Ақмола облысы Есіл ауданы Свободный орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Ержанқызы Төлеужан
Тақырыбы: Сан есімді қайталау
Мақсаты: Сан есімді пысықтау барысында оқушыларды өз бетінше
жұмыс істеуге баулу.
Сан есім туралы алған білімдерін,түсініктерін қалыптастыру.
Оқушылардың ой өрісін танымдылық қабілеттерін,сөздік- қорын
логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Адалдыққа адамгершіліккке ұлылыққа баулу.
Сабақтың түрі: Қайталау сабақ
Көрнекті құралдар: Суреттер.сөз жұмбақтар.сиқырлы сандық.сандар және плакаттар.т.б
Әдісі: сұрақ-жауап, пысықтау.
Пән аралық байланыс: Математика,ана тілі,бейнелеу өнері,музыка. т.б.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі:
Амандасу: Күн нұрындай әсем
Бас иетін барша әлем
Нұр ойнаған жүзінде
Ұстаздарға бір сәлем. Оқушыларды түгендеу сыныпты реттеу.
Психологиялық дайындық:
Аспанымыз ашық болсын!
Көк туымыз биік болсын !
Әке шешеміз аман болсын!
Деніміз сау болсын, еліміз тыныш болсын!
Балалар барлығымыздың көңіл күйіміз тамаша екен.
Мен ұстазбын ешқашан сүрінбеген
Шәкірттерім алдымда күлімдеген
Мен сүйреймін сендерді толқындарда.
Отырғызып кемеге білім деген
Ендеше балалар білім деген кемеге мініп алып білгенімізді ортаға салайық.
Үй тапсырмасын тексеру.
Балалар сан есімді пысықтау ретінде мына сөз жұмбақты шешіп алайық!
Мен сендерге мақал мәтелдер оқимын, соның ішіндегі жасырылған сан есімдерді тауып, тор көзге сан есімдерді жазамыз.
1..................ауыз сөздің
Тобықтай түйіні бар.
2. Төртеу түгел болса төбедегі келеді
.............. ала болса, ауыздағы кетеді.
3.................. саусағынан өнер тамған
4. Ер жігіттің .......... сөйлегені өлгені
5................ қырлы бір сырлы
6............... атасын білмеген жетесіз
7. Білікті бірді жығады
Білімді ............. жығады.
Балалар өте жақсы сөз жұмбақтың тігінен қызыл жолақта қандай сөз шықты?
Әрине дұрыс айтасыңдар біздің тақырыбымыз Сан есім.
Күз
Дұрыс айтасыңдар
Ендеше бүгін біз сабақта сан есімді қайталау барысында тақтаға күз мезгілін суреттейміз.
Балалар жауабын тыңдау
Өте жақсы , біз қадан қуат аламыз?
Күннен
әрине күннің шуағы,жылу керек.
Ендеше күннің сұрағын оқимын.
Сан есім деп нені айтамыз? Сан есім нешеге бөлінеді?
Оқушылардың жауабы: Заттың санын білдіретін сөздерді сан есім дейміз.
Күн ала бұлтты болады.
Ендеше бұлттардың тапсырмасына назар аударайық!
Бұлт сұрағы: Есептік сан есім деп нені айтамыз? Мысал келтір.
реттік сан есім деп нені айтамыз?Мысал келтір.
Балалар күзде ағаштар нелерінен айырылады?
Жапырақтарынан
өте жақсы,әрине Жапырақтарынан
Ендеше келесі ойынымыз жапырақ түсу деп аталады.
Столдың үстіндегі жапырақты алып артындағы есептік сан есімдерді реттік сан есімдерге айландырып жапырақты тақтаға ілеміз
Мысылы: 70үй болса жетпісінші үй т.б
Ал балалар іске сәт!
Бір бірлеп келіп бәйшешектің артындағы сандарды оқып,реттік сан есімге айландыру.
өте жақсы
Сергіту сәті.
1,2,3,- ал, қанеки,ұш.
4,5,6,7,- мынау ауыл шеті
8,9,10,- ал,қанеки қон.
Жақсы рахмет,орындарыңа жайғасыңдар.
Балалар ата бабаларымыз киіз үймен күзеуге күзейтін болған. Ендеше
келесі ойынымыз күзеуге киіз үй құру деп аталады.
Киіз үйдің ең алдымен есігін құрамыз.
Есіктегі өтірік өлеңнің ішіндегі сан есімдерді тауып, олардың есептік немесе реттік сан есім екенін айт!
Елу метр есіктен
Еңкеюмен шақ кірдім
Жүз қасқырды өшіккен
Бір қозыға бақтырдым.
Оң жақ керегедегі мақал мәтелдегі жасырылған сен есімді тауып айт.
Жігіттің құны ................. жылқы
Ары ................................ жылқы
Сол жақ керегедегі жұмбақтың шешуін тап.
Алтын терек, он екі бұтақ.
Үш жүз алпыс бес жапырақ.
Бір жыл.он екі ай үш жүз алпыс бес күн.
шаңырақты көтеру.
Уықтарды шаншамыз
Білгенің .........,тоғыз
Білмегенің ........... тоғыз
Білімді ............ жығады.
.............досың болсын
Мал ................ болмайды
Тобықтай түйіні бар
Бекіту. Сиқырлы сандық ойыны.
Сандықтың ішінде 3,5,7,20 сандары жасырылған.
Балалар мына сандарға назар аударайықшы. Осы сандар туралы не білесіңдер? Мысалы: 7 саны жайлы айтайық.
7керемет,7 нан, 7қазына, 7 байлық, 7 ата, 7 жұрт,7 қарақшы, 7 күн.
Жақсы. Ендеше 7 атаны кім айтады?
7 байлықты кім біледі?
7 қазынаны кім айтады?
7 күнді кім атап береді?
Жақсы рахмет
Абай атамыздың өсиет қылып қалдырып,кеткен бес асыл іс, бес дұшпанды біле жүр деген екен, соны білеміз.
Бес асыл іс
Талап, еңбек, терең ой
Қанағат, рахым ойлап қой.
Бес дұшпан
Өсек өтірік мақтаншақ,
Еріншек бекер, мал шашпақ.
Үш мақсат
Жол мақсаты- жету
Дау мақсаты -біту
Сауда мақсаты –ұту
Үш арсыз
Ұйқы – арсыз
Күлкі- арсыз
Тамақ – арсыз
Үш би
Әйтеке би
Төле би
Қазбек би
Үш жұрт
Өз жұрты
Нағашы жұрты
Қайын жұрты
Үш бақыт
Халқым
Тілім
Отан
Мінеки балалар 7 ,5, 3 сандарының өзіндік сыры бар екен. Осы сандарға байланысты білгенімізді ортаға сала отырып , күз келбетін суреттен шықтық.
Енді мына 20 санына назар аударыңдар.
Өткен жылы біздің еліміздің тәуелсіздік алуына 20 жыл толды.
Өте дұрыс айтасыңдар.
Еліміздің егемендігін алып, тәуелсіздік тұғырына мініп, жеке шаңырақ көтергеніне 20 жыл толып отыр.
Ендеше сендер дәптерлеріңе тәуелсіздіктің 20 жылдығына байланысты
Құрамында сан есімі бар, бір -бір сөйлем жазыңдар.
Топпен жұмыс. Тапқыр болсаң озып көр ойыны.
Ойынның шарты: Сендер екі топқа бөлініп, менің оқыған мақал мәтелімнің жалғасын табасыңдар. Қай топ көп жауап береді, сол топ жеңімпаз атанады.
Мақал мәтел
Ормансыз бұлбұл
өз еліңде ұлтан бол
Ұқыпсыздың ісі оңбас
әдепсіз бала сорлы бала.
өз үйім өлең төсегім
Туған жерім
Алтын бесігім
Қорытынды.
Құрметті балалар сендер өз білгендеріңді ортаға салып, білімдеріңді шыңдап, өнерлеріңді көрсеттіңдер.
Сендер сияқты өнерлі,өнегелі, білімді, үлгілі, инабатты ұл, қыздары бар
ел мәңгі жасайды. Өнерлерің үстем, білімде шыңдалып, ұшқанда қанаттарың талмай, талпына берулеріңе тілектеспін!
Бағалау.