Просмотр содержимого документа
«Открытый урок "?й жануары"»
Мақсаты: Балаларды төрт түлік малмен және оның төлдерімен таныстыра отырып, сөздік қорларын байыту, дұрыс сөйлеуге үйрету, қойылған сұраққа толық жауап беруге дағдыландыру.
Іс-әрекет кезеңдері.
Ынталандыру. Балаларды жылы жүзбен қарсы алады. Көздеріңнен қуаныш пен шаттық көріп тұрмын. Балалар сендер бір-бірімізге жылы сөздер айтайық.
Күн, сәуле шашқаның үшін рахмет!
Бұлт, жаңбыр сепкенің үшін рахмет!
Аспан, таза ауаң үшін рахмет!
Ағаш, көлеңкең үшін рахмет! Балалар шеңберге тұрып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді, аспан атамен, ағашпен сәлемдеседі.
Іздену-ұйымдастырушы.
Үй жануарларына байланысты жұмбақтар айтып, шешуін сұрайды.
Кішкене ғана бойы бар
Айналдыра киген тоны бар. /Қой/
Екі найзасы бар
Екі айнасы бар
Төрт сылдырмағы бар
Бір шыбыртқысы бар. /Сиыр/
Басында екі таяғы бар
Төрт аяғы бар
Адам емес бірақ
Иегінде сақалы бар. /Ешкі/
Кезікті бір жануар
Үстінде екі тауы бар. /Түйе/
Өзі сұлу, өзі жүйрік
Жарысады желменен. /Жылқы/
Слайд 1 (Балаларға суреттегі қой, сиыр,ешкі, түйе, жылқыны көрсетіп олардың ерекшелігі мен пайдасы жайында айту,
-Балалар, бұлар - үй жануарлары.
Слайд 2 Жылқы – тақ тұяқтылардың тұқымдасы. Жылқыны жүк тасуға, көлік, спорттық ойындарға пайдаланады.
Жылқының азығы – сұлы, арпа, астық тұқымдас шөп.
Жылқы етінің пайдасы зор.
Оның сүтінен дайындалған қымыздың емдік және тағамдық қасиеті күшті.
Жылқыны қалай шақырамыз?
(«Құра-құра» деп шақырамыз.)
Жылқы қалай дыбыстайды. («Ио-ио»)
Түйе – аша тұяқтыларға жатады. Түйенің екі түрі бар: Сыңар өркеш түйе және айыр өркеш түйе.
Түйе жайылым малы.
Түйенің сүті, еті, жүні пайдалы. Сүтінен шұбат, май дайындалады.
Түйені қалай шақырамыз?
(«Көс-көс» деп шақырамыз.)
Түйе қалай дыбыстайды?
(«Бө-бө-ө»)
Сиыр – ол бізге сүт береді, сүтінен май, айран, құрт жасалады. Еті тамақ болады. Сиыр құнарлы шөп жеп, су ішеді.
Сиырды қалай шақырамыз?
(«Аухау-аухау») деп шақырамыз.
Сиыр қалай мөңірейді? («Мө-ө-ө»)
Слайд 3
Балалар, сендерді ата-аналарың қалай еркелетеді? Балалар, малдар да өз төлдерін еркелетеді.
«Малдың баласын сүюі»
Қой сүйеді баласын қоңырым деп,
Ештеңені білмейтін момыным деп.
Сиыр сүйеді баласын торпағым деп
Қараңғыға баспаған қорқағым деп.
Ешкі сүйеді баласын лағым деп
Тастан-тасқа секірген шұнағым деп.
Түйе сүйеді баласын боташым деп
Жәудіреген көзіңнен тоташым деп.
Жылқы сүйеді баласын құлыным деп
Тұлпар болып жүгірер жұрыным деп.
Рефлексивті коррекциялау.
Ойын: «Жануарларды ажырату»
Үй жануарларын атағанда орнынан тұрады, дала жануарларын атағанда шапалақтайды.
Тақтада үй жануарлары ілініп тұрады,оқушылар не істейді деген сұраққа жауап береді.
Карточкада бұзаулайды,құлындайды,лақтайды,қоздайды,боталайды деген сөздер жазылады,оқушылар тиістісін өз орындарына қояды.
Мақсаты: Есте сақтау қабілеттерін, байқампаздық қасиеттерін дамыту. Балалар сендер бүгінгі сабаққа жақсы қатыстыңдар. Сендер өте ақылдысыңдар. Үй жануарларына әрқашан қамқорлық жасап жүріңдер. (Балалар ойынды қызыға ойнайды.)
Күтілетін нәтиже: Үй жануарларын, оларды бір-бірінен ажырата білуді үйренді.
Үй жануарларына деген қамқорлық сезімдері қалыптасты.