kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ал?а т??ымдасы ?сімдіктеріні? г?лдері мен жемістеріні? ??рылысы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба? жоспары                                                                     

П?н аты: Биология                       

Сыныбы: 6 «?»

П?н м??алімі: Ке?ес Назерке

Та?ырыбы: §43. Ал?а т??ымдасы ?сімдіктеріні? г?лдері мен жемістеріні? ??рылысы  

Саба?ты? ма?саты:

Білімділік: ал?а т??ымдасына жататын ?сімдіктерді? т?рлерін,жемісі мен г?ліні? ??рылыс ерекшеліктерін т?сіндіру. Оларды? та?амды?, д?рілік ж?не с?ндік ма?сатта ?сірілетін т?рлерін ажырату.

Дамытушылы?: ба?шада ?сірілетін ал?а т??ымдастарын ?сіруге ?ойылатын талаптарды ?йрету.

Т?рбиелік: О?ушылар?а ?сімдіктерімізді ?ор?ау?а т?рбиелеу.

Саба?ты? т?рі: аралас саба?.

П?наралы? байланыс: тарих, география

Саба?ты? к?рнекілігі: интерактивті та?та, к?к?ністер жиынты?ы

Саба? ?дісі: с?ра? – жауап ар?ылы, топты?  

Саба?ты? барысы:

І. ?йымдастыру кезе?і

О?ушылармен с?лемдесу.

О?ушыларды? саба??а ?атысын тексеру.

О?ушыны? зейінін саба??а аудару.

ІІ. ?й тапсырмасын тексеру кезе?і

1. Раушанг?лідлерді? ?анша т?рі бар? (3000 нан астам)

2. Раушанг?лділерге ?андай ?сімдіктерімізді жат?ызамыз? (раушан, итм?рын,  долана, алма, ?рік, беже, та??урай т.б.)

3. Раушанг?лді ?сімдіктерді? пайда – зияны ?андай? (та??урайды? жемісінен тосап, компот, шырын дайындайды. Раушан г?ліні? к?лтесінен май алынады. Раушан майы – ?те ба?алы май, хош иісті заттар алу?а болады)

4. Раушанг?лділерді? г?л ??рылысы ?андай? (раушанг?лділер – а?аш, б?т, к?пжылды? ш?птектес, г?лдер ?осжынысты, ?осжарна?ты. Раушанг?лділерді? г?лшо?ыры алуан т?рлі. Г?лсеріктері ?ос?абатты, 5 тоста?анша жапыра?шасы ж?не 5 к?лтелі болады. Оларды? 4 тоста?анша жапыра?шаларыаталы?тары ?те к?п. Аналы?тары біреу немесе ?те к?п болады)

«Миллион кімге б?ййырады?» ойыны ойнатылады.

1. Раушанг?ліділерді? ?анша т?рі бар?

А) 500                  В) 200               С) 3000               Д) 2500

2. Раушанг?лді ?сімдіктерді? жабайы т?рі?

А) тікенг?л, итм?рын, шетен  В) алм?рт, шие  С) раушан, алхоры  Д) шабдалы, ?рік

3. Раушанг?лді ?сімдіктерді?  м?дени т?рі?

А) тікенг?л, итм?рын, шетен  В) алм?рт, шие  С) раушан, алхоры  Д) шабдалы, ?рік

4. Жабайы алхоры г?ліні? формуласы?

А) Т(5) К5 А20 Ж1             В) Т5 К5 А20 Ж2                 С) Т(5) К5 А2+2Ж2             Д) Т2 К1 А10 Ж1            

5. Жабы?т??ымды ?сімдіктерді? ?анша т?рі бар?

А) 140 мы?               В) 3 мы?                         С) 250 мы?                  Д) 75 мы?

6. Орамжапыра? т??ымдасына жататын ?сімдіктер?

А) картоп             В) раушан, итм?рын   С) баклажан, ?ызана?    Д) шал?ан, шомыр     

7. М?ктерді зерттейтін ?ылым?

А) биология              В)  энтомология          С) ихтиология         Д) бриология

8. 20-30 метр тере?дікте ?сетін балдыр?

А) саргассум                 В) ламинария                С) кладофора                    Д) диатом

9. Біржасушалы жасыл балдыр?

А) спирогира               В) улотрикс                    С) хламидомонада           Д) ламинария

10. К?пжасушалы жасыл балдыр?

А) спирогира               В) хламидомонада         С) хлорелла                Д) хлорококк

11. Республикамызда раушан г?лділерді? ?анша т?рі бар?

А) 500                     В) 200                    С) 2100               Д) 190

12. Шаршыг?лділер г?ліні? формуласы?

А) Т5 К5 А20 Ж2                 В) Т2+2 К4 А2+4 Ж(2)             С) Т(5) К5 А2+2Ж2             Д) Т(5) К5 А20 Ж1            

13. ?а?аз ?ндірісінде пайдаланылатын  балдыр?

А) саргассум                 В) диатом                С) ламинария                Д) кладофора             

14. Біржасушалы жасыл балдыр?

А) спирогира               В) хлорококк                   С)  улотрикс            Д) ламинария

15. Оражапыра? т??ымдастарыны? ішіндегі арамш?птері?

А) ?ышабас     В) шом\ыр     с) а? ?аудан    Д) Шал?ан

Жауаптары:

1 – С

2 – А

3 – В

4 – А

5 – С

6 – Д

7 – Д

8 – В

9 – С

10 – А

11 – Д

12 – В

13 – Д

14 – В

15 – А

ІІІ. Жа?а саба?.

О?ушылар 4 топ?а б?лінеді:

1 – топ. Баклажан

2 – топ. ?ызана? 

3 – топ. Балгар т?тті б?рышы

4 – топ. Картоп

1 – топ. Баклажан

2 – топ. ?ызана? 

       ?ызана? – жемісі жеуге жарамды, біржылды? немесе екіжылды? ш?птесін ?сімдік.

3 – топ. Балгар т?тті б?рышы

4 – топ. Картоп

ІV. Бекіту.

«Кім ж?йрік» ойыны.

1. Баклажан ?андай ?сімдік?

Жауабы: Баклажан – к?пжылды? ал?алар т??ымдасына жататын ш?птектес, жылу ж?не ыл?ал с?йетін та?амды? ?сімдік.

2. Баклажанны? жемісі  ?анша уа?ытта жеуге жарамды болады?

Жауабы:100 к?ннен ас?анда

3. ?ызана? ?андай ?сімдік?

Жауабы:?ызана? – жемісі жеуге жарамды, біржылды? немесе екіжылды? ш?птесін ?сімдік.

4. Б?рыш ?андай ?сімдік?

Жауабы: ал?а т??ымдасына жататын бір жылды? ш?птесін ?сімдік.  

5. Картоп ??рамында ?андай д?румендер болады?

Жауабы: C, B1, B2, B6, B9, PP, K д?румендеріні? бай к?зі, кальций, темір, магний, натрий ж?не фосфор бар

6. Ал?а т??ымдасыны? г?ліні? формуласы?

Жауабы: Т(5) К(5) А5 Ж(2)

V.  Ба?алау.

VI. ?й тапсырмасы. §43. Ал?а т??ымдасы та?ырыбын о?ып, мазм?ндау. 103, 104 суретті салып келу. 146 бетте берілген кестені толтыру.  

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ал?а т??ымдасы ?сімдіктеріні? г?лдері мен жемістеріні? ??рылысы»

“Бекітемін” Жаратылыстану пәндер

Ж.Жабаев атындағы кафедрасы отырысында

№161 лицей директоры талқыланды.

Р.М. Суранчиева Кафедра жетекшісі

__________________ А.Ж.Макышова

___________________







Үлгілі сабақ

«Алқа тұқымдасы өсімдіктерінің гүлдері мен жемістерінің құрылысы»

6 «Ә» сыныбы











Биология пәнінің мұғалімі:

Кеңес Назерке















Алматы, 2016 ж.


Сабақ жоспары

Пән аты: Биология

Сыныбы: 6 «ә»

Пән мұғалімі: Кеңес Назерке

Тақырыбы: §43. Алқа тұқымдасы өсімдіктерінің гүлдері мен жемістерінің құрылысы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: алқа тұқымдасына жататын өсімдіктердің түрлерін,жемісі мен гүлінің құрылыс ерекшеліктерін түсіндіру. Олардың тағамдық, дәрілік және сәндік мақсатта өсірілетін түрлерін ажырату.

Дамытушылық: бақшада өсірілетін алқа тұқымдастарын өсіруге қойылатын талаптарды үйрету.

Тәрбиелік: Оқушыларға өсімдіктерімізді қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Пәнаралық байланыс: тарих, география

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, көкөністер жиынтығы

Сабақ әдісі: сұрақ – жауап арқылы, топтық

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу.

Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

Оқушының зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

1. Раушангүлідлердің қанша түрі бар? (3000 нан астам)

2. Раушангүлділерге қандай өсімдіктерімізді жатқызамыз? (раушан, итмұрын, долана, алма, өрік, беже, таңқурай т.б.)

3. Раушангүлді өсімдіктердің пайда – зияны қандай? (таңқурайдың жемісінен тосап, компот, шырын дайындайды. Раушан гүлінің күлтесінен май алынады. Раушан майы – өте бағалы май, хош иісті заттар алуға болады)

4. Раушангүлділердің гүл құрылысы қандай? (раушангүлділер – ағаш, бұт, көпжылдық шөптектес, гүлдер қосжынысты, қосжарнақты. Раушангүлділердің гүлшоғыры алуан түрлі. Гүлсеріктері қосқабатты, 5 тостағанша жапырақшасы және 5 күлтелі болады. Олардың 4 тостағанша жапырақшаларыаталықтары өте көп. Аналықтары біреу немесе өте көп болады)


«Миллион кімге бұййырады?» ойыны ойнатылады.

1. Раушангүліділердің қанша түрі бар?

А) 500 В) 200 С) 3000 Д) 2500

2. Раушангүлді өсімдіктердің жабайы түрі?

А) тікенгүл, итмұрын, шетен В) алмұрт, шие С) раушан, алхоры Д) шабдалы, өрік

3. Раушангүлді өсімдіктердің мәдени түрі?

А) тікенгүл, итмұрын, шетен В) алмұрт, шие С) раушан, алхоры Д) шабдалы, өрік

4. Жабайы алхоры гүлінің формуласы?

А) Т(5) К5 А20 Ж1 В) Т5 К5 А20 Ж2 С) Т(5) К5 А2+2Ж2 Д) Т2 К1 А10 Ж1

5. Жабықтұқымды өсімдіктердің қанша түрі бар?

А) 140 мың В) 3 мың С) 250 мың Д) 75 мың

6. Орамжапырақ тұқымдасына жататын өсімдіктер?

А) картоп В) раушан, итмұрын С) баклажан, қызанақ Д) шалқан, шомыр

7. Мүктерді зерттейтін ғылым?

А) биология В) энтомология С) ихтиология Д) бриология

8. 20-30 метр тереңдікте өсетін балдыр?

А) саргассум В) ламинария С) кладофора Д) диатом

9. Біржасушалы жасыл балдыр?

А) спирогира В) улотрикс С) хламидомонада Д) ламинария

10. Көпжасушалы жасыл балдыр?

А) спирогира В) хламидомонада С) хлорелла Д) хлорококк

11. Республикамызда раушан гүлділердің қанша түрі бар?

А) 500 В) 200 С) 2100 Д) 190

12. Шаршыгүлділер гүлінің формуласы?

А) Т5 К5 А20 Ж2 В) Т2+2 К4 А2+4 Ж(2) С) Т(5) К5 А2+2Ж2 Д) Т(5) К5 А20 Ж1

13. Қағаз өндірісінде пайдаланылатын балдыр?

А) саргассум В) диатом С) ламинария Д) кладофора

14. Біржасушалы жасыл балдыр?

А) спирогира В) хлорококк С) улотрикс Д) ламинария

15. Оражапырақ тұқымдастарының ішіндегі арамшөптері?

А) Қышабас В) шом\ыр с) ақ қаудан Д) Шалқан


Жауаптары:

1 – С

2 – А

3 – В

4 – А

5 – С

6 – Д

7 – Д

8 – В

9 – С

10 – А

11 – Д

12 – В

13 – Д

14 – В

15 – А


ІІІ. Жаңа сабақ.

Оқушылар 4 топқа бөлінеді:

1 – топ. Баклажан

2 – топ. Қызанақ

3 – топ. Балгар тәтті бұрышы

4 – топ. Картоп


1 – топ. Баклажан

Баклажан. Жабайы түрі Үндістанда өседі, көпжылдық алқа тұқымдас шөптекті өсімдік. Қолдан өсірілетін түрі - біржылдық. Сабағының биіктігі 30-70 см шамасында. Жапырақтары кезектесіп орналасады. Баклажанның гүлі жапырақ қолтығында жеке (немесе 2-7) бірігіп, шоғырланып тұрады. Күлтесі тұтасқан 5 күлте жапырақшадан құралады. 5 аталығы күлтенің түбіне бекінген, 1 аналықты қоршап өседі. Жемісі - жидек, тұқымы - ұсақ.

Баклажан - жылу және ылғал сүйетін тағамдық өсімдік. Ол Қазақстанның оңтүстік облыстарында өсіріледі. Топырақ ылғалдылығы - 80%, қолайлы температурасы 20-30оС-ге жеткенде ғана өсіп-дамиды. Баклажанның өсімді кезеңі өте ұзақ. Оның жемісі 100 күннен астам мезгілде ғана жеуге жарамды болады. Тағамға толық пісіп жетілмеген жеміс пайдаланылады. Ал жемістің пісіп жетілуі үшін тағы 1-1,5 ай қажет. Сөйтіп баклажанның жеміс беру кезеңі 3 айға созылады. Ауа температурасы 130С-де баклажан өсуін тоқтатады. Үсікке тез шалдығады.

Баклажанды көшет арқылы жылыжайда өсіреді. Қыс ызғары кетіп, орташа температура 150С-ден жоғарылаған кезде көшетті отырғызуға болады. Егістікке отырғызуға дейін көшет 65-75 күн жылыжайда өседі.

Баклажанның жемісі 0,4-1,0 килограмға дейін тартады. Ол алмұрт немесе қияр тәрізді, түсі қоңыр немесе күлгін қара болып келеді. Жемісінің құрамында нәруыз, май болады. Бұдан өзге кальций, фосфор, темір және өзге тұздары да бар. Баклажан медицинада бауыр ауруын емдеуге, қан құрамындағы зиянды түзілісті (холестеринді) азайту үшін қолданылады. Баклажан - түсімді дақыл, 1 гектарынан 15-30 т түсім алынады.

2 – топ. Қызанақ

Қызанақ – жемісі жеуге жарамды, біржылдық немесе екіжылдық шөптесін өсімдік. Орыс тілінде «помидор» атауы итальян тіліндегі «pomodoro–алтын алма» дегеннен шыққан. Ал «томат» атауы француздардан «tomate» деген сөзінен аударылған. Отаны Оңтүстік Америка, бұл жерде қызанақтың жабайы және жартылай мәдени түрін кездестіруге болады. Ең алғаш Еуропаға XVI ғасырдың ортасында Испания, Португалия, кейін Италия мен Францияға да жеткен. Басында барлығы қызанақты жеуге жарамсыз және улы деп есептеп, жемісінің әдемілігі үшін бақша өсімдігі ретінде ғана өсірген. Қазіргі уақытта қызанақ ең кең таралған және өсіретін көкөністердің бірі болып саналады. Түрінің көптігімен, дәмімен және диеталық қасиеттерімен танымал. Қызанақтың тамыр жүйесі қатты және жақсы дамыған болып келеді. Кейбір түрлерінің тамыры 1 метр тереңдікке дейін барады. Өсімдікке дұрыс күтім жасалса, тамыр сабағының бойына да өсіп шығады. Осыдан қызанақты тек тұқымы арқылы емес, тамыр сабақтары арқылы да көбейтуге болатынын көреміз. Сабағының биіктігі түріне қарай 30 см-ден 2 метрге дейін барады. Ұсақ, сарғыш түсті болып келетін гүлдері бір түпке жиналып өседі. Бір сабағында аталықтары да, аналықтары да кездеседі. Жемісі өте шырынды, түріне қарай домалақ, сопақ, майда, ірі болады. Түсі ашық күлгіннен, қою қызылға дейін болып келеді және сары түстілері де кездеседі. Қызанақты жеміске де, көкөніске де жатқыза береді. Өйткені, 1893 жылы АҚШ Жоғарғы Соты қызанақты көкөніс деп қабылдаса, 2001 жылы еуропалықтар оны жеміс деп шешті. Біздің елде қызанақ көкөніс деп саналады.

Қызанақ жемісі жеуге жарамды, бір жылдық немесе екі жылдық шөптесін өсімдік. Орыс тілінде 'помидор' атауы итальян тіліндегі 'pomodoro - алтын алма' дегеннен шыққан. Ал 'томат' атауы француздардың 'tomate' сөзінен аударылған. Отаны Оңтүстік Америка, бұл жерде қызанақтың жабайы және жартылай мәдени түрін кездестіруге болады. Ең алғаш Еуропаға XVI ғасырдың ортасында Испания, Португалия, кейін Италия мен Францияға да жеткен. Басында барлығы қызанақты жеуге жарамсыз және улы деп санап, бақша өсімдігі ретінде ғана өсірген. Осыдан 200 жыл бұрын құмыраға егілген бұл өсімдікті Англияда үйлердің терезесінен, бақтан кездестіруге болатын еді.

1811 жылы ботаникалық сөздікте 'томат - улы өсімдік болып есептелсе де, оны Италияда бұрышпен, сарымсақ және маймен қосып жейді, ал Португалия мен Богемияда одан ерекше қышқыл дәмі бар соус дайындалады' деген хабар пайда болады.

Қызанақ адам организміне пайдалы витаминдерге бай, құрамында қышқыл, каротин бар. Ересек адамдарда жиі кездестін көк тамыр қуысының тығындалып қабынуы (тромбофлебит) мен көк тамырдың кеңеюін (варикоз) емдеуде әсері зор. Сонымен қатар, қызанақ пен оның шырынын төменгі қышқылдықты, гастритті емдеуге пайдаланады.

Қызынақты жүрек-қан тамыр аурлары кезінде жеген пайдалы. Өйткені, қызанақтың сұрыптарынан ғалымдар 24 пайдалы химиялық элемент тапқан. Онда темір, мыс, калий тұздары көп. Бұлар жүректің жақсы жұмыс істеуіне көмектеседі, организмдегі артық сұйықтықтарды, зиянды қалдықарды сыртқа шығарады. Ал шырыны жүрек тамырлары мен қанайналым жұмысын жақсартады.

Томаттың балдырында өт айдағыш, несеп айдағыш, микробтарға, қабынуға қарсы әсер ете алады. Және зәрдің шығуын тездетеді, бұзылған зат алмасу процесін қалыпқа келтіреді.

Қызанақ асқазан мен ішектің сөл бөлу қызметі нашарлаған асқазан ішек жолдары сырқаттары кезінде аса пайдалы. Ас қорытуды жақсартады. Іштің қатуы мен қатар жүретін ішек қызметінің бұзылуы кезінде жеген дұрыс.

Қантты диабетке және семіздікке шалдыққан науқастар үшін томат құнды тағам. Сапасы жақсы, тұзы аз немесе мүлде жоқ томат шырынының құрамында ликопин бар. Ол организмді зиянды ісік ауруларының талшықтарынан қорғайды. Қызанақ шырыны семіздікке жол бермейді.

Қызанақ 'иммунитетті' де көтереді. Қызанақ пен бал қоспасының денсаулыққы пайдасы мол. Ара шаққанда, дене күйіп қалған кезде де сол жерге қызанақты екіге бөліп басудың пайдасы зор. Себебі қызанақ ара уын денеге жаймайды және күйіктің ыстығын алады. Оған қоса ол теріні күн сәулелерінің зиянынан қорғайды.

Дегенмен, үш айдан асқан қызанақ шырынын пайдаланбаған жөн,бұл организмге зиян. Алайда бұл зиян бірден байқалмайды. Мұның зардабы бүйрекке, қуыққа тас байлануға әкеп соқтырады.

3 – топ. Балгар тәтті бұрышы

Бұрыш (Сapsіcum) - алқа тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанның оңтүстік облыстарында бір жылдық түрлері өсіріледі. Тропик аймақтарда көп жылдық өсімдік ретінде өседі. Қазақстанда бұрыштың 1 түрі — қызыл бұрыш (С. annuum) бар. Бұрыш - жылу және ылғал сүйгіш өсімдік. Биіктігі 30 — 130 см, сабағынан жанама сабақшалар шығады. Жапырағы жұптасып орналасқан, жұмыртқа тәрізді тықыр немесе түкті келеді. Маусым — шілдеде гүлдейді, гүлдері жалқы немесе жұптасқан, түсі ақ сары, күлгін түсті. Бұрыш тұқымынан алынған көшеттерінен өсіріледі. Қазақстанның оңт. аудандарында бұрыштың “астрахандық”, “болгарлық”, “ласточка”, “подарок”, “ротонда”, т.б. сорттары егіледі. Бұрышты тамаққа дәм беруге, маринадтауға, консервілеуге және салаттар жасауға пайдаланады. Бұрыштың аурулары: шірік, вирус, солу. Зиянкестері: жұмыр құрттар, көбелектер, т.б.

Бұрыш (Латын атауы:Capsicum annum) Жемістерінің сұрыбына байланысты әр түрлі пішіні, түсі және көлемдері бар жылу сүйетін өсімдік. Бұрыш Америкадағы ең ежелгі өсірілетін көкөніс деп есептелінеді. Оны, тіпті, бес мың жыл бұрын өсіргенін зерттеушілер анықтады. Бұрыштың шыққан елі- Перу. Жүгерімен, үрме бұршақпен және асқабақпен қатар ол Америкадағы Колумбқа дейінгі негізгі көкөністердің бірі болды. Еуропаға бұрыш Христофор Колумбтың дәрігері алып келді. XVI ғасырдан бастап, бұрыш бүкіл Еуропаға тарады және өзінің орнын жерорта теңізі және балқан асханасында тапты. Сонымен қатар, бұрыш - бұл венгрлердің ұлттық көкөнісі және дәмдеуіші. 1912 жылдан бастап, Сковилл межесі - бұрыштың ащылығын бағалауға арналған арнайы меже бар.

Бұрыш – алқа туысына жататын біржылдық бақша өсімдігі. Оның түрі өте көп. Жапырақтары ұзынша келген немесе қысқа табақ тәріздес, жекелей немесе бір түпке жиналып орналасқан, түсі ақшыл жасылдан, қою қара жасыл түске дейін өзгереді. Гүлдері ірі, ақшыл немесе жасыл түсті, түбі сарғыш немесе күлгін болады. Жемісі тұқымды, ортасы бос, қызыл, сары, қызыл-сары, жасыл түсті, түріне қарай пішіні әр түрлі, салмағы 0,25-190 грамм тартады. Бұрыштың Отаны – Америка. Табиғи түрін Американың тропикалық аймақтарында кездестіруге болады. Жер шарының тропикалық және субтропикалық белдеулерінде өсіріледі. Бұрыш – жылусүйгіш өсімдік, оның қалыпты температурасы – 18-25 °C. Тыңайтылған топырақта ғана жақсы өседі. Бірқалыпты суғарып тұрған жөн. Зиянкестері: карадрина, нематодтар т.б. Аурулары: солу, вирустар және т.б. Бұрыш құрамында алкалоид, капсаицин (0,03 % шамасында), қант (8,4 % дейін), ақуыз (1,5 % дейін), С дәрумені (500 мг% дейін), каротин (14 мг%), P, B1, B2 дәрумендері, эфир майы (1,5 %) және майлар (тұқымында 10 %), стероид сапониндері бар.

Бұрыш(Сapsіcum) Жемісі — етжеңді, іші қуыс, көп тұқымды жидек, салмағы 50 — 200 г, түсі қызыл, сары, жасыл, қоңыржасыл, 2 — 4 ұялы болады. Тұқымы дөңгелек, ақсары түсті. Бұрыш дәмдік сапасына қарай ащы, тұщы және жұпарлы сорттарға бөлінеді. Жемісінің құрамындағы капсаицин алкалоиды оған ащы дәм береді. Бұрыш витаминдерге (А, С, т.б.), оның ішінде аскорбин қышқылына өте бай. Жемісінің құрамында белок (тәтті сорттарында 2 - 5, ащы сорттарында 1 - 1,5) болады. Бұрыш жемісінің құрамындағы эфир майлары оған өзіне тән жұпар иіс, дәм береді.

Бұрыштың(Capsicum annum)100 г – 26 ккал С және А дәрумендерінің, сондай-ақ бета-каротиннің бай көзі. Жасыл бұрыштың құрамында С дәрумені көп, ал сары мен жасылында - бета-каротин көбірек

4 – топ. Картоп

Картоп. Картоптың құрамында: C, B1, B2, B6, B9, PP, K дәрумендерінің бай көзі, кальций, темір, магний, натрий және фосфор бар. Ал ең басым бөлігін 75% - су құрайды. Картоп ең қолжетімді тауарлардың бірі болып табылады. Оны кез келген уақытта сатып алуға болады, ешқандай арнайы шаралар керек емес, тек құрғақ жерде сақтау керек.

Картоптың құрамындағы кальций және калий біздің ағзамызда ас тұзының зиянды әсерін бейтараптандырады. Өз кезегінде, магний жүректі нығайтады, оның арқасында біз кез келген күйзелісті бастан жақсы өткереміз, сондықтан картопты күйзеліске бой беретін адамдардың қолдануына кеңес беріледі. Оның құрамындағы балластық зат асқазан-ішек жолының жұмысына пайдалы әсер етеді. Фосфор біздің тістерімізге және қызыл иекке пайдалы әсер етеді, сондай-ақ өсу процестеріне қатысады, сондықтан ол жас балаларға өте пайдалы. Темір иммунитеттің ұлғаюына әсер етіп, нашар көңіл-күйді болдырмайды.
Картоптың ағзаңызға берер пайдасын біліп алдыңыз деген ойдамыз. Ал, картоптың зияны қандай? Әдетте, салмақ тастағысы, азғысы келетіндер өзін картоп жеуден шектеп тастайды. Бұл да дұрыс! Картоптың зияндылығы – оның құрамында көмірсулар мен жасұнықтың көп болуында. Бұлар өз кезегінде адам ағзасында қанттың мөлшерін көбейтіп жібереді. Дұрысы, картоп тағамдарын дұрыс дайындай білуді үйрену керек. Картопты қуырғаннан гөрі, қабығымен бірге қайнатып жегеніңіз және қуырылған картоптан аулақ болғаныңыз өзіңіз үшін пайдалы болмақ.
Картоптан жасалатын бет терісіне арналған маскалар мен картоптан түрлі дәмді тағамдар жасаудан хабардар боларсыз. Мұнан басқа картопты үй тұрмысында ем-дом ретінде пайдалануға да болады екен.

ІV. Бекіту.

«Кім жүйрік» ойыны.

1. Баклажан қандай өсімдік?

Жауабы: Баклажан – көпжылдық алқалар тұқымдасына жататын шөптектес, жылу және ылғал сүйетін тағамдық өсімдік.

2. Баклажанның жемісі қанша уақытта жеуге жарамды болады?

Жауабы:100 күннен асқанда

3. Қызанақ қандай өсімдік?

Жауабы:Қызанақ – жемісі жеуге жарамды, біржылдық немесе екіжылдық шөптесін өсімдік.

4. Бұрыш қандай өсімдік?

Жауабы: алқа тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік.

5. Картоп құрамында қандай дәрумендер болады?

Жауабы: C, B1, B2, B6, B9, PP, K дәрумендерінің бай көзі, кальций, темір, магний, натрий және фосфор бар

6. Алқа тұқымдасының гүлінің формуласы?

Жауабы: Т(5) К(5) А5 Ж(2)

V. Бағалау.

VI. Үй тапсырмасы. §43. Алқа тұқымдасы тақырыбын оқып, мазмұндау. 103, 104 суретті салып келу. 146 бетте берілген кестені толтыру.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Ал?а т??ымдасы ?сімдіктеріні? г?лдері мен жемістеріні? ??рылысы

Автор: Ке?ес Назерке

Дата: 30.03.2016

Номер свидетельства: 312423


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства