Оларды әлеуметтендіру әлеуметтік педагогтар, тәрбиеші педагог қоғам жүйесі арқылы іске асырылуы тиіс деген тұжырым жасауға болады. Демек, жетім балаларға әлеуметтік-педагогикалық тұрғыдан көмек көрсету, өмір сүруге үйрету, өзімен қатар алып жүру әлеуметтік педагог, психологтардың, тәрбиешілердің, кәсіби іс-әрекеттерінің жүйесі болып табылады. Бұл жетім балаларды өзімен қатар алып жүру баланың бойындағы жеке қасиеттерге сүйену арқылы іске асырылады. Жетім балалардың тұлғалық әлеуметтенуіне бағытталған педагогикалық алғы шарттар жасалуы және теориялық тұрғыдан жүйеге келтірілуі, әдістемелік тұрғыдан нақты қарастыру, кезек күттірмейтін мәселе деп айтуға болады. Ол мәселелердің шешімін елі бір, руы бір адамдардың бірін-бірі «бауырым» деген сөздеріне көреміз. Сондықтан, ата-анасынан айырылған тұл жетімдерге немесе ата-анасы баласын бағып-қағуға күйі келмегенде, бір тусы болмаса екіншісі қамқоршы бола білген. Оған бір ғана мысал. Қазақтың ата заңы «Жеті Жарғыда» жесір дауына жеке бір тарау арнауында үлкен мән бар. Мәселе, рулық қауымның жесір әйелді әмеңгерлік жолмен күйеуінің туысына қосуда емес, оның астарында әкесінен айырылған балаларды жетімдік азабынан құтқару, ағайынның қамқорлығына алу идеясы жатыр.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Сабақтың тақырыбы: М. Мақатаев. Туған ел.»
Бастауыш сынып мұғалімі: Ахметова Гульнар Амангельдиновна
Мектеп: КММ Еркіншілік орта мектебі. Ақмола облысы Ерейментау ауданы
Пәні: Әдебиеттік оқу.
Сынып: 4 «Ә»
Сабақтың тақырыбы: М. Мақатаев. Туған ел. Мақсаты: Оқушыларды қазақ поэзиясында шоқтығы биік аса дарынды ақын Мұқағали Мақатаев шығармаларымен таныстыру. Міндеті: 1) Мәнерлеп түсініп оқу дағдыларын дамыту 2) Оқушының тіл байлығын, сөздік қорын дамыту 3) Өз елін, туған Отанын сүюге баулу Әдіс - тәсілдер: «Болжау», «Бес жолды өлең». Күтілетін нәтиже: - автор жайлы түсінік алады; - Отан туралы түсінігі артады; - тіл байлығы артады; - өзін - өзі реттейді. Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. -Психологиялық дайындық. «Шаттық шеңбері»
-Сәлем саған Алтын күн!
-Сәлем саған Жер ана!
-Сәлем саған достарым!
-Сендерді көрсем қуанамын!
-Бүгінгі күнімізге сәттілік тілейміз!
II. Үй тапсырмасын сұрау: А. Құдайбергеновтың «Ақжайық» мәтінін мазмұндау.Мәтін соңындағы баланың сұрағына әкесінің берген жауабын қандай мақал-мәтелмен түсіндірер едіңдер?(Үй тапсырмасын қорытындылау) III. Жаңа сабақ: а) Мақсат қою: -Бүгінгі сабақ топтық жұмыс түрінде өтеді. Қима қағаздар құрастыру арқылы топқа бөлінеміз. 1 суретті 5ке бөліп құрастыру. 5мин уақыт беру. Топ атын жаздыру,топ басшысын сайлату. Болғандары қол шапалақтау (бірдей), топ қатарын анықтау. Топ ұстанымын айтып өтуін сұрау (алтын ереже) - топтық жұмысқа белсене қатысу - өзгенің пікірін тыңдау - өз ойын ашық білдіру - шынайы бағалау - адал, әділ, ұйымшыл болу 1. Қызығушылықты ояту (Кіріспе).
- Ендеше «Бүгінгі сабағымызда» не білгіміз келеді, соны ББҮ кестесін толтырудан бастайық. Тапсырма: орны ауыстырылған нақыл сөздер таратып, жаңа тақырыпты анықтау. 1) Отан - оттан да ыстық 2) Отансыз адам, ормансыз бұлбұл 3) Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас 4) Отан үшін отқа түс, күймейсің Сұрақ: Не туралы мақал - мәтелдер? - Отан туралы Ендеше бүгін «Мәуелі бақ» тарауындағы қазақ поэзиясында шоқтығы биік аса дарынды ақын Мұқағали Мақатаевтың «О, туған ел!» өлеңіне тоқталамыз. 2. Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру. Мағынаны тану. - Алғашқы сауалдарыңыз, яғни автор жайлы мен өзіне қысқаша түсінік бере өтейін, сол әңгімедегі негізгі ойды біз мәтінді оқи отырып танысармыз. Хронологиялық таблица суреті туған жері, кім болған шығармашылығы мамандығы туған жылы Мұқағали Мақатаевтың өлеңін тыңдату (Аққулар ұйықтағанда) - Автор жайлы қысқаша білдің? - Не түсіндіңіздер? - Енді өлеңдегі негізгі ойды анықтайық ІV. Оқулықпен жұмыс.
- Ол үшін мәтінді «Болжау» тәсілімен оқып үйренеміз. (Өлеңді 4 топқа бөліп, үзіліспен оқу) - Өлеңді бірнеше бөлікке мұқият түсініп оқуға тырысыңыздар. Сұрақтарға жауап бересіздер. - Әр топ 2 шумақтан оқиды (Өлеңді оқып біткеннен кейін, сұрақ қояды). - Осы өлеңнен не түсіндік? - Қандай ой келеді; Негізгі ой не? Негізгі идея: туған Отанды, оның сұлу табиғатын жырлау V.Сергіту минуты. Шынықсын денеміз. «Қаражорға биі»
VІ. Дәптермен жұмыс.
Кестемен жұмыс жасап, зерттей оқу.
Өлеңдегі ақынның сезімдері
Өлеңдегі негізгі ой
2. Топтық тапсырма: 1 - топ: үлгілік ағашқа өлең бойынша ақынның нені сүйетінін жазғызу 2 - топ: Отан сөзіне ассосиация құру 3 - топ: Көркем шығармалар сызбасын құру Көркем шығармалары Поэзия – өлеңмен жазылады Проза – қарасөзбен жазылады (әңгіме, повесть, роман) VІІ. Қорытынды: ББҮ кестесін толтыру (Үйреңгім) графасын VІІІ. Рефлексия. - Бәрін сабақта қандай сезімде болдым (стикерге жазып жабыстыру). - 2 - 3 оқушыға рефлексия жасату - топ басшыларының сөзі. IХ. Үй тапсырмасын беру:23-бет өлеңді жаттау. I топ: Өлеңді мәнерлеп оқу. Отан туралы мақал - мәтелдер жинастыру II топ: Туған жер тақырыбына сурет салу III топ: Менің Отаным Қазақстан тақырыбына эссе Х. Бағалау: Екі жұлдыз, бір тілек. Оқушылар өздеріне ұнаған 2 сәтті айтады ұсыныс жасайды.(Стикерге жазу)