|   Сабақ тақырыбы:   |    Сәбіз шырыны дәмді.   |  
  |   Білімділік:      Дамытушылық:      Тәрбиелік:   |    Қарапайым сөйлеу үлгілерін қолдану арқылы сәбіз шырыны дәмді туралы ақпарат беру.  Жаңа тақырып бойынша әртүрлі диалогтік минимумдар арқылы сұхбат құру мәдениетін қалыптастыру.  Қарапайым сөйлеу үлгілерін қолдану арқылы оқушылардың бойында рухани- мәдекни құндылықтарды қалыптастыру.   |  
  |   Сілтеме:   |    Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы   |  
  |   Жетістік критерийлері:   |    Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ) шырын ішемін жаңа сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрады, достарымен сөйлеседі.  Оқушының орташа жетістігі (ООЖ) жаңа сөздерді тілдесім барысында тиімді қолдана алады.  Оқушының жоғарғы жетістігі (ОЖЖ):тақырып аясында тілдік қарым- қатынас құра алады.   |  
  |   Негізгі түсініктер:   |    Сәбіз шырыны дәмді, ішемін/ ішпеймін. Т.б   |  
  |   Сабақта қолданылатын    материалдар:   |    Интерактивті тақта, слайдтар,А4 парағы, маркерлер, плпкат, доп, дөңгелек жасыл, сары, қызыл қағаздар, смайликтер.   |  
  |   Оқыту әдістері:   |    Түсіндіру, сұрақ- жауап, «Көңіл күйді анықтау» тренингі, «Кім жылдам» дидактикалық ойыны, « Бағдаршам» тәсілі, сергіту сәті.   |  
  |   Дереккөздері:   |    Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар.   |  
  |   Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:   |  
  |   Тапсырма   |    Мұғалімнің іс-әрекеті   |    Оқушының іс-әрекеті   |  
  |   Оқушыларға    психологиялық    ахуал туғызу   |    Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде «Көңіл күйді анықтау» тренингін өткізеді. А4 парағы мен маркерлер таратады.   |    Оқушылар мұғалімдерімен бірге қайталап, бір- біріне жақсы тілектер айтады. «Бүгін мен саған сәттілік тілеймін. Бес ал, жақсы жауап бер».   |  
  |   Өткен сабақты    тексеру   |    Үйге берілген тапсырманы тексереді. Кемшіліктерін анықтайды, түзетеді, бағалайды.   |    Үй тапсырмасын айтады,    тақырып бойынша сұрақтарға    жауап береді   |  
  |   І. Қызығушы-лықты ояту   |    Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында интерактивті тақтадан шырын түрлеріне арналған слайдтар көрсетеді, сұрақтар қояды.   |    Оқушылар жаңа сөздерді қайталайды, жаттығады.   |  
  |   ІІ. Мағынаны тану   |    Сөздікпен жұмыс.  Интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Олар оқиды, оқушыларға қайталатады.  2. Оқулықтағы мәтінмен жұмыс.  А) Мәтінді оқиды, талдайды. Жаңа сөздерді қайталайды, аудармасын айтады.   |    Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, мұғаліммен бірге оқиды.                Тыңдалым. Оқылым.Айтылым. Мәтінді тыңдайды, оқиды, мұғаліммен бірге талдайды. Жаңа сөздерді айтады, қайталайды.   |  
  |   Ә) «Дұрыс айт!» айдарында берілген сөздерді дұрыс айтуға м  ашықтандырады, бірнеше рет қайталайды.   |    Айтылым. Сөздерді дұрыс айтуға жаттығады, қайталайды.   |  
  |   3. Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс.  А) Айтылым. Қисынды ойлау қабілетін жандандыру үшін 1, 3- тапсырманы орындатады.  Ә) Жазылым. Айтылым. Дұрыс, сауатты жазу үшін 4- тапсырманы орындатады.      Б) «Сыр сандықтағы» сөздер.      .  4. Сергіту сәті.  Мұғалім қимылымен көрсету арқылы сергіту жаттығуын жасайды.       |    Айтылым. Суреттің орнына сөзді қойып айтады, үлгі бойынша сұрақтарға жауап береді.      Жазылым. Айтылым. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қояды, сөйлемдер құрап жазады.  «Сыр сагндыққа» салынған сөздерді есте сақтайды, қайталайды.   |  
  |   Ойтолғаныс.   |     «Кім жылдам?» ойынын ойнатады . Ойынның шарты бойынша оқушылардың қолына доп береді.   |    Мұғалім берілген суреттегі шырын атауларын қағазға бөлек жазады. Қай топ қатесіз әрі жылдам жазса, сол топ жеңімпаз болады.   |  
  |   IV. Бекіту   |    Жазу дәптермен жұмыс.   |    Жазу дәптерінде берілген тапсырмаларды орындайды.   |  
  |   V. Бағалау   |    Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың өзара бағалауы бойынша қорытынды бағаны өзі қояды.   |    «Бағдаршам» техникасы бойынша өзара бір- бірін бағалайды.   |  
  |   VI. Үйге тапсырма   |    2- тапсырманы орындау   |         |  
  |   VII. Рефлексия   |    Мұғалім түрлі смайликтер таратып береді.   |    Оқушылар сабақтан алған әсерлерін смайликтерді көрсету арқылы білдіреді.   |