Сабақтың мазмұны: | Ресурстар: |
Сабақтың мақсаты: Ақиқат құндылығы рухани-адагершіліктің бастауы екендігі туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері: Білімділік: - тек шындықты айтуды үйрету; Дымытушылық; - басқалардан жақсыны көре білуге баулу; Тәрбиелік: - оптимистікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу. | Оқулық, дәптер стикер, видеопроектор дискілер, бояуышар, плакат |
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі: 5 «Т» ережесі Тәртіп, Тыныштық, Тазалық, Татулықты Талап сақтауға шақыру. Тыныштық сәті: Жағымды көңіл-күйге ену «Су асты патшалығына саяхатқа » шығамыз. Мұғалім: Арқамызды тік ұстап отырамыз. Аяқ-қолымызды айқастыр маймыз, қолымызды партаның үстіне қоямыз. Көзіңізді жұмып терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз «Су асты патшалығына саяхат»-қа барамыз. Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғай дан қара нүкте көріп тұрсыз; жақындай түскенде оның дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне саяхатқа шақырады. Ол өте әдепті жануар, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы қаншама орасан зор балықтар. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық,толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз. (Мұғалім бірне ше минут үнсіз қалады). Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.Сыныпқа оралыңыз, өз орныңызға келіңіз. Осы тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз, көзіңізді жаймен ашыңыз, күлімсіреңіз. Рахмет! 2. Үй тапсырмасын тексеру. - Жазғы демалысты қалай өткіздің? Әңгімелеп бер. | |
4. Әңгімелеу. «Таза бұлақ» Ыбырай Алтынсарин Үш жолаушы қандай бұлаққа кезікті ? Бұлақ басындағы таста қандай жазу бар? Бірінші жолаушы сөздің мағынасын қалай түсінді? Ал екінші жолаушы қалай түсінді? Өзің мәтіндегі «көңіліңді, бойыңды осы бұлақтай таза сақта» дегенді қалай түсінесің? | |
5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. 1 – тапсырма: «Ақиқат» сөзінің әрбір әрпінен басталатын адамгершілік қасиеттерді тауып жазыңдар. А... (адалдық) Қ... (қамқор) И... (инабатты) Қ... ( қайсар ) А... (ақылды ) Т... ( талапты ) 2 – тапсырма: «Әдеп» Ыбырай Алтынсарин мәтінін оқып, Адамның әдепті істерін тізбелеп дәптерге жазу Мұжықтың әкіммен иіліп сәлемдесуі; Әкімнің кішпейілділігі, әдептілігі оданда қатты иіліп сәлемдесуі. Ақиқат, Сүйіспеншілік, Дұрыс әрекет, Ішкі тыныштық, Қиянат жасамау - барлық адам баласын біріктіретін, бейбітшілік пен келісімде өмір сүруге көмектесетін жалпыадамзаттық құндылық -тар. Жалпыадамзаттық құндылықтар уақытқа тәуелсіз. Жақсы қасиеттерді тек жақсы іс-әрекеттер жасау арқылы ғана дамыта аласың. Адам үнемі өзін жақсылыққа, ізгілікке жетелуі керек. | |
6. Топпен өлең айту. Айгөйлек Сөзі: Нығмет Баймұхамедов Әні: Бақытжан Байқадамов Көлдей шалқып жас өмір, Асыл сөздің ұстазы– Тасып жатқан шағында, Ақын болар ұрпақпыз. Кемерінен шалықтап Өнер, білім, еңбекке Асып жатқан шағында. Жақын болар ұрпақпыз. Ойын ойнап, ән салмай, Он саусағы майысқан Өсер бала болар ма? Шебер болар ұрпақпыз. Күміс күлкі көрмей ол, Тұла бойы толған бір Кемеліне толар ма?! Өнер болар ұрпақпыз! Қайырмасы: Айгөлек-ау, айгөлек, Айдың жүзі дөңгелек. Айгөлек деп ән шырқа, Ел бөбегі, кел бөбек! | |
7. Үй тапсырмасы. 1.Келесі сабақ: Мұзафар Әлімбаев «Әдептілік әліппесі» жаттап келу. | |
8. Соңғы тыныштық сәті. Баяу музыка қойылады. Ақиқат, ақиқат, ақиқат бар жерде, Ақиқат, ақиқат, ақиқат бүкіл әлемде. Бүгінгі сабақта алған жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, жүректеріңізге түйіп алыңыздар. | |