Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі 5Т –ны сақтау. Тәртіп Талап Тыныштық Тазалық Татулық Тыныштық сәті: (Нұрға бөлену) Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет. 2. Үй тапсырмасын тексеру: 13-сабақ 67-70-бет «Мақтаншақ жолбарыс» ертегісін оқу. Мәтін бойынша 3 сұрақ: 1.Бұлбұл неліктен бақтан ұшып кетті? 2.Жолбарыстың мұңаюының себебі неде? 3..Жолбарысқа көмек берген кімдер? Құндылық бойынша 3 сұрақ: 1.Жобарыс бұлбұлдан не үшін кешірім сұрады? 2.Кешірімді болу әр адамның қолынан келеді ме? 3.Өзара тіл табысу қандай сезімге бөлейді? 3. Дәйексөз . «Қыл өтпестей татулықты бір ашуға сатпайық» М .Әуезов 2 рет ұлдарға, 2 рет қыздарға, барлығына 1 рет айтқызамын. Татулық пен ашудың арасындағы айырмашылық неде? 4. Әңгімелесу.Мұғалім сыйы:Ы.Алтынсариннің «Әке мен бала» әңгімесі. 1.Әке мен бала қайдан келе жатты ? 2.Жолдан нені көрді? 3.Бала неліктен тағаны алмады? 1.Әкесі қандай әрекет жасады? 2.Әкенің әрекетінен бала не түйді? 3.Мейірімділік жасаған кездерің болды ма? 5.Дәптермен жұмыс: «Мен кешірім сұрай білемін» айдарымен берілген бос жолдарға өз ойыңды жаз. 6.Шығармашылық жұмыс:(Топтық жұмыс) Оқушыларды 3 топқа бөлу:Татулық,Бірлік,Достық. 1 топ:Татулық қасиет туралы эссе жазу. 2 топ:Қандай қасиеттер адамның жарасымды өмір сүруіне жетелейді? 3топ:Достық деген сөзге 5 жолды өлең құрау. 7.Топпен ән айту: Сөзі: С.Молдасынұлы . Әні: Ұ.Жолдасов Бала тілегі Бал-балалық, балдырған шақ сан арман. Барлық бала армандауға жаралған. Кел достарым,әндетіңдер билеңдер. Гүлденсін деп атамекен қара орман. Болашақтың иесіміз, бәріміз, Туған жердің түрлендірер нәріміз, Алтын бесік ұлан байтақ елімде. Жарқын болсын шырқап айтар әніміз. Қалықтасын көгершіндер көлімде, Мұңаймасын ешбір бала елімде. Ата берген батаменен көркейсін, Ұлы Отаным тілегім сол менің де. . 8. Үй тапсырмасы. 14- сабақ 73-74-беттер «Төле би туралы аңыз» мәтінін оқып келу. 9.Соңғы тыныштық сәті:(Әуен қойылады) -Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады.Бүгінгі сабақтан алған жақсы сөздерді,ойларды жүрегімізде сақтап,көкейімізге түйіп алайық. Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады. |