Сабақтың тақырыбы : Сөйлем
Сабақтың мақсаты : 1. Сөйлем туралы ақпарат бере отырып
толықтыру. Сөйлемді айтылу мақсатына
қарай ажырата білуге машықтандыру және
сауаттылықтарын арттыру.
2 . Оқушының танымдық белсенділігін
арттыру, ойын, тілін, дамыту.
3. Ұқыптылыққа, адамгершілік негізінде
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың әдісі : белсенді тақта
Пәнаралық байланыс : Әдебиеттік оқу, дүниетану, математика
Сабақтың барысы :
І. Ұйымдастыру кезеңі .
а)Психологиялық дайындық .
Мұғалім: Екі көз не үшін керек?
Оқушылар: Бар жақсылықты көру үшін
Мұғалім: Екі құлақ не үшін керек?
Оқушы: Ақыл-кеңесті тыңдау үшін
Мұғалім: Екі қол не үшін керек?
Оқушы: Елге көмек беру үшін
Мұғалім: Екі аяқ не үшін керек?
Оқушы: Шетте жүрсең, туған жерге жету үшін
Ә) Оқушыларды топқа бөлу, топ жетекшілерін сайлау. Әр топ жетекшісінің міндетімен, топ мүшелерін топ жетекшілері бағалайтынын айту.
Топтардың аты : 1топ «Жанталас»
2 топ «Қайтпас»
3 топ «Мықтылар»
ІІ. Жаңа сабақ
Проблемдік ситуация туғызу. Ребус шешу.
-Ал,балалар ребус шешіп көрейік.(сөйлем)
,,,, , , М
-Қандай сөз шықты?
-Сөйлем.
-Ендеше біздің тақырыбымыз неге байланысты болады?
-Сөйлем тақырыбына байланысты.
-Ендеше сөйлем тақырыбы бойынша нені білеміз?
(Интербелсенді тақтада топтастыру)
Ә)Топтастыру
Сөйлем сөзден құралады.
Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріптен басталып жазылады.
Сөйлемдегі сөздер бөлек жазылады.
Сөйлем соңына (?) (!) (.) қойылады.
Сөйлемдегі сөздер бір- бірімен байланысты болады.
Сөйлем тиянақты ойды білдіреді.
Б) Шекара-
Шекарашылар күзетте тұрады.-
- Қайсысы сөз, қайсысы сөйлем?
- Сөз дегеніміз не? Сөз ол бір заттың атауын білдіреді.
Мысалы: парта,тақта т.с.с
-Ал сөйлем дегеніміз-тиянақты бір ойды жеткізіп тұр.
Сөз бен сөйлем ұғымы.
Сөз ол зат, құбылыс атауы. Адамдар бір-бірімен өзара пікір алысады, сөйлеседі, осы сөйлесу сөйлем арқылы жүзеге асады.
В)Сөйлем түрлері.
- Өріске шыққан малдар ауылдан ұзап барады
- Қандай құстар жылы жаққа ұшып кетеді
- Ауа райы қандай тамаша
осы сөйлемдерде не жетіспейді?
Тыныс белгілері
Ол қандай тыныс белгілері?
Бірінші сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады?
Нүкте
Оны біз хабарлы сөйлем дейді екенбіз.
Екінші сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады?
Сұрақ белгісі
Ол қандай сөйлем?
Сұраулы сөйлем.
Үшінші сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады?
Леп белгісі
Ол қандай сөйлем?
Лепті сөйлем
-Балалар біз сендермен сөйлемнің түрлерін анықтадық.
Сөйлем
түрлері
лепті
хабарл сұраулы
Әрқайсысының анықтамаларын мұғалім айта кету керек.
1.Бірдеңе жайлы хабарлау мақсатымен айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем
дейміз.
2.Жауап алу мақсатында айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз.
3.Лепті сөйлем адамның көңіл күйін, сезімін білдіреді. Олар көтеріңкі
дауыспен айтылады.
Ендеше бүгінгі күнді дәптерге жазып алайық. Қарашаның он тоғызы
Сынып жұмысы
Көркем жазуда Г г әріпін жазып көрейік ауада жазу және тақтада жазу.
2.Деңгей бойынша жаттығу жұмыстарын орындау
І деңгей.
тапсырма. Берілген сөздермен сөйлем құрастыр.
І топ
ІІ топ
ІІІ топ
Ауыл
барды
асхана
театр
Көктем
отыр
Семей
орман
Кітапхана
гүл
жапырақ
әкелді
2- тапсырма.
І топ
Мамандық аттарын ата.
Мен оқушыларға білім беремін________________
Мен адамдарды емдеймін__________________________
Мен үй саламын_________________
Мен ән айтамын_________________
ІІ топ
Сөздерден баспалдақ жаса
ІІІ топ
Схемадан сөз құра
Т
С
Н
Е
К Л
М З Б
ІІІ. Сергіту сәті:
3-тапсырма.
І топ
ІІ топ
ІІІ топ
Сызба бойынша сөйлем құра
___ ____ .
.
Сөз құрастырып жаз
ңоқрауы- арыбдом-
қашлұқын- натғараж-
« Тәуелсіздік » сөзінен бірнеше сөз жазып шық .
ІІ деңгей
1- тапсырма
І топ
ІІ топ
ІІІ топ
Ребусты шеш.
, ,, ,,, ,,,
Орны ауысқан сөздерден сөйлем құрастыр .
1.Сырғанақ, бірнеше бала, теуіп жүр.
2.Ақан,айырылып,қалды, шанадан,абайсызда.
3.Төмен,шана,қарай,сырғанай жөнелді.
Дұрыс тапсаң, мақал шығады.
2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
Ж Р Е І Б Й А Ы Д Ң Л
1 3 2 4 5 7 6 9 8 10 3 11 4 5 7 6
1) Сөзжұмбақ
1.?-белгісі бар сөйлем қалай
аталады?
2. Өзі тәтті
Тәттінің іші қатты
Қаттының іші тәтті
(өрік)
Жүрсе ізі жоқ
Сойса қаны жоқ
(қайық)
4 .Әрі қызыл, әрі тәтті
Татқан жанды таңырқатты
(алма)
5.Аспай түскен
Қайнамай піскен
(жеміс)
6.Өзі арық, сөзі әріп
(қалам)
2). Жұмбақ жасыру.
Өзім сөзден тұрамын
Тиянақты ойды құрамын
(сөйлем)
ІV.Рефлексия .
Ал енді сөйлем тақырыбы бойынша нені үйрендік?
-1 топ.Сөйлем туралы
-2 топ.Сөйлемнің түрлері туралы
-3 топ. Біз сөзден сөйлем құрастыра аламыз.
Мысалы: Олжас мектепке келді.
V. Үйге тапсырма:
168- жаттығу ребусты шешіп, шешуіндегі сөзге әңгіме құра
VІ. Бағалау.