Просмотр содержимого документа
«"?ріпті ?рнек" ?айталау 1- сынып »
Математика
С\тақырыбы: Әріпті өрнектерді.Қайталау.
с\мақсаты: әріпті өрнек және оның мәнін табу туралы түсініктерді қалыптастыру.Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін пысықтап, қайталауға арналған есептер шығару. Оқушылардың білім деңгейін тексеру, алған білімдерін тиянақтау.
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау, есептеу қабілеттерін
дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды тапқырлыққа, жылдам ойлауға, ойын қорыта білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: қысқы олимпиадаойын сабағы.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, ойын,әңгімелеу
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар,оқулық,дәптер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылардың оқу құралдарын түгелдеу.
2. Психологиялық дайындық.
3. Оқушылардың қызығушылығын ояту.
ІІ. Жаңа сабақ:
Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар! 1 «Ә» сыныбы.Математика пәні.Бастауыш сынып мұғалімі:Жұмасаева Бибігүл Сағындыққызы. Сабақтың тақырыбы: Әріпті өрнектерді қайталау.Мақсаты: бүгінгі алған білімдеріңді алдағы өмірлерінде пайдалану.
Ең бірінші сабағымызды бастамас бұрын мына сөзжұмбақты шешіп алайық.Өрнектерді шешіп,үстіңгі әріптерді мына кестелерде соның жауабы бар.Соған қоясыңдар.Сонда сөз шығады.
1+3=4 2+3=5 5+3=8
7+3=10 4+3=7 0+3=3
3+3=6 6+3=9 8+3=11
11
8
4
6
7
9
5
3
10
о
л
и
м
п
и
а
д
а
-Дұрыс!
Жақында осы олимпиада ойындары қай елде болды?
2014 жылы Сочи олимпиадасы қалай ағылшынша аударылады?\ағылшынша айтады\.
-Дұрыс, балалар!
Қысқы олимпиада ойына қош келіпсіздер.Алғашқы олимпиада ойындары 1896 жылы сәуір айының 6-15 аралығында Афинада өтіп, оған 13 елден 311 спортшы қатысты. 1925 жылы спорттың қысқы түрлерінен олимпиядалық ойындарды өткізу туралы шешім қабылданды. Ақ олимпиадаға да биыл 90 жыл толады.7 ақпанда Ресей елінде Сочи қаласында өтетін ХХІІ ақ олимпиаданың алауы тұтанып, туы көтерілді.
«Шаңғы тебу»ойыны.\ауызша жұмыс. Әр топтан бір –бір оқушыдан келіп, есепті шығарады.Есепті дұрыс шығарған топ шаңғы мен сырғанай бастайды.Есепті дұрыс шығармаған оқушы орында қалады.\ұпай \
алмайды.
С\қорытындысы: Ең соңында әр мектеп өз балаларын бағалайды. Үйге тапсырма береді150бет №4
2022жылы қысқы олимпиадаға біздің спортшыларымыз яғни оқушыларымыз қатысуға дайын. Өте тамаша!
Балалар біз бүгін сабақта не істедік? Сендерге сабақ ұнады ма? Қандай қысқы ойындарды ойнадық?Әр мектептен сабақтың қалай өткенін сұрау.Әр мектеп өз пікірлерін айтады.Оқушыларға келешекте сәтілік тілеп, қоштасу.