Т.Аманов атында?ы №16 жалпы білім беретін орта мектебіні? 4-ші сыныптарыны? ?здік о?ушылары ж?не 5 сынып о?ушыларын
«Жас ?лан», «Жас ?ыран» тобына ?абылдау р?сімі.
Ма?саты: О?ушыларды патриотизм мен отан с?йгіштік рухта т?рбиелеу, ?лтты? ерлік к?рсету.
Т?лімгер: Мектеп тік т?р! «Жас?лан» туы ?келінсін.
??рметті ?стаздармен о?ушылар 16 желто?сан «Т?уелсіздік к?ніне» байланысты «Жас ?лан?а» ?абылдау салтанатты жиынын ашы? деп жариялаймыз.
/?Р ?н?раны айтылады./
??ты?тау с?зі мектеп директоры Б.?.??рман?алиева?а беріледі.
Т?лімгер:
??рметті о?ушылар б?л Республикалы? біры??ай ?йым. Б?л ?йым?а 1-4 сынып о?ушылары «Жас ?ыран ?йымы» деп аталады, 5-10 сынып о?ушылары «Жас ?лан» ?йымы болып саналады.
Жас ?ланны? ма?саты:
?скеле? жас ?рпа?ты? бойында патриотты?, білім мен ?зін-?зі жетілдіруге деген ??штарлы?, беріктік, Отан тарихына, Т?уелсіз ?аза?станны? б?гіні мен болаша?ына деген жауапкершілікті ?алыптастыру.
Т.Аманов атындағы №16 жалпы білім беретін орта мектебінің 4-ші сыныптарының үздік оқушылары және 5 сынып оқушыларын
«Жас ұлан», «Жас Қыран» тобына қабылдау рәсімі.
Мақсаты: Оқушыларды патриотизм мен отан сүйгіштік рухта тәрбиелеу, ұлттық ерлік көрсету.
Тәлімгер: Мектеп тік тұр! «Жасұлан» туы әкелінсін.
Құрметті ұстаздармен оқушылар 16 желтоқсан «Тәуелсіздік күніне» байланысты «Жас ұланға» қабылдау салтанатты жиынын ашық деп жариялаймыз.
/ҚР Әнұраны айтылады./
Құтықтау сөзі мектеп директоры Б.Қ.Құрманғалиеваға беріледі.
Тәлімгер:
Құрметті оқушылар бұл Республикалық бірыңғай ұйым. Бұл ұйымға 1-4 сынып оқушылары «Жас қыран ұйымы» деп аталады, 5-10 сынып оқушылары «Жас Ұлан» ұйымы болып саналады.
Жас ұланның мақсаты:
өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру.
Жас ұланның міндеті:
Оқушылар өзін-өзі басқарып, бағалай білуін, өзін қоршаған ортаға құрметпен қарау сезімдерін туған елге сүйіспеншілігін арттыру.
Жас ұланның ұраны:
Бейбітшілік ел ұраны,
Бейбіт елдің Жас ұланы!
Топтар рапорт береді: Топ тік тұр! «Жас ұлан» ұйымына 5 «А» сыныбы өтуге дайын. Рапорт беруші_______________
Осылай барлық топтар рапорт беріп өтеді.
Тәлімгер:Құрметті тәрбие ісінің меңгерушісі Жанар Түлкібайқызы. Мектебіміздің 1-10 сыныптарының үздік оқушылары және мектебіміздің белсенді оқушылары «Жас ұлан» ұйымына өтуге дайын. Рапорт берушы тәлімгер Алиева Б.
Енді «Жас ұлан» (значогын) төсбелгісін тағу рәсімін мектебіміздің құрметті ұстаздары мен өзін-өзі басқару ұйымына беріледі.
Топтардың ант қабылдау рәсімі:
«Жас ұланның» анты
Мен, ____________________, Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:
Өз Отаным – Қазақстан Республикасының патриоты болуға;
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;
Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге;
Ата-анамды қадірлеуге;
Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;
Білімге табандылықпен ұмтылуға;
Салауатты өмір салтын ұстануға;
Табиғатты аялауға;
«Жас Ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант етемін.
Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі өнегесі негізінде ерлікке үйренуге жәнеОтанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде
АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН!
Әні айтылады:
«Жас ұланның» әні
1. Әлем сүйген салтымыз бар,
Бейбітшілік ел ұраны.
Өмір сүйген Жас ұланы,
Бейбіт елдің біз ұланы.
Қайырмасы:
Халықтар өмірді қорғайды,
Әділет ұранын қолдайды.
Шырқаңдар кел достар әл елде,
«Жас ұлан» жасасын бұл күнде.
2. Ел ұраны мәңгі анық,
Әр жүректе жатталады.
Барлық ұран сапқа тұрса,
Бейбітшілік сақталады.
Құтықтау сөздер ұстаздарға және ата-аналарға беріледі:
Тәлімгер: «Жас ұлан» ТІК ТҰР! Жас ұлан туын әкетуге рұқсат!