Б?гінгі ?рпа? болар елді? ерте?і – деп елімізді? ерте?і,
Б?гінгі ?рпа? болар елді? ерте?і – деп елімізді? ерте?і, болаша?ымыз, жас ?рендерді «Жас ?лан» Республикалы? біры??ай балалар мен жас?спірімдер ?йымыны? ?атарына ?абылдау р?сімін бастаймыз.
Ж?ргізуші-1: «Жас ?лан» ?йымына м?ше болуды? екі де?гейлі ж?йесі бар. «Жас ?ланны?» жо?ары буынына 5-11 сынып, ал «Жас ?ыран» т?менгі буынына 1-4 сынып о?ушылары ?абылданады.
Ж?ргізуші-2: «Жас ?лан» балалар ?йымыны? р?міздері, ?ран, ?н?ран, ту, галстук, т?сбелгі, эмблемасы болып табылады.
Ж?ргізуші-2: Т?уелсіздік – азат тарихымызды? арман мен айбын?а толы ал?аш?ы беті. Т?уелсіздік іштегі ынтыма? пен сыртта?ы ы?палдасты?, б?гінгіге деген т?зім мен сабыр, ерте?ге деген ?міт пен сенім.
Просмотр содержимого документа
«16 желто?сан Т?уелсіздік к?ніне орай "Жас ?лан?а" ?абылдау сценариі»
16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні қарсаңында Республикалық
«Жас Ұлан» бірыңғай балалармен жасөспірімдер ұйымы қатарына
қабылдау рәсімінің сценариі
Фанфар
Жүргізуші-1:
23 жыл –күмбір күй боп төгілдің,
Келбет нұры арайланып көгімнің.
Әр жүрекке жалын беріп тұрғандай,
Егеменді Елтаңбасы елімнің.
Жүргізуші-2:
Желтоқсаннан жұлдызданған халықпыз,
Намыстанып жігерленіп жаныппыз.
23 жыл – күнді сүйді Көк байрақ,
Біз қазақпыз, ай мен күндей анықпыз.
Жүргізуші-1: Армысыздар құрметті қонақтар, ұстаздар және егеменді еліміздің жастары!
Жүргізуші-2: 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 23 жылдық мерекесі құтты болсын!
Әскери жетекші: Қазақстан Республикасының туын еңгізілуіне әзірлен.
(ту кіргізіледі)
Жүргізуші-1: Баршаңызғы бүгінгі қадамдарыңызға сәттілік тілей отырып, салтанатты сапты ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.
ӘНҰРАН
Жүргізуші-2: Бүгінгі салтанатты жиынның құрметті қонақтарымен таныс болыңыздар
Құттықтау сөз
Жүргізуші-1:
Егемен ел десем сеніп кіріп,
Бойымды билеп кетер сенімділік
Ешкімге ауыстырмас алтын Отан
Жырлаймын қасиетіңді төгілдіріп.
Жүргізуші-2:
Бақытымның Бәйтеректей бұрқағы,
Ел ұранын жалпы әлемде шырқады.
Қыран болып қасиетін танытты,
Күнді сүйген Көкбөрінің ұрпағы
Тәуелсіздікке арналған өлең-тақпақтар
(4 сынып оқушылары)
Жүргізуші-1:
Қуан, елім!
Тәуелсізсің сен бүгін!
Көгіңде күн, жеріңде ырыс
Өз қолыңда теңдігің.
Көк байрағың, әнұраның және де бар өз тілің
Ата-баба сан ғасырлар армандаған Елдігім!
Жүргізуші-2:
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты, өнегесі, еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі – деп еліміздің ертеңі,
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі – деп еліміздің ертеңі, болашағымыз, жас өрендерді «Жас Ұлан» Республикалық бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылдау рәсімін бастаймыз.
Жүргізуші-1: «Жас Ұлан» ұйымына мүше болудың екі деңгейлі жүйесі бар. «Жас Ұланның» жоғары буынына 5-11 сынып, ал «Жас Қыран» төменгі буынына 1-4 сынып оқушылары қабылданады.
Жүргізуші-2: «Жас Ұлан» балалар ұйымының рәміздері, ұран, әнұран, ту, галстук, төсбелгі, эмблемасы болып табылады.
Жүргізуші-1: «Жас Ұлан» ұйымына оқуда, қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытып және спорт, өнер жағынан жақсы көріне білген оқушылар қабылданады.
Жүргізуші-2: Олай болса, «Жас Ұландықтарға» төсбелгі және галстук тағу рәсіміне көшейік.
Жүргізуші-1: «Жас Ұландықтарға» төсбелгі және галстук тағу құрметі мектеп әкімшілігіне және сынып әкімдеріне топ көшбасшыларына беріледі.
(Галстук және төсбелгілері тағылады).
Жүргізуші-2: Құрметті «Жас Ұландықтар» мойындарыңызға тағылған галстуктарыңыз және төсбелгілеріңіз құтты болсын.
Жүргізуші-1: Бүгінгі салтанатты жиынның ең жауапты сәті «Ант тапсыру» рәсіміне кезек береміз.
Жүргізуші-2: Салтанатты ант қабылдауға мектепішілік «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының ұланбасы Маткенова Зареманы ортаға шақырамыз.
Республикалық «Жас Ұлан» бірыңғай балар мен жасөспірімдер
ұйымы мүшелерінің анты
Мен, Маткенова Зарема Республикалық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына кіре отырып,
Өз Отаным – Қазақстан Республикасының патриоты болуға
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге
Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге
Ата-анамды қадірлеуге
Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге
Білімге табандылықпен ұмтылуға
Салауатты өмір салтын ұстауға
Табиғатты аялауға
«Жас Ұлан» ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге
Біздің жерлестеріміздің даңқы ерлігі, өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде
АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН!
Барлық оқушылар «Жас Ұлан», «Қазақстан – Нұрсұлтан – Жас Ұлан»
Жүргізуші-1:
Бүл күнде ордам кеңейген,
Бұлбұлым сайрап көмейден.
Бәйтерегі биік елімде,
Қуаныш тойы көбейген.
Ән
Әскери жетекші: Қазақстан Республикасының туы шығуына әзірлен.
(ту шығарылады).
Жүргізуші-2: Тәуелсіздік – азат тарихымыздың арман мен айбынға толы алғашқы беті. Тәуелсіздік іштегі ынтымақ пен сырттағы ықпалдастық, бүгінгіге деген төзім мен сабыр, ертеңге деген үміт пен сенім.
Жүргізуші-1: Құрметті «Жас Ұландықтар», сіздерді ұйымға қабылдануларыңызбен құттықтаймыз.
Жүргізуші-2: «Жас Ұлан» ұйымы қатарына қабылдау салтанатты кезеңі аяқталады. Сіздерге оқуда, өнерде, еңбекте әрқашан алда болуға тілектеспіз.
Жүргізуші-1: Осымен бүгінгі салтанатты сапты жабық деп жариялаймыз.
Жүргізуші-1-2: Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!