Просмотр содержимого документа
«Са?ина ашы? саба?»
Күні: 13.10.2015ж.
Пәні: Әдебиеттік оқу
Сынып: 2 Сабақтың тақырыбы:Сақина (ертегі) Сабақтың мақсаты: Ертегінің мазмұны мен негізгі идеясын ұғындыру. Сабақтың міндеттері: 1.Оқушыларды халық ауыз әдебиеті үлгісі- ертегімен таныстыра отырып, адалдық, ойшылдық, еңбек ету, адамды бақытқа жеткізетінін түсіндіру. 2.Оқушылардың сөздік қорын молайту. 3.Мейірімділікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту. Сабақтың түрі: Аралас сабақ Әдіс – тәсілдері: Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру, ,топтық жұмыс,жеке жұмыс,шапалақ әдісі, ребус шешу,джексо әдісі,проблемалық сұрақ ,ойын,сергіту сәті.
Оқудың нәтижелері: Ертегі мазмұны бойынша түсініктері кеңейеді. Мәтіннің негізгі идеясын ажыратады. Өз ойын жеткізе білуге дағдыланады,шығармашылық қабілеттері дамиды. Сабаққа қажетті жабдықтар: суреттер, қима-қағаздар, түрлі-түсті маркер Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Көшелерден біз өткен
Алдан әже жолықса,
Бөгеліп кеп әдейлеп,
Сәлемдесем сол тұста,
«Есенсіз бе әжей» деп.
Кім кездессе көшеде,
Таныс емес демейміз.
«Аға, тәте, көкеге»,
«Сәлеметсіз бе» дейміз біз.
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Шаттық шеңбері
-Сәлем досым! (қолын алады)
- Қалайсың? (арқасынан қағады)
-Сен қайда болдың? (құлағынан тартады)
- Келдің бе? (құшағын ашады)
- Жарайсың! (құшақтасады)
Топқа бөлу(Қоржыннан сақиналар алып,сақиналар арқылы бөліну)
1)Алтын тобы
2)Күміс тобы
-Балалар үйге қандай тапсырма берілді?
-Ұр тоқпақ ертегісі.
Үй жұмысын шапалақ әдісімен сұрау.Дұрыс болса шапалақ ұрады,бұрыс болса аяқпен топылдатады.
1 топқа(5 сұрақ)
1)Баяғы заманда шал мен кемпір өмір сүреді.(шапалақ)+
2) Бір күні шал құрған тұзағын қараса,үйрек түсіпті .(аяқпен топылдату)-
3)Ертегідегі қазға тіл бітіпті.(шапалақ)+
4)Қаз шалға егер босатса,1 жылдан кейін көмек беретінін айтты.(шапалақ)+