kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Өзін-өзі тану. Табиғат - әсемдік әлемі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мұғалімдерге сабақ үлгісін қолдануға ұсынамын.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Өзін-өзі тану. Табиғат - әсемдік әлемі»

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп № 1 мектеп-гимназия Мерзiм 27.07.2016 ж № 28

Тақырып: Табиғат – әсемдік әлемі

Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер: сұлулық, мейірімділік, қамқорлық

Мұғалiм: Абилкасимова А.Н.Cынып: 2 Оқушылар саны: 20


Сабақ мақсаты: Табиғатпен үйлесімділікте өмір сүру туралы түсініктерін кеңейтіп, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:

1. Білімділік: табиғат сұлулығының мәнін түсіндіру

2.Дамытушылық: табиғаттағы тірі ағзаларға деген мейрімділік сезімдерін дамыту
3. Тәрбиелік: табиғатты аялауға, қамқор болуға тәрбиелеу

Ресурстар:

Интербелсенді тақта, электронды оқулық, бейнеролик, плакат, бояулар

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі


Тыныштық сәті. №4 «Орманға ойша саяхат» 3мин.


  1. Үй тапсырмасын тексеру. 5 мин.

Дәптердегі тапсырманы орындау.Дастарқанға қонаққа ұсынатын тағамдардың суреттерін салыңдар.

- Бұл дастарқанға кімдерді қонаққа шақырар едің?




Сабақ барысын талқылау:

Балалармен сәлемдесу. Құралдарын тексеру.



Дәйек сөз.3мин.


  «Жайқалсын жасыл әлем өлкемізде,

Сән түзеп көрік берсін жер бетіне» Рысбай Сәтімбеков


Сұрақ: Жер бетінің көріктенуіне не қажет деп ойлайсыңдар?


Рысбай Сәтімбеков – ұстаз, профессор, биолог-ғалым. Мамандығы биолог болғанымен, ол әдебиетке жақын болған. Өлең, мақала жазған.



Дәйек сөз тақтаға жазылады. 2 рет ұлдарға, 2 ретқыздарға айтқызу. Барлығы бірге айту. Дәптерге жазу. Мағынасын ашу.


  1. Әңгiмелеу 11мин.

Автор туралы мәлімет. Балтабай Әділов – Алматы облысы, Қастек ауылында дүниеге келген. Театр және кино актері. Көптеген рөлдерді сомдады. «Жүрегім ашық жақсыға» атты кітаптың авторы.



«Табиғат сәні»

Балтабай Әділов

   Таң атты. Барлық жан-жануарлар ұйқыдан оянды. Қартайғандікі ме, аң патшасы Арыстан кешеуілдеп тұрды. Керілді, созылды. Айналаға көз салды. Дала жайнап тұр екен. Көңілденіп сала берді.

-Жар салдыр, дейді Жолбарысқа. – Аң біткен жиналсын!

Арыстан үйшігінің алдына аң біткен шүпірлеп толып кетті.

-Бәріңе бір сұрақ беремін,- деді Арыстан, жиналғандарға  жағалай қарап алып. – Табиғат сәні неде?

- Жасыл желек -дедіАқбөкен.

-Тоғай- деді Қоян.

- Тау мен тас –деді Арқар.

-Дала, - деді Қасқыр.

- Орман, - деді Түлкі.

- Су, - деді Бұғы.

- Жер, - деді Піл.

- Тас, - деді Аю.

- Көкжиек,- деді Керік.

- Шөп, -деді Борсық.

- Күн, - деді Қодас.

- Құс, - деді Саршұнақ.

Аңдар айтып біттік дегендей, іркіліп қалды. Арыстан оқты көзін үнсіз отырған елікке қадады.

-Сен неге үндемейсің? Елік лып етіп орнынан тұрды да, Арыстанның алдына келіп:

- Тақсыр! Мен айтатын ештеңе қалған жоқ. Меніңше, Табиғат сәні-осы  айтылғандардың  бәрі. Солардың бәрін  қоссақ, табиғаттың сәні шығады.

Еліктің  сөзіне бәрі қол соғып, риза болды. Аңдар көңілді тарасты.


Сұрақтар:

1. Арыстан аңдарды не себепті жинады?

2. Аңдардың жауаптары неге әр түрлі болды?

3. Еліктің табиғат сұлулығына берген бағасы қандай?

4.Қалай ойлайсың, табиғаттың сәні неде?

Бейнеролик«Табиғат – адамзатқа аманат»3мин.

Сұрақ: -Осы табиғатты қалай сақтай аламыз?1мин











Мәтінді мұғалімнің оқуы.















Мазмұны бойынша сұрақтар қойылады.



Рөлге бөліп оқу.











Бейнеролик тамашалау.


  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. 8мин.


1топ. (5 бала)Түсіп қалған сөздерді қойып, өлеңді толықтыр.

 

1.Табиғат ол анамыз,

Табиғатқа баламыз

............... ойнаймыз,

..........          саламыз.

 

2.Жазда аралап тауында,                                        

  ............       шомылып,

  ..........     жауында,

Барамыз біз бауына.

         

2-топ. (5 бала)Бурабай өлкесі бейнеленген мозайканы құрастыру.

3-топ (5 бала), 4 топ(5 бала) «Мен табиғатты қалай қорғар едім?» тақырыбына жоба жасау. (көлік, зат т.б.)

Әр топ өз жұмысын ортаға шығып қорғайды. Пікір алмасады.


Дәптермен жұмыс.3мин.

  • Суретші қандай аңдардың суретін салғысы келген?

  • Сол аңдардың ең үлкені қайсы аң деп ойлайсың?


Дәптерде берілген суреттің тиісті бөлігін бояйды.



Қима қағаздар таратылады.



Мозайка, плакат, бояулар беріледі.















  1. Үй тапсырмасы.2мин.

«Табиғат» сөзіне сөзжұмбақ құрастырып келу.



  1. Топпен ән айту.3мин.

«Көктем келді»


Сөзі мен әні: Б.Бейсенова


Көктем келді, көктем келді сағынта,

Бүршік атты алма ағаштар бағымда,

Біздің үйге ұя салды, алақай!

Былтыр кеткен қарлығаштар тағы да.


Қ-сы:

Дала гүлге оранады

Түрлі түске боянады.

Нұрлы көктем келген кезде

Табиғат та оянады.


Көктем келді, көктем келді далама,

Қуанып жүр адамдар да, бала да,

Қарымыз еріп, жылғалардан су ағып,

Үйрек-қаздар жайылып жүр далада.






Электронды оқулық, 2-сынып, 4-тарау.


Әнді барлық оқушылар бірге орындайды.

7. Соңғы тыныштық сәтi. Баяу әуен қосылады. (3мин)

- Қазір көзімізді жұмайық,бүгінгі сабақты ойша еске түсірейік. Айтылған барлық жақсы ойларды, табиғатқа деген сүйіспеншілігімізді жүрегіміздің түбіне орнықтырайық!

- Енді көздеріңді жайлап ашыңдар. Сабағымыз аяқталды. Белсенді қатысқандарыңа рахмет!

Сабақты қорытындылау.































«Өрлеу біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы

«Ақмола облысы бойынша ПҚБАИ»









Өзін-өзі тану пәні


«Табиғат – әсемдік әлемі»


2- сынып








Дайындаған: Абилкасимова А.Н











Щучинск, 2016 ж


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Өзін-өзі тану. Табиғат - әсемдік әлемі

Автор: Абилкасимова Аякоз Нарботаевна

Дата: 12.11.2016

Номер свидетельства: 358154

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) "Табиғат –әсемдік әлемі"
    ["seo_title"] => string(22) "tabig_at_siemdik_liemi"
    ["file_id"] => string(6) "355197"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1478238109"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) ""Таби?ат?а ?ам?ормын""
    ["seo_title"] => string(18) "tabigatkakamkormyn"
    ["file_id"] => string(6) "287722"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454518035"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) "Таби?ат- ?семдік ?лемі. "
    ["seo_title"] => string(22) "tabig-at-siemdik-liemi"
    ["file_id"] => string(6) "175470"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424272759"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) "Таби?ат ?ажаптары "
    ["seo_title"] => string(20) "tabig-at-g-azhaptary"
    ["file_id"] => string(6) "139689"
    ["category_seo"] => string(3) "izo"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1417778711"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(112) "Конспект к внеклассному мероприятию "Таби?атым - тал бесігім" "
    ["seo_title"] => string(65) "konspiekt-k-vnieklassnomu-mieropriiatiiu-tabig-atym-tal-biesighim"
    ["file_id"] => string(6) "204278"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1429628957"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства