құзіреттілік: | Ауызша –жазбаша тілде К дыбысы бар сөздерді тауып, оқушылардың тіл байлығын, ой-өрісін дамыту және қалыптастыру. |
б) проблеманы шешу құзіреттілігі: | Білімге, оқуға, көркем әдебиетке деген құштарлықты тәрбиелік әңгімелер арқылы жеткізуге дағдыландыру. |
Сабақтың типі: | Аралас сабақ |
Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар: | Білім беруді ізгілендіру, ойын. |
Сабақтың әдісі: | Сөздік, түсіндірмелі-иллюстративті, машықтық. |
Пәнаралық байланыс: | Дүниетану, бейнелеу өнері. |
Оқыту құралдары: | Оқулық, дидактикалық тапсырмалар, көрнекіліктер. |
Сабақтың барысы | Мұғалімнің қызметі | Оқушының қызметі | Күтілетін нәтиже |
І. Ұйымдастыру бөлімі | Амандасу, түгендеу; оқу құралдарының дайындығын, кезекшінің жұмысын тексеру, сабақтың мақсат - міндеттерін таныстыру; бүгінгі сабаққа оқушылардың қызығушылығын ояту, назарын сабаққа аудару. Психологиялық дайындық: Мейірімді жүрекпен, Ақпейілді тілекпен, Амандасып алайық, Бір жадырап қалайық! | Амандасады, оқу құралдарын дайындайды, кезекшілік міндеттерін атқарады; сабақтың мақсат - міндеттерімен танысады; мұғаліммен бірге өлең жолдарын қайталайды. Оқушылар мұғаліммен бірге қайталайды. Мейірімді жүрекпен, Ақпейілді тілекпен, Амандасып алайық, Бір жадырап қалайық! | Сынып сабаққа психологиялық тұрғыдан дайын, кезекшілік атқарылды, мұғалім мен оқушы арасында ынтымақтастық қарым - қатынасы орнайды. Оқушылардың зейіні сабаққа ауады. |
ІІ. Үй тапсырма- сын тексеру. | -Оқушылар үйге қандай тапсырма берілді -Кәрім кімнің жолдасы? -Ол қайда отырды? -Кәрім кімді көрді? -Ол не істеді? -Көлдің суы қандай екен? -Суға кімдер шомылды? | -«Көл жағасында» әңгімесін оқу. -Кәрім-Кәкімжанның жолдасы. -Көл жағасында отырды. -Кәрім Қанатты көрді. -Ол досын шақырды. -Көлдің суы көкшіл, мөлдір әрі жылы. -Суға Кәрім, Кәкімжан, Қанат шомылды. | Үй тапсырмасы толық тексеріліп, оқушылардың жеке тұлға болып қалыптасуына мүмкіндік беріледі, өз бетімен орындалған жұмыстың нәтижесі талданып, қорытындыланады. |
ІІІ. Өткен мате-риалды қайталау арқылы жаңа материалды қабылдауға дайындық. | -Оқушылар өткен сабақта сендер қандай әріпті үйрендіңдер? -Кк әріпі қандай дыбыс? -Жарайсыңдар, балалар!Ендеше бүгін біз Кк әріпін жалғастырамыз. -Оқушылар тақтадағы суреттерді атап шығайықшы? -Жарайсыңдар! -Балалар қазір біз «Сандықтар» ойынын ойнаймыз.Тақтада үш сандық тұр. Бірінші сандыққа К әріпі басында кездесетін сөздерді, екінші сандыққа К әріпі ортасында кезесетін сөздерді, ал үшінші сандыққа К әріпі соңында кездесетін сөздерді тауып саласыңдар. Мен сендерге суреттер көрсетемін, ал сендер сол суретті ретімен сандыққа койыңдар. | -Кк әріпін үйрендік. -Кк әріпі дауыссыз дыбыс. -Күшік-К әріпі сөздің басында және аяғында түр. -Көбелек-К әріпі сөздің бсында және аяғында тұр. -Көгершін-К әріпі сөздің басында тұр. –Кірпі-К әріпі сөздің басында тұр. -Керік-К әріпі сөздің басында және аяғында тұр. -Көз- К әріпі сөздің басында тұр. -Картоп- К әріпі сөздің басында тұр. -Кілт-К әріпі сөздің басында тұр. Бірінші сандыққа:кітап, кілт, күшік, көгершін, кірпі, керік, т.б. Екінші сандыққа: түлкі, текемет, ескерткіш, т.б. Үшінші сандыққа:өрік, бөрік, етік, көйлек, т.б. | Ой толықтырады, білімдерін дәлелдейді, тапсырмаларды орындай отырып, жаңа сабаққа жақындайды. Тапсырма барысында ерік - қалауларымен, қиялдарына ой сермеп, тапсырмаларды қызыға орындайды. Тақтада берілген суреттерді атап берді. Оқушылар «Сандықтар» ойынын ойнау арқылы К дыбысын талдайды. |
IV. Жаңа мате-риалды меңгерту. | Оқулықпен жұмыс -Балалар, оқулығымызды ашып, барлығымыз суретті қараймыз. -Суретте не бейнеленген? -Демек балалар қандай мезгілде ойнап жүр? -Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады? -Қыс мезгілінде қандай мереке тойланады? -Ендеше балалар оқулықтағы «Көрші» әңгімесін оқиық. Көрші Қыс.Қар жауды. Кәрім далаға шықты. Ол шанасын алды. Кәрімді Қадыржан көрді. Ол да далаға шықты. -Қадыржан, мына шанаға отыр. Таудан сырғана. Ол таудан сырғанады.Олардың көңілді дауыстары шығады. Қадіржан, Кәрім- тату жолдас әрі көрші. Мәтінмен жұмыс -Оқушылар әңгіме кім туралы айтылған? -Кәрім қайда шықты? -Кәрімді кім көрді? -Кәрім Қадыржанға не деді? -Қадіржан менКәрім қандай адамдар? -Оқушылар кітаптағы суретке қарап, төмендегі бергілген сөздерден сөйлем құрастырыңдар. -Жарайсыңдар, балалар! Дәптермен жұмыс -Оқушылар барлығымыз жұмыс дәптерлерімізді ашамыз. Кк әріпін асықпай әрі әдемі етіп толтырамыз. Дәптерде берілген сөзді бастырып, көшіреміз. | -Балалар кітаптарын ашып суретті қарайды. -Суретте балалар шанамен ойнап жүргені көрсетілген. -Қыс мезгілінде. -Қыс мезгілінде қар жауады.Адамдар қалың киініп жүреді. Балалар қыс мезгілінде шаналарымен зырғанап ойнады. -Қыста барлық адамдар Жана жыл мерекесін тойлайды.Аяз ата мен Ақшақар келіп балаларға сыйлық таратады. Балалар әр түрлі болып киініп Аяз атаға жаттаулар айтады. Оқушылар мүғалімді тыңдап отырады. Көрші Қыс.Қар жауды. Кәрім далаға шықты. Ол шанасын алды. Кәрімді Қадыржан көрді. Ол да далаға шықты. -Қадыржан, мына шанаға отыр. Таудан сырғана. Ол таудан сырғанады.Олардың көңілді дауыстары шығады. Қадіржан, Кәрім- тату жолдас әрі көрші. -Кәрім туралы айтылған. -Кәрім шанасын алып далаға шықты. -Кәрімді Қадыржан көрді. -Кәрім Қадыржанға «Шанаға отырып таудан сырғана»-деді. -Кәрім мен Қадыржан тату жолдас әрі көрші. -Әлім-Ідірістің інісі.Әлім мен Ідірісі тату. Ағасы Ідіріс інісі Әлімге қамқоршы. Ал Әлім тілалғыш бала.Қыстың қары қалың. Оқушылар жұмыс дәптерлерін ашып Кк әріпін толтырады және сөздерді бастырып көшіреді. | Жаңа тақырып бойынша мәлімет жинақтайды, бі-лімдерін кеңейтеді, әдемі, таза, сауатты жазуға дағдыланады. Сабақ барысында танымдық, ой мен ұшқырды дамытатын жаттығулармен, тапсырмалармен жұмыстанады. Оқушылар «Көрші» әңгімесін оқып, талдайды. Мұғалімнің қойған сұрақтарына мәтін арқыл жауап береді. Оқушылар оқулықтағы суретті қолдана отырып, сөйлем құрауға дағдыланады. |
Сергіту сәті | Қоян шықты далаға, Жан-жағына қарады. Жүгірді, секрді, Орнына отырды. | - Оқушылар орындарынан тұрып, мұғаліммен бірге өлең жолдарын қайталап, сергіту сәтін орындайды. | Оқушылар бір тынығып алып, одан әрі білім алуына күш әрі сергектік алады. |
V. Жаңа материалды бекіту. | -Оқушылар тақтада ілінген суреттерді вагондағы әріптерге сәйкестендіріп атап шығыңдар. -Жарайсыңдар, балалар! Сендердің келесі орындалатын тапсырмаларын «Қол шапалақтау» деп аталады. Мен Кк дыбысына сөздер айтқанда қолдарынды шапалақтайсындар. Кеме, құрылысшы, кесе, гүл, жапырақ, жылқы, терек, отырғыш, текемет, доп, емен, Естай, күрек, кілт, күн, күрек, мектеп, көпір. «Сөз құра» ойыны. Тақтада бірнеше әріптер ілінеді. Оқушылар сол әріптерге қарап сөздер құрастырады. | Оқушылар вагондағы әріптердің сәйкес суреттерін табады. -А-аю -Т-тауық -Қ-қой -М-Мысық -Л-лақ -К-көбелек Мұғалім сөздерді айтқан кезде қолдарын шапалақтайды. Оқушылар тақтада ілінген әріптерден сөздер құрастырып, талдайды. -Шелек-К әріпі сөздің соңында тұр. -Еден-бұл сөзде К әріпі жоқ. -Кебеже-К әріпі сөздің басында орналасқан. | Оқушылардың ауызша тілде сөздерді орынды қолдануын үйренеді, шапшаңдықты дамытады. Бұл тапсырма оқушыларға жағымды көңіл - күй сыйлайды. Тапсырманы орындауда оқушы жаңа материалдарды меңгереді. Оқушыларда мұқияттылық, шапшаңдық қасиеттері дамиды. Оқушылар бұл тапсырманы орындау барысында өткен әріптерді қайталап өтеді. |
VI. Үйге тапсырма. | -Оқушыларүйге кітап соңындағы қосымша тапсырманы орындап келеіңдер. | Оқушылар үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады. | Үй тапсырмасының мазмұнын түсініп алып, күнделіктеріне жазады |
VII. Бағалау. Қорытынды. | Сабаққа белсене қатысқан оқушыларға жұлдызша таратылады. -Сабақ аяқталды, сау болыңыздар! | -Сау болыңыз! | Оқушылар жұлдызша алу арқылы, өз деңгейлеріне көз жеткізеді. |