Күні:18.11.2016.ж
Сынып: 1 «Ә»
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы:
М дыбысы мен әрпі.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту
1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту
1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту
Сабақтың мақсаттары
Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.
Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.
Жетістік критерийлері
Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.
Құндылықтарды дарыту
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс
Өнер, ана тілі сабағы
АКТ қолдану дағдылары
Аудиожазба, таныстырылым.
Тілдік құзыреттілік
М дыбысы мен әрпі.
Сабақ барысы: Кіріспе.Негізгі бөлім.Қорытынды.
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Онықушың іс-әрекеті
Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Ой қозғау.
Балалар бізде қандай сабақ?Сауат ашу.Сабақты бастамас бұрын сендермен ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырайық,бір-бірімізбен қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық, достарым!
Арайлап атқан әр күнге.
Доп лақтырып «ойлан тап ойынын» ойнайық
Өтк сабақты пысықтау: Ой қозғау
- Дыбыс дегеніміз не?
- Әріп дегеніміз не?
- Дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Дауысты дыбыс дегеніміз не?
- Дауыссыз дыбыс дегеніміз не?
Үй тапсырмасын пысықтау. 1-Слайд
Мысық,моншақ,Түйе түйенің өркеші қандай әріпке ұқсайды.
Суретін көрсетіп бұл сөздер қай әріптен басталып тұр.
1.М м дыбысы қандай дыбысқа жатады?
Дауыссыз дыбыс қане дыбыстап көрейік.
2.Дауыссыз дыбыс қандай реңмен белгіленеді?
Осы сөздерге сөйлем құрастырады.
Шаттық шебері
Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
Суреттегі сөздерді табады. Топтарымен оқушылар ойласып сөйлемдер құрастырып айтады.
Негізгі бөлім.
Миға шабуыл.
2-Слайд
№1 Айтылым, тыңдалым.
Жұмбақ шешу.
Өзі жап-жас, мұрты бар,
Ет пен сүтке ұмтылар
Тастамайды жылы үйде,
Түкті тонын шұп-шұбар. (мысық)
(слайдпен мысықтың,моншақтың суреті шығады)
«Мысық» «моншақ» сөзінің басында қандай дыбыс естіледі? «М»
Олай болса, біз «М» дыбысын
айтып көрейік М, М, М .
Ерін арқылы жасалады екен.
Қысқа айтылады, дауыссыз дыбысқа жатады.
(слайдттан моншақтың суретін көрсету)
Ненің суретін көріп отырсыңдар? (Мон-шақ )
М дыбысы сөздің қай жерінде естіледі? Басында.
Бұл сөз неше буыннан тұрады? Екі.
Неше дыбыс бар? Алты.
Неше дауысты? Екі.
Неше дауыссыз? Төрт .
№1 Тыңдалым.
Оқулықпен жұмыс.
Оқушылар берілген тапсырмалар бойынша сұрақтарға жауап береді.
Сызбаның жіне сөздердің көмегімен өз атаң туралы «оқы»
№2 Тыңдалым.
Мынау-атам.
Сөйлемнің сөздерінен қандай жаңа дыбыс кездестірдің?
Топтарға бөліп оқытамын.
Слайд
Малтатас суреті.
Малтатас тақырыбын оқып түсіндіремін.
Суретке қарап сәйкестендіреді.
Тақтамен жұмыс.
Сөздердегі түсіп қалған әріптерді табу.
.ата,.ақта,.аса, .оншақ
Слайд- М м
Дәптермен жұмыс.
М м дыбысының жазылу элементтері.
Балалар жұмбақтың шешуін ойланып табады.
оқулықпен жұмыс
Тақтамен жұмыс
Сөздердегі түсіп қалған әріптерді табу.
Оқушылар дәптердегі берілген үлгі бойынша жазады.
Сергіту сәті
Қимыл-қозғалыс жасау арқылы бойларын сергітіп алады.
Ой шақыру.
Тапсырма: «Кім шапшаң ?» ойыны
Буыннан сөз құрау
а па
та ла
ал на
да ға
ай ра
ой ша
қа ма
Кеспе буындардан сөз құрайды.
Қорытынды.
«Кім тапқыр» ойыны:
1.Шырқайықшы.
2.Ол қайдан естіледі?
3.Киімді қайда ілеміз?
4.Сыныпта қайда отырамыз?
Бағалау.
Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды смайликтер арқылы бағалап шығамын.
Рефлексия.
Түсінбедім Сұрағым бар Түсіндім
Суреттерді көрсету алырқы кері байланыс беру.
Оқушылар бүгінгі сабақтан алған білімдерін суреттерді көрсету арқылы білдіреді.