А) Психологиялық дайындық. 2 минут. | 1. «Тыныштық сәті» 2. Сабақ басындағы көңіл – күйлерін күлегештер арқылы көрсетеді. | 1. Оқушылар мұғалімнің шынайы сөздерін тыңдап, тыныштық сәтін орнатады. 2. Өз көңіл – күйлерін айтады. |
Ә) Өткен сабақты еске түсіру. 5 минут. | Тыңдалым. Сұраққа – жауап: 1. 1.Әскербектің әтеші туралы ауылдастары не дейді? 2.Әскербек әтешін «көз тигеннен» қалай емдеп алмақшы болды? 3.Амангелді Әскербек досына тағы қандай ақыл айтты? 4.Әкесі бұрынғы ойынан неге қайтып қалды? 5.Соңғы сөйлемді оқығанда қандай қорытындыға келдің? | Оқушылар мәтіннен түсінгенін әңгімелеп, сұрақтарға жауап береді. |
ІІ. Тұсау кесер (Жаңа сабақтың тақырыбын ашу) 5 минут | Қызығушылықты ояту. 5 минут. - Жұмбақ шешу. (Бал –мұз - дақ). Ұнатары баланың – Балдай тәтті тағаммын. Ортаңғы буын алынса, Сүйеніш боп қаламын. - Жаңа сабақты және тақырыптың мақсатын хабарлайды. Ермек Өтетілеуұлы – балаларға арнап көптеген әңгімелер, өлеңдер жазған жазушы. Оның «Өсіп келе жатырмыз» деген өлеңдер жинағы, «Жанашыр» деген әңгімелер жинағы, т.б. кітаптары бар. - Әскербектің әкесі: «Кішкене жүрегіңнің дарқан мейірімінен айналайын!» - деп неге айтты? Оны әңгімені оқу арқылы білейік. | Жұмбақтың шешуін табады. Балалар өз пікірлерін айтады. Шешуі: Балмұздақ пен балдақ. Автор туралы білгендерін айтады. Балдырған журналындағы оқыған әңгімелерін еске түсіреді. |
Мағынаны ашу. | Дәптермен жұмыс: Күннің жады. Балмұздақ Оқулықпен жұмыс. Болжау стратегиясы. Мәтінді бөліктерге бөліп, әрі қарай не болғаны болжанады, сәйкестендіріледі. 1. Мирас екі ақша ұстап алды. Әрі қарай не болды? 2.Кім ақшаны қайтармай кетті деп ойлайсыңдар? 3. Жұбы жазылмай жүрген балаларға бейтаныс ағай неге келді деп ойлайсыңдар? 4. Балалар шынымен ақша тауып алған ба еді? 5. Кезек Мирасқа келді. Ол не деуі мүмкін? 6. Балақай, Мирастың балмұздақтан неліктен безгенін, мүмкін сен айтарсың?.. - Бес жолды өлең: Балмұздақ (1-нұсқа) Лотерея (2-нұсқа) Жуан және жіңішке сұрақтар: 1. Балалар не тауып алды? 2. Мирас не істеді? 3. Бейтаныс ағай оларға қалай рақмет айтты? 4.Мирас балмұздақты жеуден неге бас тартты? - - Әңгімені өз ойыңмен аяқта. | Дәптермен жұмыс жүргізеді. Мәтін бөліктерін өз беттерін болжап жауап береді, мұғалімнің толықтыруын тыңдайды.Оқушылар мәтінмен жеке, жұпта, топта жұмыс жасайды. Оқушылар диалогтік әдіс арқылы сұрақтарға жауап бере отырып, жаңа тақырыпты пысықтайды. Бес жолды өлең құрастырады. Күтілетін жауап: Не? Балмұздақ Қандай? Тәтті, салқын Не істейді? Ериді, желінеді, жұғады. Сөйлем: Ағай бізге балмұздақ әперді. Синоним: Тағам Не? Лотерея Қандай? Көк, құнды Не істейді? ойналады, жеңеді, жеңіледі. Сөйлем: Менің әкем лотерея ойнады. Синоним: Ұтыс Жуан және жіңішке сұрақтарға жауап береді. |