Көрнекілігі: Автор суреті,өзеннің суреті,слайдтар, Қазақстанның физикалық картасы.
Жүрісі: І.Ұйымдастыру бөлімі.(Топқа бөліну)Оқушылар тақтаның алдында тұрады .Қолдарына өзен аты жазылған парақ беріледі.Сол парақ бойынша әр оқушы өз тобына барып отырады.1 мин.
ІІ. Тренинг«Табиғат» 2 мин.
-Балалар,біз мына әріптерден басталатын сөздер айтамыз.Ол сөздер біздің сан-қырымызды ашатындай болсын.
-Қандай сөз шықты? -Табиғат.
-Олай болса ,біз қазір мына көрініске зер салып қарайық.
ІІІ.Видеоролик «Қазақстанның өзен-көлдері» 1,5 мин
-Балалар,біз осы роликтен қандай әсер алдық,соны қағаз бетіне түсірейік.1,5 мин
Әр топтан 1-еуден оқушы оқиды.Сәтті жазған топқа стикер жапсырылып отырады.(Қазақстанның жері кең -байтақ болғандықтан,табиғаты сан-алуан.Сол сан алуан табиғаттың бірі-өзендер.Өзендер бастауын таудан алады.Өзеннің суы тұщы болғасын жағалай ел қоныстанады екен.Ағынды судан сонымен бірге электр энергиясын өндіреді екен.)
ІV.Топ атын ашу .(Оза оқыту тәсілімен дайындалып келуге берілген.)
1.Астана қаласы Есіл өзенінің жағалауында орналасқан.Бастауын Сарыарқадағы Нияз тауынан алады.Ресейдің жерімен,Қазақстанның солтүстік облыстарымен ағып келеді.Қазақстандағы ұзындығы 1400 км.
2.Елек өзені Ақтөбе қаласы аумағында орналасқан.Қар суымен толығады.Бұл су қорын осы алаптағы, осы алапқа жақын жерлердегі кала, елді мекендерді сумен қамтамасыз етуге пайдалануға болады.[1] оның ұзындығы 730 км.
3. Жем (Ембі) – Каспий алабындағы өзен. Ақтөбе және Атырау облыстары жерімен ағып өтеді. Ұзындығы 712 км. Мұғалжар тауының 365 метрлік оңтүстік
батыс беткейінен басталады, Жанай және Жалаңаш өзендерінің қосылған жерінен бастау алады. Қарашада суы қатып, сәуірде ериді. Өзенде алабұға, сазан, қамыс-қорысты жерде ондатра кездеседі. Жағасында Құлсары , Ақкиізтоғай елді мекендері орналасқан. Жем ауыз су ретінде шабындық суғаруға, жайылым суландыруға пайдаланылады.
4. Жайық өзені Орал тауы оңтүстік сілемдері (Орал-Тау жотасы) теңіз деңгейінен 640 м биіктігінен басталады. Оңтүстік Орал тауы және Каспий маңы ойпаты, Ресей Федерациясының Башқұртстан Республикасы, Челябі, Орынбор және ҚазақстанныңБатыс Қазақстан, Атырау облыстары жерінен ағып, Атырау қаласы орналасқан Каспий теңізінің бөлігіне құяды.
Өзеннен бекіре, шоқыр, майшабақ,көксерке, Каспий қаракөзі, табан балық, сазан, жайын ауланады
Қазіргі кезде Жайық өзені - бекіре балықтың табиғи кең уылдырық қоры сақталған бір ғана өзен.
V.Жаңа сабақ.
Ы.Алтынсарин Өзен.
VІ.Ауызша тест.2 мин.
І.Ыбырайға тән сипаттаманы тап:
1.ағартушы 2.күйші 3.саяхатшы
ІІ.Ыбырайдың шығармасы:
1.Жазғытұрым 2.Таза бұлақ. 3.Дала жұлдызы.
ІІІ.Ыбырай өмір сүрген жылдар:
1.1842-1888 2.1841-1889. 3.1843-1887
ІV.Мына жолды аяқта:«Өнер ,білім бар ....»
1.жұрттар 2.халық 3.ел.
V.Мына нақыл сөз қай шығармадан алынған«Біреуге жақсылық етсең, оны ешкімге міндет етпе»?
1.Баланың айласы 2.Таза бұлақ. 3.Өнер,білім бар жұрттар.
Тексеру,әр топтың орындаған нәтижесіне қарай стикер жапсыру.
-Балалар ,біз кім туралы еске түсірдік? -Ы.Алтынсарин.
-Олай болса,біз бүгін Ыбырай атаның «Өзен» атты өлеңімен танысамыз.Өзендер туралы қосымша мәліметтер беру.
А)мәнерлеп оқу ә)таныс емес сөздермен танысу.4 мин
Дерт,қынарда,жанабында
VІІ.Оқулықпен жұмыс.5 мин
А)тізбектей оқу. Ә)шумақпен жұмыс. Әр топ өз шумақтарын оқып,онда не суреттелген,өзеннің қай қыры ашылғаны туралы айтады.Тіпті,тақтаға плакатқа суретін салуға болады.(Өзеннің таулардан ағып шығатыны,айнадай жарқырап жататыны туралы,ыстықтаған жануарлардың өзеннен дамыл табатыны туралы,қанша мал айдап өтсе де лай қалмайтыны туралы айтуға болады.)
VІІІ.Сергіту сәті. 3 мин.
-Балалар,біз өзенде жаз айларында демалысқа барамыз.Сол кезде бізге өзенді таңдау керек болады.Қазір сіздер өз өзендеріңізге жарнама жасап өздеріңе шақырасыңдар.Әр топқа өз атын қорғау үшін өлең де шығаруға болады.
1-топ.Елек.Біздің өзен-Елек,Бізге келу керек,Арзан әрі тиімді.
2-топЖем.Жем бастауын таудан алады,сондықтан суы денеге шипа.
3-топ Жайық Қара уылдырық жегің келсе,бізге кел.Баға жетпес балығынан ауыз тигің келсе іркілме.
Әр топ өз шумақтарына қарап ,өзеннің сан қырын теңеу сөздерімен ,тіркестермен ашу.Орындарында отырып А3форматындағы қағазға жазу,тақтаға шығып қорғау.()
Ітоп
өзен
өзен
өзен
Χ.Картамен жұмыс.
Әр топ картадан өз өзенін тауып көрсету.Бастауы қайда екенін табу.
ΧІ.Ой қозғау.
-Балалар, өзендер табиғат байлығы,біз сол байлықты сақтауымыз керек.Ол үшін не істеуге болады?
-Қазір әр топ қандай үлес қосуға болатынын айтады.(Тақтада өзен суреті ілінеді,соған апарып топтар өз пікірлерін жапсырады.)Өзенді ластамау,зауыттар мен фабрикадан шыққан қалдықтарды төкпеу т.б
ΧІI.Эмблема жасау.
Әр топқа қағаз қиындылары таратылып беріледі.Сол қиындылардан оқушылар эмблема құрастырады.Күннің суреті,таудың суреті,өзеннің суреті,мөлдір су,таза ауа, ағынды су, суы тұщы,ел қыстайды деген сөз тіркестері жазылған қағаздар.
ΧІІІ.Бағалау,үйге тапсырма беру.
-Стикерлерді санау арқылы қай топтың белсенді қатысқанын анықтау.5-тік,4-тік бағалар тарату.