"Ауаны? ??рамы" та?ырыбында ?ткізілген саба?та о?ытуды? жа?а заманауи ?діс т?сілдері ?олданылды. Блум таксономиясы бойынша о?ушылар ?арапайы де?гейден жо?ары де?гейге ?з беттерінше білім алу ар?ылы ?ол жеткізді. Ауа ж?не оны? ??рамы туралы білімдерін дамытты. ?азіргі кездегі ауаны? ластануыны? себеп салдарын аны?тай отырып, оларды? алдын алу ?ажеттілігіні? ?аншалы?ты ма?ызды екенін т?сінді. Саба?та ал?ан білімдерін ?мірде ?олдану да?дыларыны? ?алыптасуына м?мкіндік жасалды.
Просмотр содержимого документа
«Саба? жоспары "Ауаны? ??рамы"»
I. Сабақтың тақырыбы: «Ауаның құрамы»
II.Сабақтың мақсаты : 1.Ауаның қоспалардан тұратынын анықтайды.
2.Өсімдіктер дүниесінің ауаның құрамына тигізетін әсерін анықтайды.
3.Табиғатқа деген сүйіспеншілік,қамқорлық қасиеттерін дамытады.
III.Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес.
IV.Сабақтың әдіс-тәсілдері: Блум таксономиясы, Венн диграммасы, СТО, «Гениалогиялық ағаш»
V.Сабақтың көрнекілігі: сөзжұмбақ,суреттер, интербелсенді тақта
VI.Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру. Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Сыныпқа біздің кеп тұрған,
Сіздерге сәлем бердік біз.
2.Үй жұмысын пысықтау.
3.Жаңа сабақ.
1.Тақтадағы суреттерге назар аударайық.
АЛМА УЫҚ АЙ
Үш сөздің бірінші әріптерін пайдаланып, сөз құрау. Сонда, «АУА» деген сөз шығады. Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы: «Ауаның құрамы»
1-деңгей. Білім.
Ауа деген не?
Ауаның қандай қасиеттері бар?
Ауаның құрамы...
2-деңгей. Түсіну.
1-тапсырма. Төмендегі суреттің әр бөлігіне сәйкес келетін газдарды ата.
Ауаның құрамы
1%
21%
78%
2-тапсырма. Бес жол өлең жазу.
1.Ауа
2.Қоспалы, тұрақты
3.Сіңіреді,толады,құрайды
4.Ауаның құрамы тұрақты болады.
5.Өмір
3-деңгей. Қолдану.
1-тапсырма. «Ауадай қажет» сөз тіркесін қатыстырып, сөйлем құра.
2-тапсырма. «Гениалогиялық ағаш». Ауаның ластануының себептері мен салдарын анықта.
Шаң-тозаң, қоқыстар
Зауыт-фабрикалардың, көліктердің түтіні
Ормандардың азаюы
Пайдалы қазбаларды өндіру
Ауаның ластануы
Аурулар пайда болады.
Тірі табиғат зардап шегеді.
Жануарлар дүниесі азаяды.
Экология бұзылады.
4-деңгей. Талдау .
1-тапсырма. Венн диаграммасын пайдаланып, оттегі мен көмірқышқыл газын салыстыру.
Оттегі Көмірқышқыл газы
Сергіту сәті
5-деңгей. Топтау.
Шығармашылық тапсырма. «Орманды жерлерде оттегі неге көп?» сұрағына жауап бере отырып, әңгіме жазу.
6-деңгей. Бағалау.
Сұрақ. «Жатын бөлмесінің ауасын қалай тазартуға болады?»
Оқушылардың ой-пікірлері тыңдалады.
Рефлексия.
Бүгінгі сабақта өзіңе қандай жаңалық аштың?
VII.Қорытынды.
VIII.Үйге тапсырма.
IX.Бағалау.