kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Санның бөлігін табу және бөлігі арқылы санды табу

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жаңартыдған оқу бағдарламасы негізінде білім алатын мектептің 3-сыныбына арналған қысқа мерзімді жоспар

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Санның бөлігін табу және бөлігі арқылы санды табу»

45-сабақ. Тақырып: Санның бөлігін табу және бөлігі арқылы санды табу Жолдағы уақыт

Мектеп:

Күні: 09.11.2018

Мұғалімнің аты-жөні: Журабекова А.

Сынып: 3 «Б»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

3.1.2.1 4 санның/шаманың бөлігін табу және бөлігі бойынша санды/шаманы табу: 100 көлеміндегі сандар мен жүздіктердің жартысын, үштен бір, төрттен бір, оннан бір бөлігін табу

3.5.1.3 санның және шаманың үлесін табуға берілген есептерді талдау және шығару; кері есеп құрастыру және шығару

Сабақтың мақсаттары


Барлық оқушылар үшін:

Шаманың бөлігін және бөлік бойынша шаманы табу: жартысын, үштен бір, төрттен бір, оннан бір бөлігін табу.

Бірқатар оқушылар үшін:

100-ге дейінгі және жүздіктен санның бөлігін және бөлік бойынша санды табу.

Санның және шаманың үлесін табуға есеп шығару және зерттеу; кері есептерді құрастыру және шешу

Кейбір оқушылар үшін:

Санның және шаманың үлесін табуға есеп шығару және зерттеу; кері есептерді құрастыру және шешу

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Санның бөлігін қалай табу керек және бөлік бойынша санды табуды түсіндіру.

Пәндік лексика және терминология:

Бөлшек,алым, бөлім

Сабақта диалог/жазуүшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау:

Санның бөлігін қалай табуға болады?

Бөлік бойынша санды қалай табуға болады?

Бөлшектің алымы нені көрсетеді?

Бөлшектің бөлімі нені көрсетеді?

Жазу:

Есептерді шығарғанын жазу.

Сабақта қамтылатын құндылықтар

Адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру

Пәнаралық байланыс

Көркем еңбек

АКТ қолдану дағдылары

Оқушылар жеке жұмыстарды интербелсенді тақтада орындайды.

Осыған дейін меңгерілген білім

Бөлшек пен үлес туралы түсінік. Бөлшек пен үлесті жазу.

Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


0–3

Ынталандыру.

Оқушыларға бір сәт көздерін жұмып, ойша Алматы қаласына саяхатқа шығу тапсырылады.Жолда табиғаттың көрікті жерлерін тамашалай отырып, Алматыға жеттік.Көзімізді ашайық. Астанадан Алматыға дейін біз жолда тәуліктің бөлігін жүріппіз, жолға қанша уақыт кетті?

Саяхат, жолдағы уақыт жайында әңгімелесу.

Жолға кететін уақыттың ұзақтығы неге байланысты?

Бой сергіту

Слайдты ашып,суреттерге қарап, бөліктерін айтқызу

1.Жұлдызшаның неше бөлігі боялмаған?

2. Неше бөлігі жасыл түспен боялған?

3. Неше бөлігі күлгін түспен боялған?

4. Дөңгелектің неше бөлігі боялмаған?

5. Дөңгелектің неше бөлігі жасыл түспен боялған?

6. Дөңгелектің неше бөлігі күлгін түспен боялған?

7. Үшбұрыштың неше бөлігі боялмаған?

8. Үшбұрыштың неше бөлігі жасыл түспен боялған?

9. Үшбұрыштың неше бөлігі күлгін түспен боялған?

Келесі тапсырма мандариндерді және оның бөліктерін санау.

Мандарин нешеу?

Әр мандарин неше бөлікке бөлінген?

Суретке қарап есеп құрастыру.

"Бармақ "арқылы бағалау

Әр сұраққа жауап берген оқушыны бармақ арқылы бағалау. Өте жақсы жауап берсе бармақты жоғары қарай, орташа жауап болса ортаға қарай, нашар жауап болса, төмен қарай бағыттайды.



Уақыт бірліктері кестесі



















4–6


Белсендіру.

(Ө.)Оқушылар бөлшек туралы түсінікті бекіту үшін тапсырмалар жазылған карточкаларды алады.

Тіктөртбұрыштың бөлігін жасыл түспен бояп қой.

Фигураның бөлігін сарымен және бөлігін қызылмен бояп қой.

Фигураның бөлігін қызғылт түспен боя.

Фигураның қандай бөлігі боялмай қалғанын жаз.

"Шапалақ ұру арқылы" бағалау. Жауап берген оқушыны қалған оқушылар шапалақ соғу арқылы бағалайды. (Ұ.)Осыдан кейін оқулықтағы ұқсас №1 тапсырманы орындау.Бөлшектерді ататып, оларды кему ретімен жаздыру.

– «Бүтінді бөлікке бөлу» деген нені білдіреді?(Тең бөліктерге бөлу).

– Бөлшектің бөлімі нені білдіреді? (Бөлім бүтінді неше бөлікке бөлгенін көрсетеді).

– Бөлшектің алымы нені білдіреді? (Алым неше тең бөлікті алғанын көрсетеді).

"Отшашумен" бағалау

Оқушылар орындарынан тұрып,еңкейген қалпында төменнен бастап жайлап шапалақ ұрады, біртіндеп жоғары қарай шапалақ дауысын күшейте отырып, ең соңында шапалақты қатты-қатты соғады.

(Т.)"Жүгірме диктант"

Сыныптың үш қабырғасына үш топқа арналып тапсырмалар ілініп қояды. Белгі бойынша топтағы оқушылар кезекпе-кезек тапсырманы көріп келіп, орындайды.1-оқушы жазып жатқанда 2-оқушы жүгіріп барып көріп келіп, жалғастырады.Тапсырма жазылып біткен соң, тексеріледі.

Тапсырма: бөлшек түрінде жазу.

1. Қарбыздың жартысы

2.Алманың төрттен бір бөлігі

3.Кесіндінің үштен бір бөлігі

4.Торттың бестен бір бөлігі

Шаблон арқылы бағалау


Фигуралар салынған карточкалар, бояу қалам


























Тапсырмалар жазылған қағаздар, маркер, шаблон


7–11

Мақсат қою (мәселелі жағдаят)

№2 (а) тапсырманы оқу. Есепті оқып болған соң оқушыларға мақсат қойғызу.






12–29


Жаңаны ашу.

(Т.)№ 2 тапсырма

Есепті оқу.

а)Саяхатшылар бір тәуліктің бөлігін пойызда өткізді. Саяхатшылар қанша уақыттарын пойызда өткізді?

Есепті талдау:

Есепте, біз бүтінді табуымыз керек пе, әлде бөлікті табуымыз керек пе?

(Мына сұраққа жауап табу керек: егер бүтін белгілі болса, бөлікті табуды есептеу керек).

– Алдымен жауапты оқушылар өз беттерімен тауып ,сосын шешімдерін ортаға салу. Өз ойларын сызба немесе сурет түрінде дәлелдеу. (қажетті сурет слайдта).

Есепті тексеру барысында оқушылар шешім шығарады: санның бір бөлігін табу үшін, осы санды бөліміне бөлу керек, алымына көбейту керек (шаманың бір бөлігінің неге тең екенін білу үшін).

Шешуі: 24:4×1=6 Жауабы: 6 сағат

Дескриптор:

-есепке талдау жүргізеді;

-жауабын суретпен дәлелдейді;

-шешуін табады;

ә)Саяхатшылар пойызда 6 сағат болды.Бұл барлық жолдың бөлігін құрайды. Саяхатшылар жолда барлығы қанша уақыт болды?

Есепті талдау:

Есепте, біз бүтінді табуымыз керек пе, әлде бөлікті табуымыз керек пе?

(Мына сұраққа жауап табу керек: егер бөлік белгілі болса, бүтінді табуды есептеу керек).

– Алдымен жауапты оқушылар өз беттерімен тауып ,сосын шешімдерін ортаға салу. Өз ойларын сызба немесе сурет түрінде дәлелдеу. (қажетті сурет слайдта).

Шешуі: 6×4:1=24 Жауабы: 24 сағат

Дескриптор:

-есепке талдау жүргізеді;

-жауабын суретпен дәлелдейді;

-шешуін табады;

"Бағдаршам" арқылы бағалау

Оқушыларға қызыл, сары, жасыл түсті дөңгелектер беріледі.Осы түстер арқылы өздерін бағалайды. Жасыл түс-"Түсіндім",Сары түс- "Сұрағым бар", қызыл түс -"Түсінбедім"сабақты меңгеруіне қарай осы түстердің біреуін көтереді.

Келесі тапсырма слайд бойынша жүргізіледі. Оқушылар сурет бойынша бөлшектерді жазып,оқып шығады. Бөлшектің алымы, бөлімі туралы айтады. Тапсыраманы орындау барысында оқушылар бөлшек туралы білімдерін тиянақтайды.

Сергіту сәті

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.

(Ұ.)№3 тапсырманы түсіндіре отырып орындауды ұсынады.

а)Бірінші пойыз жолда 6 сағат болды. Бұл -жолдағы барлық уақыттың жартысы.

Есепті талдау:

Үлесі бойынша санды қалай табамыз?

ә)Екінші пойыз жолда 6 сағат болды.Бұл-жолдағы барлық уақыттың төрттен бір бөлігі.

б)Үшінші пойыз жолда 6 сағат болды.Бұл- жолдағы барлық уақыттың оннан бір бөлігі.

Кесте құрастыруға болады.

Өткен уақыт

Жолдың бөлігі

Жолдың жалпы уақыты

1-ші пойыз 6 сағ

12сағ

2-ші пойыз 6 сағ

24 сағ

3-ші пойыз 6 сағ

60 сағ

Шешуі: а) 6×2:1=12 ә) 6×4:1=24 б) 6×10:1=60

Смайликтермен бағалау

Дескриптор:

- есепке талдау жүргізеді;

-үлесі бойынша санды табады

(Ж.)№4 тапсырманың а) бөлігін жұпта орындау.Бұл тапсырманы орындауда оқушылар санның үлесін табады.Оқушыларға алдымен есепті талдап, қысқаша шартын құрғызу.Оқушылар есепті санның үлесін табу ережесіне сүйеніп шығарады.

Есепті оқу.

Пойыздың жолда жүру уақыты- 36 сағат. Ол жолдың бөлігін жүріп өтті.Пойыз жолда қанша сағат жүрді?

Есепті талдау:

Санның бөлігін қалай табады? Ережесін еске түсіру.Есептің шартын құрып, шығару.

Барлығы-36 сағат

Жүріп өтті-? 1/4

Қалды-?

Шешуі: 36:4×1=9 36-9=27 сағ

Жауабы: 27 сағат

Дескриптор:

  • Ережесін еске түсіреді.

  • Есептің шартын құрады

  • Есепті шығарады.

Смайликтермен бағалау.



Оқулық, дәптер

























Жасыл, сары, қызыл түсті сигналды карталар


















Оқулық,дәптер

Смайликтер



Кесте

















30–38


Жаңаны қолдану.

(Т.) №5 тапсырманы "Карта" ойыны арқылы орындату.Тапсырманың сұрағы мен жауабы бөлек-бөлек жазып, араластырып, топтың алдына тастайды, оқушылар таңдап алады, 1оқушы сұрағын ортаға тастайды, жауабы бар оқушы картаны басады.

1)Тәуліктің бөлігі 1) 6 сағат

2)Тәуліктің бөлігі 2) 4 сағат

3)Тәуліктің бөлігі 3) 8 сағ

4)Тәуліктің бөлігі 4) 3 сағат

Ә) 8- бұл 16 санының 1/2 бөлігі

3 –бұл 27санының 1/9 бөлігі

4 –бұл 16санының 1/4 бөлігі

2 –бұл 16санының 1/8 бөлігі

Осы жұмысқа қосымша сағат суреттері бойынша тәуліктің жартысын, ширегін, төрттен екі бөлігін айту.

"Отшашу" арқылы бағалау

Дескриптор:

-бөлігі бойынша санды табады

- бөлігі мен бүтінді сәйкестендіреді

Дәптерден бағалау критерийлері бар тапсырманы орындау.

Мен:

  • – санның және шаманың бөліктерін табуға арналған есептерді шығарып, зерттеуді санды/шаманы бөлігі бойынша табуды;

  • – кері есепті құрастыру және шығаруды;

  • – санның/шаманың бөлігін сан бойынша табуды білемін.

Қайталау.

(Ө.)№ 6 тапсырманы дәптерлеріне орындайды.

Көрсетілген кесінділерді сызу.Бұл тапсырманы орындауда санның үлесін табуды меңгереді.Кесіндіні сызбас бұрын санның үлесін табудың ережесін басшылыққа алу.

а) 20 см-дің бөлігі - 20:5=4 см сызу

ә) 18см-дің бөлігі - 18:3=6 см сызу

б) 12 см-дің жартысы 12:2=6 см сызу

Смайликтер арқылы бағалау

Дескриптор:

- санның үлесін табудың ережесін қолданады

- санның үлесін табады

(Ұ.)№7тапсырманы ауызша орындау. Бөлікке бөлінген шокаладтарға қарап,а) және б) бөліміндегі шокаладтар теңдей қанша бөлікке бөлінгенін айтқызу.

"Шапалақ ұру"арқылы бағалау

Жауап берген оқушыны қалған оқушылар шапалақ соғу арқылы бағалайды.

Бекіту есебінде бөлшектерді слайдқа қарап қайталап, естерінде сақтау.

Үйге тапсырмаға №8, № 9 беру.


Оқулық.карта ойынына арналған тапсырмалар





































Сызғыш







39–40


Рефлексия.

Сабақ туралы айтыңыз.

Қалай жұмыс жасадыңыз?

Нені үйрендіңіз?

Қандай ережені білу керек? Айтып беріңіз. Мысал келтіріңіз.

Берілген ережені жақсы түсіндік деп ойлайсыңдар ма? Өз үлесіңді боя. Әр оқушыға бөліктерге бөлінген және әр бөлікте сабаққа кері байланыс жазылған парақшалар таратып беру. Оқушылар осы сабақта алған әсерлері жазылған бөлікті бояуы қажет.




Қосымша ақпарат

Саралау – сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Оқушыларға сабақ барысында берілетін тапсырмаларымды қарапайымнан күрделіге қарай жоспарлаймын. Жекелеген оқушылардың мақсатқа жетуіне топтық жұмыс арқылы қол жеткіземін. Қажет жағдайда қосымша түсінік беріп отырамын. Дарынды оқушыларға сабақ барысында жоғары деңгейлі сұрақтар қоямын және шығармашылықпен орындайтын тапсырмаларды сол оқушылардың мүмкіндігін ескере отырып бермекпін.


«Өз үлесіңді боя» әдісі бойынша өз-өзін бағалайды.

Тақта мен оқушы арақашықтығын және оқушы қауіпсіздігін сақтауға ерекше мән бердім.

Тәрбиелік мәні ұлттық құндылықтарымызды білуге негізделген.





Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:


Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:


2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

Келесі сабақты осы сабақтағы оқушыдан алған кері байланысты ескере отырып жоспарлау қажет екенін және дарынды және қолдауды қажет ететін оқушыларға жеке тапсырмалар дайындап келу қажеттігін түсіндім.



ДОІЖО:_______________


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Санның бөлігін табу және бөлігі арқылы санды табу

Автор: Абдумоминова Латофат Мисрбековна

Дата: 08.11.2018

Номер свидетельства: 484440

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) "Математика.7 саны ж?не цифры ."
    ["seo_title"] => string(32) "matiematika-7-sany-zh-nie-tsifry"
    ["file_id"] => string(6) "266154"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1450102879"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(85) "Санды  ?рнектер . ?ріпті  ?рнектер. Саба? жоспары "
    ["seo_title"] => string(48) "sandy-orniektier-ripti-orniektier-sabak-zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "156223"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1421397014"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(82) "«А?ыл-ойды т?ртіпке келтіретін – математика»"
    ["seo_title"] => string(39) "akyloidytrtipkiekieltirietinmatiematika"
    ["file_id"] => string(6) "321924"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1461438462"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(84) "Конспект урока: Аралас сандар?а есептер шы?ару"
    ["seo_title"] => string(45) "konspiekturokaaralassandargaiesieptiershygaru"
    ["file_id"] => string(6) "321921"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1461438244"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(112) "Конспект урока по математике на тему " Араб ж?не рим цифрлары" "
    ["seo_title"] => string(66) "konspiekt-uroka-po-matiematikie-na-tiemu-arab-zh-nie-rim-tsifrlary"
    ["file_id"] => string(6) "154531"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1421165568"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства