1) Топқа бөліну.Сан есім тақырыбына байланысты 1,2,3-ке дейін санап үш топқа бөлінеді. 2)Психологиялық дайындық
-Мен, сен, ол, олар
Бәріміз де бір ұжым.
Мынау мектеп, бұл ұстаз
Қуанышты күн бүгін
Сабақ кезеңдерімен таныстыру.
1.Өткен шаққа саяхат
2.Осы шаққа саяхат
3.Келер шаққа саяхат
Үй тапсырмасын тексеру. Өткен шаққа саяхат.
Үйге берілген жаттығуды тексеру.
«Гүл сыйлау» ойыны. Оқушылар бір-біріне гүлді бере отырып өткен тақырыптар бойынша сұрақтар береді. Гүлді алған оқушы сұраққа жауап беріп, келесі балаға беруі тиіс.
Жаңа сабақ. Осы шаққа саяхат
«Мақалды толықтыр»
1)... тал кессең, ... тал ек. 3) ... рет өлшеп, ... рет кес.
2)Білекті .... жығады,білімді .... жығады. 4)Ер ... рет өледі, қорқақ ... рет өледі.
-Көп нүкте орнына қандай сөздер қойдық? Ендеше бүгінгі сабағымызда сан есім туралы білімдерімізді қайталаймыз.
54-жаттығу.Топтық жұмыс.Сандарды сөзге айналдырып,сөйлемдерді көшіріп жаз. Сан есімнің қай сөзбен байланысып тұрғанын сызбамен көрсет. Сан есімдердің дара не күрделі екенін ажырат.
55-жаттығу.Топтық жұмыс. Әр топтың алдына кесте беріледі.
Тапсырма:Көп нүкте орнына тиісті сөз табының атын жаз. Кестені нақты мысалдармен толтыр.
. . . .
есептік
реттік
дара
күрделі
56-жаттығу. Жеке жұмыс.Берілген сан есімдерді қатыстырып сөйлемдер құрау.
Жеті,бесінші, он екі.
Сергіту сәті. Көңілді музыкаға билеу.
57-жаттығу. Топтық жұмыс.Ребус шешу.Шыққан мақалдың мағынасын түсіндіру. Сөйлемдегі сан есімдердің қосындысын және айырмасын табу.Шыққан сан есімдерді түрлеріне қарай ажырату.
58-жаттығу. Жұптық жұмыс.Сан есімдерден қос сөздер жасау. Оның алдыңғы сөздерден қандай айырмашылығы болғанын айту.
Бес,он,отыз,қырық,бір,екі.
Рефлексия.
Бір,оныншы, отыз үш, алтау.
Қанша? Неше? Нешеу? Нешінші?
Сан есімгеассоциация құру
Заттың санын, ретін,мөлшерін білдіреді
дара
Сан есім
есептік
күрделі
реттік
Есептік сан есім жұрнақтары: -ыншы, -інші, -ншы,-нші
Үйге тапсырма беру.Келер шаққа саяхат.
1)59-жаттығу. 2) Сан есімдері бар мақал-мәтел жазып келу.
Бағалау. Уақытында бағалау әдісі арқылы бағаланады.