Сабақтың тақырыбы: «Түбір сөз және туынды сөз»
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Бір түбірден әр түрлі жұрнақ жалғану арқылы жасалған сөздердің түбірлес сөздер деп аталатынын түсіндіру.
2.Дамытушылық: Сөздерді сөз құрамына талдай отырып, түбірлес сөздерді таба білуге, оларды сауатты әрі көркем жазуға үйрету. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін,тілін дамыту.
3.Тәрбиелік:сауатты жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі:ребус, жұмбақтар, сызбалар, т.б.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың назарың сабаққа аудару.
Балалар,бәріміз ортаға шығып, «жылылық шеңберін»құрайық.Әрбіріміз қасымызда тұрған досымыздың жақсы қасиеттерін ізгі сөздермен, көтеріңкі көңілмен,күлімдеген көзбен жеткізейік:
- Сен нағыз доссың; ең әдемі қызсың; мейірімдісің; өте ұқыпты баласың; адал доссың; қайырымдысың; әдептісің; өнерлісің; еңбекқорсың; ақкөңілсің және т.б.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Оқушыларға карточка тарату.
1.Түбір дегеніміз не?
Сөздің одаң әрі бөлінбейтін мағнасы бар бөлігің түбір дейміз: қала, орман.
2.Жұрнақ дегеніміз не?
Сөздің түбіріне жалғанғанда, оның мағнасың өзгертетін қосымшаларды жұрнақ дейміз.
3.Жалғау дегеніміз не?
Сөздің мағнасың өзгертпей, түбірге жалғанатын қосымшаны жалғау дейміз
ІІІ.Жаңа сабақ
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
«Түбір сөз және туынды сөз»
Ал оқушылар біз жаңа сабағымызды бастамай тұрып сұрақтарға жауап берейік;
1.Балалар қазір қандай мезгіл? ҚЫС
2.Қыста қандай өзгерістер болады? ҚАР ЖАУАДЫ,БОРАН БОЛАДЫ.
3.Қыста қандай мерекелер болады? ЖАҢА ЖЫЛ
Ал сендер шырша безендіргенді ұнатасындар ма?Ендеше бүгін біз шырша безендіреміз. Ол үшін сендер әр шыршаның ойыңшығында берілген тапсырманы орындауларын қажет. Әр орындалған тапсырма шыршаға ойыншық болып ілінеді. Кәне оқушылар шыршаны әдемі безендіруге тырысайық.
Безендірмес бұрын шыршаның бізге берілген ережесі бар екен орындаймыз ба? Оны жаттап алу керек. Келісемізбе?
Ереже
Түбір сөзге жұрнақ қосылу арқылы жасалған сөз туынды сөз дейміз:ерлік татулық жұмысшы
Ал ережені түсінсек ендеше мына жәшіктегі ойыншықтағы тапсырмаларды орындайық
1-жаттығу.Берілген сөздердің түбірі мен қосымшасын тауып,белгіле.
Ойыншық,кәсіпкер,қуырдақ,құймақ,тілек,кеңші.
Екінші жәшіктегі тапсырмалар:
2-жаттығу. Түбір сөздерге –шы, -ші, -ды, -ді, -лы, -лі, жұрнақтарының тиістісін қосып туынды сөз жаса.
Жыршы, тәрбиеші, сыншы,көрді, көңілді, сулы, құрлысшы,
Үшінші жәшіктегі тапсырмалар:
4-жаттығу. Жұмбақтарды оқып, шешуін тап.
Кімнің ұшқыр ойы?
Сайысатын кімдер,айт,
Екі тайм бойы?
ш
а
х
м
а
т
ш
ы
Кімнің ұшқыр ойы ?
Сайысатын кімдер,айт,
Мұзда үш кезең бойы.
х
о
к
к
е
й
ш
і
Жұмбақ шешуі болған сөздерді сөз құрамына талда.
Сергіту сәті.ІҮ.Сабақты қорытындылау.
Сөзжұмбақты шеш.Сол сөздердің түбірі мен қосымшасын тауып,белгілерді қой.
5
ә
н
1
ш
2
с
у
Р
е
т
ш
і
і
г
3
б
И
ш
і
н
4
к
Ү
й
ш
і
і
Тігінші,суретші,биші,қүйші,әнші.
Әр жауапқа шыршаға ілетін ойыншық беру.
Ү.Бекіту.
5-жаттығу.Ребусты шешсең,туынды сөз шығады.Сол сөздің түбірі мен қосымшасын тап
Ребустың жауабын тапқан оқушы шыршанын жұлдызшасын тағады
Қ
А
Л
А
М
Г
Е
Р
Бүгінгі сабақтан не түсіндік? Сұрақтар қою
1.Түбір дегеніміз не?
2.Туынды сөз дегеніміз не?
3.Туынды сөзге мысал келтір.
ҮІ. Бағалау. Оқушылардың ілген ойыншығына байланысты бағалау.
ҮІІ.Үйге тапсырма. 3-жаттығу. 107бет