Просмотр содержимого документа
«Са? бол, жас ?лан! »
Ақтөбе облысы
Шалқар қаласы
Ә. Жангелдин атындағы орта мектеп
бастауыш сынып мұғалімі
Аманжолова Қамажай Төреханқызы
Сабақтың тақырыбы: Сақ бол, жас ұлан!
Мақсат: Оқушылардың жолда жүру ережесін білуін анықтау. Өз ара сайыста жол ережесі туралы білім-білік дағдыларын тексеру, шапшаңдыққа, жолда жүру ережесін сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Тақырып жазылған плакат, шарлар, велосипед, кедергілер
Барысы:
І.Ұйымдастыру
Сайыс өтілетін орынды дайындау.
ІІ. Кіріспе
Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, оқушылар, жас жол инспекторлары. Бүгінгі «Сақ бол, жас ұлан» жас жол инспекторлар сайысына қош келіпсіздер.
Бүгінгі қоғамда әр адам мейлі ол жас немесе қарт адам болсын, жолда жүру ережесін білу өте қажет. Себебі бұл өмір қауіпсіздігінің бірден-бір кепілі. Бүгін біз сайысымыз арқылы біздің оқушылардың жолда жүру ережесін қаншалықты білетіндігін және сақтайтындығын аңғаратын боламыз. Ендеше, сайысқа қатысушы командалармен таныстыруды рұқсат етіңіздер.
4 «а» сыныбынан құрылған « » командасы
4 «б» сыныбынан құрылған « » командасы
3 «а» сыныбынан құрылған « » командасы
3 «б» сыныбынан құрылған « Жас қыран » командасы
Алдымен бүгінгі сайысқа төрелік ететін қазылар алқасымен таныстырып өтейік. Қазылар алқасымен таныстыру.
ІІІ. Негізгі бөлім
Бүгінгі сайыс төмендегідей бағдарламада өтеді.
Сонымен қатар қатысушылардың киімдеріне, саптағы тәртібіне де мән берулеріңіз сұралады.
Арманға алға күткен асығармыз,
Біз қалай толқын атпай басылармыз,
Бүгінгі бізге келген қонақтарға
Басталсын сайысымыз сайысымыз сәлемменен.
Ендеше, бірінші кезең «Саппен жүрісті» бастаймыз. (әр команда саппен ән айтып өтеді).
Ғылым-білім жиғаны бұрынғының
Білерсің өте келе құнын мұның,
Көшеде жүре білу,
Кішіге білгеніңді ұғындыру.
Келесі кезекте «Эрудиттер» сайысы. Әр команданың эрудиттерін ортаға шақырамыз.
(оқушыларға жол қозғалысы ережесі, жол белгілері туралы сұрақтар беріледі).
Көше деген мың ирек,
Үйренейік біртіндеп.
Барар жерге асықпа,
Бәйге алмайсың бұрын кеп.
Қиналмай-ақ жаттайсың
Ғұмыры еске сақтайсың.
Ендігі кезекте біздің «Жас насихатшыларымыз» жолда жүру тәртібін қалай насихаттайды екен, соны біліп көрелік. Ортаға жас насихатшының шақырамыз. (әр команданың насихатшысы өз жұмысын көрсетеді. Мұны плакат түрінде қорғауға немесе сахналық көрініс түрінде көрсетуге болады.)
Велосипед деме, қалқам жуас ат,
Ешкім оны тепкен де жоқ туа сап,
Алға қара, сенімді бол қолыңа,
Онда сенің тосқауыл бар жолында.
Әрине, велосипед тебе білу де өнер, сонымен қатар, спорттың қазіргі таңдағы дамыған түрі. Келесі кезекте «Қауіпсіз дөңгелек» сайысы. Мұнда әр команданың велосипедшілерін шақырамыз. 1-ші велосипедші мәнерлеп теуіп шығады, 2-ші велосипедші кедергілерден өтеді. Ендеше іске сәт!
Ортаға әр командының жол реттеушілердің шақырамыз (жол реттеушілерінің қимылын көрсетеді. Команданы сайыс жүргізушісі беріп тұрады.)
-Балалар, егер біз жолда жүру тәртібін бұзсақ, алғашқы көмекке кім келеді деп ойлайсыңдар? Алайда, медбикелер көмегіне жүгінеміз деп жол жүру ережесін де бұзбауымыз керек. Келесі сайысымыз «Жас медбикелер» сайысы. Мұнда апаты болған уақытта алғашқы медициналық көмекті көрсетеді.
Келесі сайысымыз «Жас үгітшілер» деп аталады. Мұнда әр команда толық құрамда «Жол қауіпсіздігін сақтайық» деген тақырып бойынша үй тапсырмасын көрсетеді.
Келесі кезекте әр топтың командирлері жолда жүру ережесіне байланысты кластың есебін, іс-қағаздарын қорғайды. Ендеше «Командирлер сайысы»
(Қазылар алқасына сөз кезегі беріледі).
Шуақты өміріміз күндей күліп
Жүректе бүршік атып, гүлдейді үміт.
Арманға сапар тарту мүмкін емес,
Жол жүру ережесін білмей тұрып.
Қай көше , қай қалаға барсаңыз да
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да
Жол жүру ережесі-заңды тәртіп
Ол ортақ үлкен-кіші баршамызға
Бүгінгі «Сақ бол, жас ұлан!» атты жас жол инспекторлар сайысы осымен аяқталды. Қатысушы командаларға рахмет айтамыз.