Сабаққа негізделген оқу мақсаты | Кенді пайдалы қазбалардың түрлерімен таныстыру, олардың адамға тигізетін пайдасы мен зиянын түсіндіру. Пайдалы қазбалардың кен орындары, шартты белгілері, өндіру әдісі жайлы түсінік беру. Қазақстанда жер қойнауын зерттеген ғалым, академик Қ. И. Сәтбаев туралы әңгімелеу, Оқушыларды пайдалы қазбалар түрлерін ажырата білуге баулу, логикалық ой - өрісін дамыту, ізденушілік қабілеттерін арттыру. |
Сабақтың басы: 10мин | Әрбір сабақ Үйрену, ұғу, іздену, көп ғибрат алатын Әрбір ісім Тірлік, бірлік, адалдық пен шыншылдық Әрбір күнім Білімге зейін салатын. Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. Үстелде жатқан пайдалы қазбалардың шарттарын/ темір, алтын алюминий / бір-бірден алып үш топ құрады: Оқушылар топтасып өз орындарына барады. | |
Сабақтың ортасы: 25 мин | Жаңа сабақ. Қызығушылықты ояту Кенді пайдалы қазбалар Темір Қазақстан темір кені қоры жөнінен ТМД бойынша Ресей мен Украинадан кейін үшінші орын алады Темір кен орындары көбінесе Солтүстік Қазақстанда, Соколов-Сарыбай кен орындарының маңызы зор. Сарыбай темір кен орнын 1948 жылы үшқыш М.Сургутанов ашты. Ұшақ кен үстінен ұшқанда, темір әсерінен тұсбағар тілінің кенет ауытқығаны ұшқыштың көңілін аударды. Көп ұзамай, өте сирек кездесетін темір кені ашылды. Алюминий Қазақстанда алюминийдің негізгі шикізаты боксит. Негізгі кен орындары Лисаковск маңы. Қазақстан алюминий ондіру жөнінен ТМД елдері арасында алдыңғы орындардың бірін алады. Алтын Қазақстанда 190 алтын кен орны бар. Алтын еліміздің шығысындағы Алтайда, Қалба жотасы шеңберінде өндіріледі. Жоңғар және Іле Алатауларында да бар. Тапcырмалар
1. Адамдардың үй салғанын бақыладың ба? Қандай құрылыс материалдарын пайдаланғанын көрдің? (құм, саз, тас, әк) 2. Тамақ пісіру, үй жылыту, фабрика, зауыт, электр станциялары жұмыс істеу үшін жұмсалатын қандай отын түрлерін білесіңдер? (тас көмір, мұнай, газ) 3. үй жиһаздары, түрлі машиналар, ұшақ, кеме, темір жол, көпір салу үшін қандай материалдар пайдаланылады? (мыс, темір, қорғасын, алюминий)
Осының бәрі қосылып, пайдалы қазбаларды құрайды.(Пайдалы қазбаларға анықтама беріп өтіледі) Пайдалы қазба деген не?( Табиғи күйінде немесе жер қойнауында кездесетін табиғи минералдық заттар) Мағынаны тану . Кенді пайдалы қазбаларға құрамында металл кездесетін тау жыныстары жатады. Оларды өңдеу арқылы темір, мыс, қорғасын, алюминий, алтын, күміс, мырыш және тағы басқа металдар алынады. Кенді пайдалы қазбалар, әсіресе, Орталық Қазақстанда көп шоғырланған. Ондағы Жезқазған және Қоңырат мыс кен орындары әлемге әйгілі - Пайдалы қазбаларды кімдер зерттейді? - Геологтар - Қазақтың тұңғыш геологі кім еді? - Қаныш Имантайұлы Сәтбаев (түсіндіру) Қазақстанның картасынан пайдалы қазбалар қоры көп өндірілетін орындарды көрсету. Тас көмір - Қарағанды, Екібастұз Мұнай - Атырау, Ақтау, Орал өңірінде Газ - Ақтау, Орал облыстарында Алюминий – Арқалықта Мыс кені – Жезқазғанда Ас тұзы - Қызылорда, Павлодар, Алматы өңірінде Темір кені - Қостанай өңірінде Фосфорит - Ақтөбе, Тараз өңірлерінде Біз осындай тамаша пайдалы қазбаларымыз арқылы мақтана аламыз және мақтаныш сезіммен « Менделеев кестесіндегі 105 элементтің 99 - ы біздің еліміздің кен қойнауында бар. Қазақстанда мұнай мен газдың елеулі қоры бар, жыл сайын мұнда 32 млн. тонна мұнай өндіріліп отырады екен» Пайдалы қазбалардың шартты белгісімен таныстыру Сергіту сәті Әуенмен би Дәптермен жұмыс Сарамандық жұмыс Пайдалы қазбалардың түрлерін жаздырту | кесте |
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? Барлық оқушылар: Кенді пайдалы қазбалардың түрлерімен таныс Оқушылардың басым бөлігі: олардың адамға тигізетін пайдасы мен зиянын түсінКейбір оқушылар: Оқушыларды пайдалы қазбалар түрлерін ажырата | Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспар лап отырсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау |